Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет140/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
б, 
с, т, а, о, к
 т.б. (біз бұл жерде келтірілген дыбыстарды еркін түрде алып отырмыз ШБ) 
көптеген дараланған дыбыстар орыс тілінде де, қазақ тілінде де және өзге тілдерде де 
бар.  Бұлардың  әр  басқа  тілдердегі  графикалық  бейнелену  ерекшеліктері  де  әр  түрлі 
болуы әбден мүмкін. Бірақ осы әр басқа тілдерде кездесетін бірдей (ұқсас) дыбыстар 
генетикалық тұрғыдан бір ғана дыбыс па, жоқ әр басқа дыбыстар ма? – деген сұрақ 
төңірегінде әңгіме өрбітсек, ғалымдарымыз әр түрлі пікірлер айтады. Көпшілігі дерлік 
ол дыбыстардың (әр басқа тілдердегі бірдей дыбысталатын дыбыстардың) мүлде басқа-
басқа дыбыстар екенін дәлелдеп бағады. Бұған әрқайсысының өзінше уәждері де бар 
сияқты. Бірақ генетикалық тіл білімі қазірде әр басқа туыстық топтарға жатқызылып 
жүрген тілдердегі  ұқсас дыбыстардың пайда болу, даму жолдары бір екендігін көрсетеді 
және бұл тілдік деректер арқылы айқын дәлелденеді. Тіл дыбыстарының жаратылыс 
табиғаты  да,  өзіндік  ерекшеліктері  мен  ұқсастықтары  да  кездейсоқ  емес,  керісінше 
олардың  бәрі  де  жалпы  адамзатқа  ортақ  ғаламтанымдық  сипаттағы  бейнелі  ойлау 
принципіне негізделе отырып жасалғанын көреміз. Мұны айтып отырған себебіміз – 
тіл дыбыстарының жазуда әріптер арқылы бейнелену ерекшеліктері де олардың пайда 
болуының ерекшеліктерімен тікелей байланысты.
Қазірде  баспасөз  беттерінде  кирилл  әліпбиінің  қазақ  сөздерін  (дыбыстарын) 
бейнелеуде  көптеген  қиыншылықтар  келтіріп  отырғаны,  латынға  көшкенде,  осы 
қиындықтардан оңай құтылатынымыз туралы уәждер кездеседі. Ақиқатына көшсек, 
мәселе  әріп  таңбаларында  емес,  әріп  түрлерін  дұрыс  таңдау  мен  жазу  ережелерін 
дұрыс жасай білуде.  Латын әліпбиіне көшу – саяси мәні бар іс, бұл қазіргі жаһандану 


278
дәуірінде еліміздің ғаламдық даму үдерісіне ілесе отырып, рухани-мәдени алаңда да 
алдыңғы қатарға шығу талабынан туындап отыр деп түсінеміз. 
Осы тұрғыдан келгенде, ескеретін тағы бір мәселе – қазіргі ғылымдағы бірқатар 
түсініктерде түркі дүниесін өзге әлемнен ерекшеліп алып, оқшау қарастыру бағыты, 
онда да түркілік өркениеттің жетістіктерін алуан түрде дабырайта айту үрдісі аңға-
рылып  қалады.  Әрине,  түркілік  құндылықтарды  түгендеу  талабы,  түркі  әлемінің 
өзіндік бірегейлігі мен ерекшеліктерін тану мақсаты елдік пен егемендік мұраттарын 
көздейтіні сөзсіз. Бірақ бұл түркілік оқшаулануға немесе түркілік гегомонизмге айна-
лып кетпеуі керек. Мұнда түркі дүниесінің құндылықтары әлемдік өркениеттің, жалпы 
адамзаттық мәдени-рухани құндылықтардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылғаны 
жөн. Бұл, шынына келгенде, түркі дүниесінің ғаламдық өркениеттегі орынын айқындай 
түсуге, жалпы адамзаттық игіліктерді тереңнен тани түсуге әкелер жол болмақ. Бұл 
бағытта генетикалық тіл білімінің де берері мол.
Егер  жазу  таңбаларының  арғы  бастауларын  іздейтін  болсақ,  онда  тағы  да  сол 
жалпы адамзат тіліне, жалпы адамзаттық ғаламтанымдық  ойлау нәтижелері болып 
табылатын  ортақ  тілдік  таңба-нышандық  жүйеге  барып  тірелеміз.  Жалпы  адамзат 
тіршілігіндегі бүгінде жалпы семиотикалық таңбалар деп аталатындардың бәрінің де 
түп негізінде тіл пайда болуына негіз болған таңба-нышандардың бірыңғай жүйесі 
жатыр. Тек тілдік таңбалар табиғатын тану ғана жазу таңбаларының, яки әріптердің 
де, өзге таңба-нышандық элементтердің де  жаратылыс сырын түсіндіре алады.
Біз тілдік таңба-нышандар деп қазіргі ғылымда қалыптасқан түсініктегі «сөз - таңба» 
ұғымын алмаймыз. Тілдегі сөздер – лексикалық бірліктер – тілдік таңбалар бола алмай ды. 
Тілдегі лексикалық бірліктерді тілдік таңбалар деп түсіндіру Ф. де  Соссюр идеялары    нан 
соң мықтап беки түсті де, бүкіл батыстық және орыстық жалпы тіл білімі ғылымының негі-
зіне айналды. Өкінішке қарай, бүгін де, тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр толып отыр-
са да, біздің жалпы тіл білімі ғылымы әлі де сол ескі батыстық түсініктердің шеңберінен 
шыға алмай келеді. Бұған басты себеп – кеңестік дәуірде жалпы тіл білімінің мәселелері 
тек  орыс  тіл  білімі  ауқымында,  марксистік  идеология  талаптарының  шеңберінде  ғана 
қарастырылуы болатын. Қазақ тіл ғылымында жалпы тіл білімі саласында арнайы еңбек 
еткен маман ғалымдарымыз да болған жоқ. Ал ҚР ҒА Тіл білімі институтында жалпы 
тіл білімі бөлімі жоқ. Осы бағыттағы кафедралары бар бірді-екілі ЖОО-дағы білім беру 
жүйесінде  тек  дайын  үлгідегі  бұрынғы  батыстық  қалыптар,  орныққан  көзқарастар  әлі 
күнге дейін қайталанумен келеді. Тіл білімі саласында ақиқатқа сай келмейтін түсініктер 
мен көзқарастар жоғарғы оқу орындарының  оқулықтары мен қазіргі жалпы тіл білімі 
мәселелеріне арналған ғылыми мақала, т.б. еңбектерде жиі кесдеседі. Жоғарыда айтып 
отырған «сөз - таңба» түсінігі солардың тек бірі ғана.
Қазақ тіл біліміндегі тарихи грамматика ғылымы құрылымдық тіл білімі бағытын-
да  дамыды  да,  негізінен,  тарихи  ежелгі  жазба  ескерткіштердің  лексикасы  мен  син-
так сисін тарихи салыстырмалы тұрғыдан зерттеуге еңбек етіп келді. Түрколог ғалым-
дарымыздың  бұл  бағыттағы  табыстарын  жоққа  шығаруға  болмайды.  Бірақ  ежелгі 
және орта ғасырлардағы түркі жазбаларын шұқшия зерделеу бағытын дағы жұмыстар 
қазақ  тіл  білімінде  қазірде  мүлде  тоқтап  қалмағанымен,  өзінің  қай  замандардағы 
актуальдылығын  толық  сақтай  алып  отырған  жоқ.  Бұл  заңды  да,  өйткені  ғылым, 


279
ғылыми бағыттар белгілі бір уақыттар ауқымында өзінің жаңа даму деңгейіне көтеріліп 
отыруы керек. Мұндай өзгеріс болмаған жағдайда ғылым тоқырауға ұшырайды. Та-
рихи-салыстырмалы  тіл  білімінің  табыстарын  мойындай  отырып,  құрылымдық  тіл 
білімі бағытында ғана дамыған тарихи грамматика тілдің философиялық аспектілерін 
зерттеуге  бара алмағанын да, оған тарихи тіл білімінің мүмкіндіктері де жоқ екенін 
түсінуіміз  керек.  Ал,  философиясыз  тіл    ғылымы  бағыт-бағдарсыз  кемемен  бірдей 
–  өзінің  қай  жақтан  шығып  келе  жатқанын  да,  қай  жаққа  бара  жатқанын  да  анық 
бағдарлай алмайды. Осы тұрғыдан келгенде, біз тіл генетикасы ғана адамзат тілінің 
жаратылыс табиғатын толық түсіндіріп бере алады деп білеміз. 
Тіл генетикасы тек тілдің ғана емес, жазудың да жаратылыс табиғатын түсіндіріп 
бере алады дедік, өйткені тіл пайда болуының негізінде жатқан тілдік таңба-нышандық 
жүйе  дегеніміз,  екінші  жағынан  алып  қарасақ,  жазу  әріптерінің  де  негізі  екенін 
көреміз. Бүкіл тілдік танымның негізінде әдетте  тілдік деректер арқылы алуан түрлі 
фонетикалық варианттарда молынан көрінетін «шар-қоршау» бейнесіндегі «Ғалам» 
ұғымын  білдіретін  «УП»  тілдік  негізі    тұрады  десек,  осы  «шар-қоршау»  түріндегі 
(жазықтықта шеңбер түрінде бейнеленеді) бейне-нышан [ ] ең ілкі 
әріп
, яки 
жазу
 
да  болып  табылады.  Төменде  біз  бірқатар  тілдердегі 
жазу,  әріп
  ұғымын  білдіретін 
сөздерді келтіріп отырмыз:
орыс
ағылшын
латын
монг.
көне 
түркі
араб
иврит
жапон


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет