Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТІЛІ –



Pdf көрінісі
бет47/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТІЛІ – 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІ
О. Жұбаева
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 
Грамматика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д.
Тіл – ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі, этномәдени код. Тіл  қоршаған орта ту-
ралы әсерді білдірумен қатар, халықтың зерттеушілік, ізденістік ойларын да сақтайды, 
яғни  тілде  халықтың  этномәдени,  ұжымдық  санасында  қалыптасқан  ғалам  бейнесі 
көрінісін табады. Кез келген ұлттық мәдениеттің семантикалық жүйесі, негізгі коды 
–  этникалық  тіл  болып  табылады.  Белгілі  бір  кезеңде  тілде  көрініс  тапқан  болмыс 
туралы  түсініктерде  зерттеу  халықтың  ойлау  жүйесін  айқындап,  ғалам  бейнесінің 
қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ғалам тілде көрініс тапқанда, адам санасындағы 
бейнесі, ұлттық ерекшеліктері де айқын көрінеді, сол себепті әр халықтың өзіне ғана 
тән бейнесі болады. 
Ғалам туралы, оның құрылымы туралы жалпы түсінік тілдік бірліктердің лексикалық 
және грамматикалық категорияларында көрінеді. Тілдік тұрғыдан ерекше маңызды бо-
латын мағыналар грамматикада айқын көрініс табады. Адам психикасы үшін ерекше 
маңызды болатын концептілер грамматикада бейнеленген. Сол себепті грамматикалық 
категоризация концептуалды қабат түзуін лексикалық бірліктер арқылы көрініс тапқан 
концептуалды материалды айқындауға мүмкіндік береді. Грамматика концептуалды 
жүйенің ең маңызды бөліктерін көрсетеді, грамматикалық категориялар категориал-
ды мәндердің ерекше деңгейлерінің репрезентациялану, объективтену құралы болып 
табылады. Ғаламның тілдегі бейнесі әмбебап әрі ұлттық сипатқа ие. Барлық тілде де 
жіктеу есімдіктері бар, барлық тілде де етістік, сан есім т.с.с. бар. Ол бүкіл адамзатқа 
тән. Ақиқат дүниені тану үдерісінде дүниетанымдық білім арқылы жалпыадамзатық 
сана  қалыптасады.  Жалпыадамзаттық  сана  әлемдегі  барлық  халыққа  ортақ  бола-
ды.  Алайда  тіл  –  қарым-қатынас  құралы  ғана  емес,  әр  ұлттың  ұлттық  болмысын, 
дүниетанымын,  ойлау  жүйесін  сипаттайтын  жалпыадамзаттық  құндылық.  Демек, 
тілден жалпыадамзаттық құндылықтармен бірге ұлттық дүниетанымдық ерекшеліктер 
де  көрініс  тауып  отырады.  Ұлттық  мәдениеттің  семантикалық  жүйесі,  негізгі  коды 
–  этникалық  тіл  болып  табылады.  Тіл  –  сөйлеушінің  дүниетаным  ерекшеліктерін 
бейнелейтін құрал, ерекше ұлттық ділдің көрсеткіші, мәдениеттің негізі.
Сан ғасыр жинақталған білім қоры салт-дәстүр, дағды біліктер, ойлау ерекшеліктері, 
дүниетаным  белгілі  бір  этникалық  мәдени  қауымдастыққа  тән  сипат  алады.  Әр 
тілдің болмысты қабылдайтын өзіндік тәсілдері болады, онда ұжымдық философия 
көрініс  тауып,  тілде  ғаламның  ғылыми  бейнесінен  бөлек  бейнесі  түзіледі.  Нысан-
дарды қабылдау тәсілдері әртүрлі болуына байланысты оның нәтижелері де әртүрлі 


105
болады. Морфологиялық концептуалдау жолдары мен тәсілдері тілдің онтологиясы-
на байланысты болады. Себебі морфология тілдік репрезентация заңдылықтарының 
концептуалдану  құралы  болып  табылады,  ол  синтаксиспен  бірлікте  тілдің  ішкі 
мәні  мен  қолданыс  ерекшеліктерін  айқындайды.  Морфологиялық  жолмен  берілетін 
концептілер жалпыұлттық деңгейде қалыпқа түседі. Морфологиялық жолмен берілетін 
концептілердің  мазмұны  барынша  жалпылық  сипатқа  ие.  Ол  морфологиялық  және 
лексика-грамматикалық мағыналарға негіз болып, семантика мен синтаксистің байла-
нысын айқындауда маңызды қызмет атқарады.
Морфологиялық жолмен берілетін концептілер бірігіп, морфологияның концептуал-
ды кеңістігін құрайды, ол тілдегі морфологиялық репрезентацияның когнитивті негізі 
болып табылады. Олар морфологиялық категориялар түзіп, морфологиялық тұлғаларды 
мағынаны  айқындай  отырып,  категориялар  мен  топтарға  жіктейді.  Морфологиялық 
концептуалдану  және  категориялану  сияқты  танымдық  үдерістерді  жүзеге  асы-
ра  отырып,  концептуалды  мазмұнға  ие  болып,  әр  тілде  өзінше  көрініс  табады.  Тіл 
жүйесіне  бағытталып,  ғалам  туралы  білімдердің  тілде  көріну  тәсілдерін  бейнелейтін 
грамматикалық  концептілер  лексикалық  жолмен  берілетін  концептілерге  қарағанда, 
біршама тұрақты болып келеді. Сол себепті грамматикалық концептілер жалпыұлттық 
деңгейде стандарттауға бейім болады. Морфологиялық категориялардың бұл ерекшелігін 
Қ.Жұбанов та атап көрсетеді: «Тіл өзгереді, бірақ барлық саласы бір қалыпта өзгермейді. 
Грамматика құрылысы өте шабан өзгереді. Тоқтамай калейдоскоп сияқты өзгерсе, грам-
матика да болмас еді. Демек, грамматика дегеніміз – тілдің бір қалпының белгілі уақыт 
ішінде тұрақтауы, орнығуы. Осы арқылы ол дыбыс құрылысының өзгеруіне де кедергі 
болады. Сондықтан сөздер ұзақ замандар бойы дыбыс құрылысы жағынан бір-бірінен 
алыстап кетпейді.  Бұдан олардың ұластығы байқалады» [1, 258].
Көне  түркі  ескерткіштерінің  тілін  зерделеу  нәтижесінде  VII  ғасырдың  өзінде-
ақ  тілдегі  категориялар  әбден  қалыптасып,  тұрақтанып  қалғанын  байқауға  болады. 
Көне түркі жазба ескерткіштері сол кезде таңбаланған тілдің дамыған, қалыптанған, 
жүйеленіп, бірізге түскенінен хабардар етеді. Зерттеушілер көне түркі тіліндегі табыс 
септігінің қосымшасы жазба ескерткіштер жазылғаннан көп бұрын-ақ грамматикалық 
форма ретінде қалыптасып қойғанын ескертеді [2, 8-12]. 
Түркі  тілдерінде,  оның  ішінде  қазақ  тілінде  ғалымдар  жіктік  жалғауының  шығу 
төркінін  жіктеу  есімдіктерімен  байланыстырады.  Мәселен,  А.Байтұрсынұлы  жіктік 
жалғауларының жіктеу есімдіктерінен шыққанын айтады [3]. Яғни жіктік жалғаулары 
мен‚  сен,  ол
  жіктеу  есімдіктерінен  шыққан.  Соған  байланысты  І‚  ІІ  жақ  жіктеу 
есімдіктері мен етістік әрдайым қиыса байланысады. Әрі жіктеу есімдіктері етістіктен 
(есім сөзден) кейін келіп, өзара қиыса байланысқан. Кейін қосымшаға айналып кеткен. 
Субъектілі-предикатты қатынасты білдіретін негіз + І жақ жіктеу есімдігі түріндегі 
құрылымдар көне түркі жазба ескерткіштерінде молынан кездеседі: 
k[adyr] jagyda jagyčy bän täzig käjikdä alp bän
 (E 44, 6).
kyrkyz ogly män
 (S. 2). 
bälä tugma ärdi ogly bän
 (E 15, 2). 
bilgä kagan atysy jolyg tigin män... 
(Mh, X, l). 
bu atymyz umay bäg biz
 (E 28, 3). 
biz az biz
 (О, 8). 


106
tänsi män
 (IB, 1). 
ala atlyg jol täŋri män
 (IB, 2). 
altun kanatlyg talym kara kuš män
 (IB, 4). 
korkma timiš kut birgaj män timiš
 (IB, 3).
Жіктеу  есімдіктері  аналитикалық  форма  құрап,  сөйлемнің  соңында  келіп,  баян-
дауыш тық қызмет атқарған. Ол етістіктерге де, есімдерге де тіркескен. Мұндай қолда-
ныс қазақтың кейінгі дәуірдегі дастандарының тілінде де сақталған: 
Ботасы өлген түйедей
Енді боздай қалдым мен. 
Құлыны өлген биедей 
Өле жаздай қалдым мен. 
Ғараб құлға патша айтты сенейін мен,
Сөзіңе екіншілей ерейін мен.
Бақшаға бұлар кетсе хабар берші,
Анықтап өз көзіммен көрейін мен.
І  жақ  сілтеу  есімдіктерімен  қатар  ІІ  жақ  сілтеу  есімдіктері  де  (анайы,  сыпайы 
түрлері)  сөйлемнің  соңында  келіп,  қиыса  байланысуы  көне  түркі  ескерткіштерінің 
тілінде де, қисса-дастандардың тілінде де жиі кездеседі: 
Ötükän jyš olursar bängü il tuta olurtačy sän
 (Ktm, 8). 
Bödkä körügmä bäglär gü jaŋyltačy siz
 (Ktm, 11). 
Рухтары гүл, Таһир


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет