Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет193/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Key  words: 
formative  assessment,  assessment  criteria,  task  set  for  formative  assessments,  skills,  knowledge, 
responsibility, competence.
 
 
Қазіргі  таңда  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  қалыптасып  өмірге  енгізіліп  жатыр. 
Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Оның басты себептерінің бірі ол 
білім берудің мазмұнының жаңаруы, білім беру парадигмасының өзгеруі, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-
қатынастың  пайда  болуы.  Білім  мазмұнының  жаңартылған  бағыты  ол  сабақта,  оқу  үдерісі  кезінде, 
оқушының мұғалімнің бағыттауымен өздігінен білім алуға ықпалдандыру. Сонымен бірге, белсенді оқыту 
арқылы  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып  оқушылардың  зейінін  сабаққа  жұмылдыру,  ынтасын, 
пәнге деген қызығушылығын ояту. 
Білім берудің мазмұнының жаңаруының бір бағыты ол жаңартылған оқу бағдарламаларының енгізілуі. 
Жаңартылған  оқу  бағдарламасы  пәннің  мазмұны  және  мақсаттары,  бөлімдері  мұғалімдер  үшін 
бірізділігімен тиімді. Бағалаудың жетістік және бағалау критерийлері де өте жақсы қамтылған. Мұғалім 
үшін тиімділігі сол бүкіл цикл бөлімдерге бөлінген, оқу мақсаттары нақтыланып алынған, оқушыны әділ 
бағалауға арналған критерийлердің болуы, ресурстардың жеткіліктілігі. Оқушы үшін белсенді оқытудың 
тиімді жақтары, оның жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуінде [1].  
Жаңарып отыратын ақпараттар  толқыны жағдайында білім алушыларды үнемі жан-жақты дамыту, 
мұғалімнің өзінің пәндік теориялық білімін күнделікті көтеріп отыруды талап етеді. Қазіргі мектепке өз 
пәні  бойынша  сабақты  тартымды  өткізуімен  қатар,  оқушылардың  танымын,  көзқарастарын  дамытатын 
оларды  қызықтыра  алатын  мұғалім  қажет.  Жаңартылған  білім  беру  бағытында  мұғалім  өзінің  кәсіби 
біліктілігін  жаңа  бағытта  арттырып,  беретін  білім  мазмұнын  жаңашалап,  керекті,  тиісті  әдіс-тәсілдерді 
қолданып, өзінің әдістемелік негіздерін қалыптастыруы керек. Өмір тәжірибесі білім әр адамға өмір бойы 
қажет екендігін дәлелдеп отыр.  
Сондықтан да мұғалімдердің кәсіби даярлығына қойылатын талап та жоғарылауда, ал нәтижеге жетуі 
ізденістегі мұғалімнің іс-қабілетіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. 
 
Ахмет  Байтұрсыновтың  «Мұғалім  көп  әдісті  білуге  тырысуы  керек.  Оны  өзіне  сүйеніш,  қолғабыс 
нәрсе  есебінде  қолдануы  керек»,  ‒  деген  сөздері,  қазіргі  заман  талабына  сай  білім  беру  мүддесіне  сай 
айтылғандай.  Өз  ісінің  шебері,  ізденімпаз,  жауапкершілікті  маман  ғана  жоғары  жетістіктерге  жетеді. 
Қазіргі  таңда  пәнді  жақсы,  терең  білетін,  күнделікті  сабақтағы  жаттығуларды  толық  қамтитын,  ондағы 
қимыл-қозғалыс  дағдыларын  оқушыға  үйрете  алатын,  әртүрлі  деңгейдегі  тапсырмаларды  саралауды, 
оқытудың  дәстүрлі  әдіс-амалдарын,  құралдарын  жетікті  меңгертетін,  оқушылардың  дарындылығын 
дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы және пәнге қызығушылығын арттыратын мұғалім болу ол ‒ өмір 
талабы [2].  
Қазіргі таңда білім беру бағдарламасының шеңберінде елімізде әр пән бойынша критериалды бағалау 
жүйесі  енгізілуде.  Білім  беру  мазмұнының  ажырамас  бір  бөлігі  ол  –  білім  алушылардың  күтілетін  оқу 
нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі болып табылады. Жаңартылған білім беруде білім алушылардың оқу 
жетістігін  бағалауда  критериалды  бағалау  жүйесі  қолданылады.  Критериалды  бағалау  жүйесі  бұрынғы 
дәстүрлі бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып бөлінеді. Қалыптастырушы 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
100 
бағалауда  білім  алушыларға  жаңа  материалды  меңгеру  кезеңінде  тапсырманы  қаншалықты  дұрыс 
орындағанын және оқыту мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау.  
Дене тәрбиесі пәні бойынша да, білім алушылардың оқу жетістігін бағалауда критериалды бағалау 
жүйесі қолданылады. Оның негізгі мақсаты:
 
• 
Белгіленген оқу мақсаттарына жетудің дәлелдерін анықтау (мазмұн және дағдылар); 
• 
Жекелеген оқушылардың ілгерілеуі мен қажеттіліктерін ескеру; 
• 
Оқу және оқыту үдерісін ақпараттандыру; 
• 
Мұғалімдер мен оқушылар үшін тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады. 
Қазіргі  осы  уақыттарда  негізгі  мектептерде  дене  шынықтыру  пәні  бойынша  жиынтық  бағалау 
алынбайды,  тек  қалыптастырушы  бағалау  жүргізіледі.  Жалпы  алғанда,  дене  тәрбиесі  пәні  бойынша 
жиынтық бағалауды өткізбеу менің ойымша дұрыс емес деп  ойлаймын. Жиынтық бағалау  –  ол  тоқсан 
бойында оқушы бойындағы өсу, даму, қалыптасқан дағдыларды анықтайтын жүйенің бір түрі. Екіншіден, 
жиынтық  бағалауды  алу  үшін,  тапсырмаларды  құрастыру  үшін  мұғалім  қосымша  ізденеді  (теория, 
практика жүзінде, интернет арқылы). Мынандай жаңарып жатқан білім саласында әр мұғалімге ізденіп, 
өзінің білім багажын толтырып отыру үнемі қажет деп ойлаймын. 
Қалыптастырушы бағалау ‒ ол күнделікті оқытудың бір бөлігі болып табылады, яғни, ол үнемі сабақ 
барысында үздіксіз өтіліп отырады. Ол деген оқу және оқыту жаттығуларын жоспарлау, қалыптастырушы 
бағалауға  арналған  тапсырмалар  жинағын  дайындап  өткізу,  саралау,  оқушылардан  кері  байланыс  алу 
жұмыстары. 
Осы қалыптастырушы бағалаудың алгоритмі төмендегідей болуы керек. 
• 
Бағалау үшін оқу жоспарындағы жаттығуды немесе мұғалім әзірлеген басқа жаттығуды қолдануға 
болады. 
• 
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дәлелдерді қалай жинау керектігі туралы 
шешім қабылдауға көмектеседі. 
• 
Бағалау критерийлері мұғалімге оқушының оқу мақсаттарына жеткені туралы шешім қабылдауға 
көмектеседі. 
• 
Жаттығуды орындар алдында оқушылар тапсырманың өзін және бағалау критерийлерін түсіну үшін 
оларға түсіндіріледі. 
• 
Портфолио үшін дәлел жиналады (қажет болса). 
Бұдан шығатын тұжырым. Мұғалім бағалауы:
 
пән бойынша білімге; (беру сапасы, саралау, орындау); 
тәжірибеге (бақылау, бағалау); оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында берілген ақпаратқа; әріптестердің 
пікіріне негізделеді (модерация жүйелі түрде өткізіліп тұруы керек).  
Өкінішке орай, обылысымыздың аудан мектептеріне шығып өткізіп жүрген семинарларымызда дене 
шынықтыру пәні мұғалімдерінің осы критериалды бағалау жүйесі туралы мағұлматтары аздығын көреміз. 
Біраз  мұғалімдердің  сабақ  барысында  қалыптастырушы  бағалауды  жүргізбейтіндері,  қалыптастырушы 
бағалаудың  тапсырмалар  жиынтығын  дайындамайтындығы  белгілі  болды.  Оқу  бағдарламасы  мен  оқу 
жоспарында берілген оқу мақсаттары мен тапсырмаларға бағалау критерийлерін, дескрипторларды жазу 
қиындықтар туғызады.
 
Оқу мақсаттарын бағалау критерийлерімен сәйкестендіру, ойлау дағдыларының 
деңгейлері мен жақсы критерийдің сипаттамасы қандай болу керектігі туралы мағұлматтары аз. 
Соған  байланысты  болашақ  жоғары  оқу  орнының  дене  тәрбиесі  студенттері  бойында  өздерінің 
болашақ  қызметіне  жауапкершілікпен,  зерттеуші  ретінде  қарауға  деген  ұмтылысты  қалыптастырудың 
ерекше маңызы бар деп ойлаймын.
 
Біздің ойымызша, болашақ маман иелеріне (студенттерге) дене тәр-
биесін  жүзеге  асыруды  сабақтастыруды,  дене  тәрбиесі  әдістемесін  мектептің  жаңартылған  бағдарла-
масымен ұштастыра үйрету жүзеге асырылуы тиіс. Студенттердің мектеп тәжірибесі кезіндегі жұмыста-
рында, мектептегі негізгі жұмысы сабақ беруден басқа, зерттеу, жобалау жұмыстарымен айналысқандары 
дұрыс  болар  еді,  ол  керісінше  студенттің  оқу  тәрбие  қызметіндегі  белсенділігінің  арта  түсуіне 
педагогикалық  тәжірибенің  тиімді  өтуіне  игі  ықпалын  тигізеді.  Сонымен  бірге,  мектептің  жоғарғы 
сыныптарында  жобалау  жұмыстары  енгізілуде.
 
Осыған  орай  болашақ  маман,  кез  келген  оқушының 
қабілетіне  қарай  білім  беруді,  оны  дербестікке,  ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа  тәрбиелеуді  жүзеге 
асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылуы керек.
 
Бұл дене тәрбиесі мазмұны 
бойынша  білім  беруді  жүзеге  асыруда  дұрыс  меңгеруге  ықпал  жасайтын  дене  тәрбиесі  әдістері  мен 
технологияларына, оларды жоспарлы, жүйелі түрде құру, ұйымдастыру тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінуі 
қажеттігін көрсетеді. 
Оқытудың бірнеше әдісін салыстыра қарастыру арқылы әр мұғалім өзінің мүмкіндігі мен бейімділігіне 
қарай  білім  берудің  жаңа  технологияларын  таңдап,  сұрыптап,  қолданып  отыруы  қажет.  Қазіргі  кездегі 
негізгі міндетіміз ‒ жаңа технологияны меңгере отырып, білім беруді сәл де болса бір нәтижеге бағыттау. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
101 
Сондықтан да,
 
мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі баланың жеке басының дамуына орасан зор әсерін тигізеді 
деп ойлаймын. Мұғалім үнемі оқушының талап еткен қажеттілігін қамтамасыз ететін бастамасы болуы 
тиіс.
 
Мұғалім тарапынан қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруде қойылатын талап оқушының үлгерімімен 
анықталмауы  тиіс.  Дағдыны  қалыптастыру  бірте-бірте  жүйелі  түрде  жүргізілуі  тиіс.  Нақты  жаттығуға, 
ойынға, тәсілдерге деген қызығушылықты оятудың маңызы өте зор. Сол мақсатта оқушы бойында өзіндік 
жаттығуды игере алу мен оны қабылдай алу қабілетін қалыптастыру қажет [3]. 
Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының шебері болу бір күнде пайда болатын дүние 
емес және өмір бойы ізденушілікті, жауапкершілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана 
толық нәтижеге жете аламыз. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен  тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мол 
білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен  дағдыларды қолдану қажет етеді

Ол үшін оқытушы 
тиісті  бағдарламаны  меңгерудегі  және  бағдарламаны  оқуда  білім  алушылардың  өздері  қабылдауына 
кеңесші,  сарапшы  болуы  тиіс.  Оқытушының  жаңа  ұстанымы  үнемі  білім  алушылармен  бірге  кішігірім 
зерттеулер  орындау,  топтармен  жаңа  дағдыларды  игеру,  қалыптастырумен  бірге  жаңашылдық  бағытта 
кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыру өзекті сипат береді деген тұжырым жасаймыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет