5
тағдыры, сүйініші мен күйініші, мінез-құлықтары, жан-дүниесі
шынайы ашылады.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңінің
тарихына арналған бұл электронды оқу құралында өткен ғасырдағы
ұлттық әдебиетіміздің ұлы тұлғаларының шығармалары сөз болып,
әдебиет дамуының үлгісіне баланар көркемдік-эстетикалық сапасы
жоғары туындылар іріктеліп алынып, рет-ретімен жүйеленіп
ұсынылды. Олар 1900-1920 жылдар аралығы, 1920-1940 жылдар
аралығы деген шартты түрдегі кезеңдерге бөлініп, сол кезеңдердегі
әдебиеттің биік деңгейге көтерілуіне зор үлес қосқан
шығармашылық тұлғаларға жеке тараулар берілді.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың қырық жылдай уақытын қамтитын
кезеңде қазақ әдебиеті барлық жанрда жазылып, көркемдік-
эстетикалық тұрғыдан жоғары деңгейде дамыған әдебиет деп тануға
лайық. Ол өзінің ұлттық сипатында гүлденген және бүкіләлемдік
мәдениеттен нәр алған қуатты әдебиетке айналды.
Достарыңызбен бөлісу: