3-тәжірибе. Альдегидке сапалық реакция
Жұмыс барысы: 0,5мл формальдегид ерітіндісіне 0,5мл фуксинкүкіртті қышқылды құяды. Біраз уақыттан кейін қызыл - күлгін түстің пайда болғанын көруге болады.
4-тәжірибе. Күміс айна реакциясы
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 тамшы күміс нитраты ерітіндісі, 1 тамшы аммиак ерітіндісі, содан кейін 2 тамшы формальдегид құяды. Қоспаны спирт шамында тез және абайлап қыздырады, бірақ қайнауға жеткізбеу керек. Пробирка қабырғасында күмістің айна қабаты түзілгенде, қыздыруды тоқтатады.
1.Қандай реакция жүреді? Реакция теңдеуін жазу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |