Химиялық қасиеттері
Амин қышқылдарының құрамында негіздік амин және қышқылды карбоксил топтары болғандықтан, олар амфотерлік қасиет көрсетеді.
1.Тұздар түзу реакциялары. Амин қышқылдары қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесіп, тұздар түзеді.
|
аланиннің натрий тұзы
|
аланиннің тұз қышқылды тұзы
|
2. Амин қышқылдары қышқылдар сияқты күрделі эфирлер, хлорангидридтер түзеді:
Амин қышқылдары декарбоксилденіп, амидтер түзеді:
4. Амин қышқылына азотты қышқылмен әсер етсе, оксиқышқыл және азот түзіледі:
NH2 – СН2- СООН + НNО2 → НО - СН2- СООН + N2 + Н2О
5. Амин қышқылдары дезаминдеу реакциясына түседі, нәтижесінде амин тобы жойылады. Бұл реакция организмдерде ферменттердің әсерінен жүреді:
ферменттер
6. Амин қышқылдарының құрамында негіздік қасиет беретін амин тобы және қышқылдық қасиет беретін карбоксил тобы болғандықтан олардың молекулалары өзара әрекеттесіп, полимерлер түзіледі:
7. Амин қышқылдарына ғана тән қасиеттері:
а) Амин қышқылдарына қыздырудың әсері: Альфа-амин қышқылдары дикетопиперазин түзеді (молекулааралық циклді диамид)
Бета-амин қышқылдарын қыздырғанда аммиак бөлінеді және қанықпаған қышқылдар түзіледі:
акрил қышқылы
Гамма-амин қышқылдары молекула ішіндегі дегидратацияға ұшырап, циклді аминдер – лактамдар - түзіледі:
б) амин қышқылдарына мыс (ІІ) иондарымен комплекс қосылыстар түзу реакциясы тән:
Достарыңызбен бөлісу: |