«Химия» пəнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Натрий хлориді мен тұз қышқылының диссоциациялану механизмін түсіндіріңіз.
[2]
2. Мына заттардың диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз.
1) HBr ______________________________________________________________
2) NaNO3 ____________________________________________________________
3)Ba(OH)2 ___________________________________________________________
4) K3PO4 ___________________________________________________________
5) NaHSO4 ___________________________________________________________
[5]
3. а) Берілген заттарды диссоциациялану дәрежесіне байланысты түрін анықтаңыз.
Электролиттер
|
Электролит типі
|
KCl
|
|
HNO3
|
|
CaSO4
|
|
H2CO3
|
|
[2]
b) Егер ерітіндідегі 150 молекуланың 60 иондарға ыдыраса диссоциациялану дәрежесін анықтаңыз.
[1]
4) а) КHCO3 ерітіндісіне тұз қышқылын құйғанда газ бөлінеді. Газдың түзілуін көрсететін реакцияның қысқартылған иондық теңдеуін жазыңыз. ____________________________________________________________________
[1]
b) Лакмус индикаторымен КHCO3 ерітіндісінің ортасын зерттегенде индикатордың түсі қалай өзгереді. Себебін түсіндіріңіз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
5. Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакция теңдеулерін жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[3]
6. Егер сынауықтағы ерітіндіге күміс нитратын тамызса, ақ түсті ірімшік тәрізді тұнба түзіледі. Анықталған анионды табыңыз және ион алмасу реакция теңдеуін жазыңыз.
[1]
7. Массасы 10 г натрий гидроксиді мен 19,6 г күкірт қышқылын әрекеттестіргенде түзілген тұздың массасын анықтаңыз.
[1]
8. А + В → С реакциясының жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтаңыз және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.
[2]
9. а) Сынауыққа 3%-дық сутегі асқын тотығының (Н2О2) аздаған мөлшерін құйып, оған аз мөлшерде марганец (ІV) оксидін қосқанда, сынауықтағы газдың қарқынды бөлінуінің себебін түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
b) Реакциядағы сутегі асқын тотығы мен марганец (ІV) оксидінің рөлін сипаттаңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
10. Кездейсоқ жарылыстардың алдын алуда, металдарды жемірілуден қорғауда ингибиторларды қолдану ерекшелігін түсіндіріңіз.
[1]
11. Берілген қайтымды реакцияда а) температураның жоғарылауы; b) қысымның артуы; c) реагент концентрациясының артуы жүйедегі тепе-теңдікке қалай әсер ететінін анықтаңыз.
СО (г) + 2Н2 ↔ СН3ОН (г) + Q
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
[3]
Достарыңызбен бөлісу: |