Ле-Шателье принципі: химиялық тепе-теңдік күйіне келіп тұрған жүйенің жағдайының (концентрация, температура, қысым) біреуін өзгерту, тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы əрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады.
Химиялық технологияда қайтымды үдерістер кеңінен таралған. Мұндай үдерістерді жүргізу жағдайын таңдағанда тепе-теңдіктің реакция өнімінің түзілу жағына ығысу талаптарын негізге алу керек. Бұл кезде тепе-теңдіктік шығымды арттыру үшін:

реакция өнімдерінің концентрациясын төмендету сияқты талаптарды ескеру қажет.
Химиялық-технологиялық үдерістердің кинетикасы
Химиялық термодинамика химиялық реакциялардың жүру бағытын анықтауға жəне реакциялық жүйенің тепе-теңдік күйін бағалауға мүмкіндік береді. Химиялық технологиядағы химиялық өзгерістердің жылдам жүруі, қандай да бір аралық уақытта алынған реакция өнімдерінің мөлшері, күрделі аппараттармен реакторлардың типтерін дұрыс таңдауда жəне олардың конструкциялық өлшемдерін есептеу сияқты практикалық мəні бар сұрақтарға жауап бермейді. Сондықтан химиялық-технологиялық үдерістерге химиялық кинетиканың заңдылықтарын қолдану керек.