I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет20/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


7. 
Су тасушының ерекше 
қасиетін керсетіңіз. 
A) Әңгімешілдігі 
B) Дарындылығы 
C) Сенімсіздігі 
D) Алғырлығы 
E) Тапқырлығы 
9.Мәтінде бүтін шелектің 
кай қасиеті көрінеді? 
A) Намысқойлығы 
B) Мақтаншақтығы- 
C) Озбырлығы 
D) Жалқаулығы 
E) Жағымпаздығы 
11.Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз 
1.  Гүлге оранған жол 
2.  Екі шелек туралы 
3.  Тапқыр су тасушы 
4.  Кінәлі тесік шелек 
8.Тесік шелекке тән қасиет 
A) Батылдық 
B) Менмендік 
C) Өшпенділік 
D) Ізеттілік 
E) Қорқақтық 
 
10.Мәтін стилі 
A) Публицистикалық 
B) Іс қағаздар 
C) Көркем әдебиет 
D) Ауызекі сөйлеу 
E) Ғылыми 
A) 3.1.2.4. 
B) 4.1.2.3. 
C) 1.32.4 
D) 2.4.3.1, 
E) 2.1.4.3. 
12. 
Мәтінге лайық атау 
A) Өзен жағасы 
B) Риза қожайын 
C) Тесік шелек 
D) Бүгін шелек 
E) Жаңа шелек 
Атадан балаға мирас болып келе жаткан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және 
кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта 
«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын 
көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне 
бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. 
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. 
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі 
көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген 
жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, 
денінің  сау  болуын  тілейді.  Халық  айдарлы  балаға  тіл-көз  тимейді  деп  есептеген.  Қойылған 
айдарлы  бала  жеті  жасқа  немесе  он  үш  жасқа  келгенше  тіл-көздін  сұғынан  сақтайды  деп 
алғызбаған.  Халық  дәстүрінде  балаға  сұқтанған  адамның  көзі  айдарға  түсіп  алдансын  деген 
сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым 
бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наұрызбай батырдың айдары болған, 
Қазақта Айдар деген адам есіміде бар. 
Казақтар  тәрізді  Тайланд  халқы  да  балаларына  айдар  қояды.  Олардың  наным-сенімдері 
бойынша аурушаң балаға айдар койса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан 
сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен. 
13. 
Айдарға байланысты казақтың нанын-сен імін көрсетіңіз 
A) Бала болашақта ғалым болады 
B) Тіл мен көзден сақтайды 
C)  Бала дәулетті, бай адам болады 
D) Бала аурудан тез сауығып кетеді 
E) Баланың дос-жарандары көп болады 
14. 
Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыныз 
1.  Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да кояды. 
2.  Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған. 
3.  Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар. 
A) Тек екіншісі 
B) Тек біріншісі 
C) Тек үшіншісі 
D) Біріншісі мен екіншісі 
E) Екінші мен үшінші 
15. 
Мәтін бойынша баланың айдарын кай кезде алады? 
A) Қырқынан шығарған кезде 
B) Он жасқа толған кезде 
C)  Тілі шыққан кезде 
D) Сүндетке отырғызған кезде 
E) Тәй-тәй басқан кезде 
16. 
Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі 

130 
 
 
A) Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі 
B) Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі 
C) Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі 
D) Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі 
E) Бұрымды қыздар жиі кездеседі 
17. 
Мәтін стилін анықтаңыз 
A) Іс қағаздар 
B) Ресми 
C) Ауызекі сөйлеу 
D) Ғылыми 
E) Көркем әдебиет 
 
 
 
 
18. 
Мәтінге атау беріңіз 
A) Бүгінгі шаш үлгісі 
B) Тайландтық «Айдар» 
C) «Айдар»  есімі туралы 
D) Айдар шаш 
E) Қарын шаш 
19. 
Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады? 
A) Бала сырқатынан айыққан кезде 
B) Алғаш аңға шыққан кезде 
C)  Жеті жасқа толған кезде 
D) Үйленген кезе 
E) Мүшел жасқа келген кезде 
20. 
Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз 
1.  Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі 
2.  Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында. 
3.  Наурызбай батырдың айдары болған. 
A) Үшеуі де дұрыс 
B) Екіншісі мен үшішпісі 
C) Біріншісі мен екіншісі 
D) Үшеуі де бұрыс 
E) Біріншісі мен үшіншісі 
 
1144 нұсқа:1246 нұсқа 
1-мәтін 
Нан тарихының тамыры ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда, ол он 
бес  мың  жылды  құрайды  екен.  Алғашқы  нанның  өсімдігі  бидай  да,  сұлы  да,  арпа  да  емес, 
кәдімгі емен екен. 
Ежелгі адамдар емен жаңғағын үгіп, одан ұн жасаған. Бұған археологтардың қазба жұмыстары 
дәлел,  Дәнді-дақылдарды  қолдан  егуді,  оның  дәнінен  ұн  жасауды  адамдар  бірте-бірте 
меңгерген.  Сұйық  ботқа  —  казіргі  нанның  бастапқы  түрі  болған.  Ал  Африка  мен  Азияның 
бірқатар елдерінде осындай быламықтарды нан ретінде әлі де қолданады. 
1. 
Алғашқы нан неден жасалған? 
A) Арпа-бидайдан 
B) Емен жаңғағынан 
C) Шырша жаңғағынан 
D) Ұннан 
E) Қарағай жаңғағынан 
2. 
Мәтін мазмұнына қай 
мақал сәйкес келеді? 
A) Ac - елдің құты 
B) Ac иесімен тәтті 
C) Жаман ауруға-жақсы ас 
D) Ас атасы-нан 
E) Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп 
 
Әбунасыр  ылғи  да  қолынан  тастамай  Аристотельдің  «Физика»  кІтабын  оқып  жүреді  екен. 
Содан бір жолдасы: 
Сен мына кітапқа неге сонша қадалып қалдың? - деп сұрайды. 
Сонда Әбунасыр: 
Бұл  кітапты  қырық  мәрте  оқып  шықтым.  Тағы  да  оқуым  керек.  Өйткені,  әлі  толық  ұғынып 
болған жоқпын, - деп түсіндіре жауап береді. 
Әбунасыр  ешқашан  қолына  алған  кітапты  бір не  екі мәрте  оқып  шығып  қоя  салмаған.  Қайта 
оның мағынасына толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп, кітапта баяндалған 
жайлардың  мән-мағынасына  ой  жіберіп,  жаңа  ұғымдардың  есігін  ашып  отырған.  Сол  есік 
арқылы  өзі  қалың  ойдың  ішіне  кіріп,  ғылым  әлемінің  таңғажайып  сырларына  қанған, 
гүлзарларын шарлаған. 
Әл-Фараби  -  көрнекті  ойшыл,  өзінің  замандастарының  арасындағы  ең  ірі  ғалым,  философ. 
Өзінің  білімділігі  мен  сауаттылығының  арқасында  «Екінші  Ұстаз»  атауына  ие  болды.  Әл- 
Фарабидің  шығармашылық  мұрасы  орасан  зор.  Оның  150-ге  жуық  философиялық  және 
ғылыми  трактаты  бар.  Айналысқан  ғылыми  салалары:  философия  мен  логика,  саясат  пен 
этика,  музықа  мен  астрономия.  Ғылыми  еңбектерінің  ең  әйгілісі  «Қайырымды  қала 
тұрғындарының  көзқарастары  жайлы  трактат»  деп  аталады.  Оның  атақты  «Музыка  туралы 
үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. 
3. 
Әл Фарабидің «Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Тағы да оқуым керек» деген 
жауабы арқылы кейіпкердің қандай қасиетін көруге болады? 
A) Алғырлық 
B) Енжарлық 
C)  Талғампаздық 

131 
 
 
D) Табандылық 
E) Жігерсіздік 
4. 
Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы. 
A) 150-ге тарта музыка туралы трактаттар 
B) 150-ге тарта философия және логика туралы трақтаттар 
C) 150-ден астам логика туралы зерттеулер 
D) 150-ден астам ғылыми еңбектер 
E) 150-ге тарта философиялық және ғылыми трақтаттар 
5. 
Мәтінге лайық тақырып 
A) Кітап әлемі 
B) Таңғажайып әлем 
C) Ғылымға құштарлық 
D) Әлем сырлары 
E) Қызғушылық 
6. 
Мәтін мазмұнына кандай мақал сай келеді? 
A) Оқу - білім азығы. 
B) Біле тұрсаң да, сұрап біл. 
C)  Қас жаманға білім жұқпас. 
D) Өз білмегеніңді кісіден сұра. 
E) Білім ауысады, ырыс жұғысады. 
Тау етегі. Жалпақ аңғардың теріскей беті сірескен қалың қарағай. Күнгей беті тақырлау. Өрге 
тырмысып,  жотаның  төбесіне  қарай  өрмелеген,  таспадай  тартылған  жалғыз  аяқ  жолдың 
жағасында бармақтай-бармақтай шілтиген кішкене көкшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен 
алысқа, көкпенбек аспанға телміреді. 
Сонша қадалып, қайда қарап тұрсындар? - деп сұрады гулдерінің желкесіне өрмелеп шығып 
алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа. 
Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтын қайда барып 
тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмыз. 
Оның сендерге не қажеті бар? Мына есіп тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат секілді. 
Шөбі де қою, қүйқадай ұйысқан. 
Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан 
жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз. 
Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойыңдар. 
Е, неге, біз де жол тауып алайық та. 
Гүлдер  ұшпайды,  орнында  тұрып  тұқым  себеді.  Сол  тұқымы  келесі  жылда  көктеп,  ұрпағы 
тарайды.  Ал  гүлдің  ұшқаны  өлгені.  Шаңға  көміліп,  жүргіншілер  табанының  астында 
жаншылып жатады. 
Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау айтпастан 
бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді. 
Жұлдыздар төніп, 
Қадала жерге қарайды. 
Жарығын төгіп, 
Бақытқа соны балаңды. 
Үмітке теліп, 
Телміртіп тұрды талайды. 
Алайда гулдер қызыл қанат көбелек ұшым кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір 
жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла алар емес. 
7. 
Мәтіннің стилі 
A) Көркем әдебиет 
B) Ауызекі сөйлеу 
C) Публицистикалық 
D) Ресми іс қағаздар 
E) Ғылыми 
8. 
Мәтіннің тақырыбына лайық атау 
A) Арманшыл гүлдер 
B) Орындалғап арман 
C) Қызғаншақ құмырсқа 
D) Қызыл қабат кабелек 
E) Гүлдер айтысы 
9. 
Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей- ақ 
қойыңдар» деген сөздері кандай мақсатпен айтылған? 
A) Босқа үміттендірмеу үшін 
B) Қол 
ұшын 
беру 
үшін 
C) Жігерлендіру үшін 
D) Қанаттандыру үшін 
E) Көңілін көтеру үшін 
10. 
Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел 
A) Жақсы сөз - жарым ырыс 
B) Жол мұраты - жету 
C)  Арманның үлкен, кішісі болмайды 
D) Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді 
E) Таң атпаймын десе, күн қоймайды 
11. 
Гүлдердің армандауына себеп болған 
не? 
A) Көбелек 
B) Қарағай 
C) Жел 
D) Құмырсқа 
E) Жұлдыздар 
12. 
Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан 
гүлдердің қандай қасиеті көрінеді? 
A) Талапшылдығы 

132 
 
 
B) Қайрат-жігері 
C) Даукестігі 
D) Арманшылдығы 
E) Мақсатшылдығы 
 
1.  Төрт түлік малды  тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдімгі сүттен небір тамаша 
тағамның түрін жасай білген. Солардың бірқатарын атап өтуге болады: қымыз, шубат, айран, 
қатық,  қаймақ,  балқаймақ,  кілегей,  ақ  қаймақ, ақ  ірімшік, қызыл ірімшік,  сусыз сүт, сыпырма 
сүт, кұрғақ сүт, койыртпақ, іркіт, сарысу, тасқорық, шалап, сүт кеспе, сүт салма, уыз, сірне, құрт, 
торақ құрт, сықпа, сузбе т.б. Міне, бұлар жылқы мен түйенің, қой мен ешкінің, сиырдың сүтінен 
жасалған тағамдар. Осылардың ішінде таза көшпелі өмір салтының сұранымы дүниеге әкелген 
тағамнын  бірі  -  құрғақ  сүт....  От  қуалаған  малдың  тісіне  ерген  елдің  көші-қон  кезінде  төрт 
түліктің  аяғын  көштен  бұрын  қимылдататын  әдеті.  Ақар-шақар  елдің  «әуп»  деп  тұрып  кете 
коюы оңай емес, артынын-тартынын жүріп сауын малынан екі-үш күн кейіндеп калатын жайы 
жиі  болады.  Өмірдің  осы  бір  сұраным-мұқтажы  құрғақ  сүт  дайындауды  дүниеге  келтірген 
сияқты. 
2.  Сәрсенбінің  сәтіне  көшеміз  деген  хабар  тиісімен-ақ,  әр  шаңырақтың  ас-  суына  ие  отанасы 
қолы епсекті біреудің тілін таба жүріп, жаңадан сойылған қойдың терісін түгінен арылттырып 
алады.  Теріні  түгінен  айырудың  мұндайда  екі  тәсілі  қолданылады.  Бірі  -  и  салу  тәсілі.  Тек  иі 
өтіп кетпейтіндей, идің быршығн дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек. Екіншісі 
- теріні  жібітіп  отырып,  өткір  ұстарамен  түгін  қырып  тастайды.  Сонан  соң  түксіз  теріні  суға 
салып,  шуашы  мен  шайырынан  айырғанша  әбден  сапсын  жуады.  Ақжемделіп  май-сөлінен 
арылған тері шүберектей болып тазарған кезде, керегеге жая салады. 
3.  Келесі  күні  қой-ешкіні  қосақтап  жібереді  де,  мол  етіп  сүт  сауады.  Ол  сүтті  мүмкіндігінше 
үлкен  қазанға  толтыра  құйып,  әлгі  теріні  соған  салада  да,  астына  маздатып  от  жағады.  
Біраздан соң тері салған сүт шымырлал қайнай бастайды. Қайнаған сайын қойыла бастайды, 
Қайнаған сайын суттің бар маңызын тақыр тері бойына сіңіре береді. Бір мезгілдер болғанда, 
сүт  қойыртпақтанады.  Тері  болса  ағара  бөртіп,  әбден  ісінеді.  Содан  қоюланған  сүт  сарқыла 
таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде от үзіледі де, тері қазаннан алынады. Тері түнімен 
жел  қағып  тобарсып,  ертеңіне  күнімен  тұрса  кеуіп-ақ  қалады.  Келесі  күні  тағы  да  қой-ешкі 
қосақталып,  дәу  қара  қазан  сүтке  толады.  Тағы  да  астына  жайнатып  от  жағып,  әлгі  сүт  сінді 
теріні  тағы  да  салады.  Осы  жағдай  үшінші  рет  қайталанады.  Сол  кезде  сүт  сіңген  терінің 
қалыңдығы бармақ елі болып, өн-бойына уыз сүттің маңызы тұтылады. Үшішпі peт жайылған 
тері  тобарсын  кебе  бастаған  кезде  қойыршықтап  орайды  да,  маңызы  үшып  кетпес  үшін 
қарынға немесе бүйенге сала салады. 
4.  Келесі күндері тең буылып, үй жығылып, таң құланиектенгенде моншақтай тізілген көш те 
қозғалады.  Бие  сауым  өтеді.,.  Ет  асым  өтеді...  Күн  иыққа  көтерілген  кезде  түйе  қомында 
тербеліп  келе  жатқан  балалардың  мандайын  күн  шалып,  таңдайы  кеберсіп,  қыңқылдай 
бастайды. Мұндайда езуінен мәйегі кетпеген ерке балаға қымыз береді, ішпейді... Айран береді, 
ішпейді... Қойыртпақ береді, іпшейді... Су береді, ішпейді. Оған керегі - тіл үйірген уыз сүт. 
Сонда балажан ана қарынның ауызын шешіп, сүт сіңген теріден алақандай ғана кеспі алады да, 
тостағанға  құйған  суға  тастап  жібереді.  Сол-ақ  екен  уыз  иісі  бұрқ  етіп  тәбет  шақырып, 
тостағандағы  су  жаңа  сауған  сүттей  болып  шыға  келеді.  Тек  қана  сүт  ішіп  үйренген  ұл  дем 
аямастан тостағанды басына бір-ақ көтереді. Сол кезде тостағанның түбінен бір жапырақ 
«бірдеңені» көреді де «бұл не?» дегендей анасына қарайды. Анасы болса, «жей ғой, боташым!» 
дейді.  Сары  атанды  бесік  еткен  ерке  ұл  бал  татыған  уыз  құйқаны  жайлауға  жеткенше  ермек 
етеді. 
13. 
Мәтіннің нешінші азатжолында толық 
дайындалған құрғақ сүт туралы айтылады? 
A) Үшінші 
B) Бесінші 
C) Бірінші 
D) Екінші 
E) Төртінші 
14. 
Құрғақ сүт жасауға қай 
түліктің сүті пайдаланылады? 
A) Қой мен ешкі 
B) Сиыр 
C) Бие 
D) Сиыр мен қой 
E) Түйе 
 
15. 
Түйе қомында келе жатқан 
балалардың сұрап ішер сусыны 
A) Қойыртпақ 
B) Айран 
C) Шалап 
D) Қымыз 
E) Уыз сүт 
16. 
Мәтін қандай стильде жазылған? 
A) Ғылыми  стиль 
B) Ауызекі сөйлеу стилі 
C) Көркем әдебиет стилі 
D) Публицистикалық стиль 
E) Ресми іс-қағаздар стилі 

133 
 
 
17. 
Құрғақ сүт жасауда пайдала- 
нылатын басты жаңалық 
A) Түйе қомы 
B) Жылқы қарыны 
C) Қой терісі 
D) Қой қарыны 
E) Қой бүйені 
18. 
Дайын болған құрғақ 
сүтті сақтау әдісі 
A) Теріге орап қояды 
B) Қоржында не қалтада 
C) Адалбақанда 
D) Қарында немесе бүйенде 
E) Сандықта не қорапта 
 
19. 
Теріні түтінен тазалаудың тәсілі 
A) Кептіру 
B) Жел қаптыру 
C) Далаға жаю 
D) Түгін қыру 
E) Сапсып жуу 
20. 
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
A) Біткен іске сыншы көп. 
B) Шапқан - озар, жатқан - қалар. 
C) Жердің сәні егін,Ердің сәні - білім. 
D) Отынды шапқанға жақтыр,Малды тапканға бақтыр. 
E) Мал жисаң, қонысын тап,Ac жисаң, ыдысын тап. 
 
1220 нұсқа 
1-мәтін 
Адамдар қандай болмасын әр түрлі істің айқындығын, дәлдігін, нақтылығын қалайды ғой. 
Ондай әрекеттерінде ешкімге зиянын тигізбейтін, барша жұртқа түсінікті ұғым болуға тиіс. 
«Осы  ойдың  мәнісі  не?»  деген  мәселе  төңірегінде  бір  топ  шәкірт  өзара  пікірлері  тоғыспай, 
ұзақ  таласады.  Бірақ  қанша  айтысса  да,  тиянақты  бір  түйінге  тоқтала  алмайды.  Ақырында 
ғұлама ұстаздарына барып, пікірталастарының түйінін шешіп беруі үшін өтініштерін айтады; 
О,  құрметті  ұстаз,  біз  ақиқаттың  не  екені,  оның  өмірге  қалай  келіп,  әрекетсе  қалай  ықпал 
ететіні,  атқаратын  қызметінің  мәртебесі  жайында  пікір  таластырып,  бір  түйінге  тоқтала 
алмай дал болдық. Осы жайды түсіндіріп, түйінін тауып беруіңізді өтінеміз!... 
Әбунасыр біраз ойланып отырды да, әлден уақытта басын жоғары көтеріп алып, шәкірттеріне 
былай деді: 
Әрбір адамның көкейінде өзі иланыммен сеніп ұстанған пікірі мен нанымы болады. Сол пікір 
мен наным сенімді іске, ойға жетелейді. Сол жекелік пікір мен сенім басқа бір адамның пікірі 
мен сеніміне сәйкес келсе, сонда пікірлер тоғысады да, ақиқат туады. Пікір мен сенімнің бір 
арнаға  түспеуі  дау-  жанжалды  қоздырады.  Ал  ақиқат  адамға  айқындықты  үйретеді.  Онсыз 
дәлдік жоқ. 
Әбунасыр қорытқан ой шәкірттердің санасыңдағы ақиқаттың әлі бұлыңғыр жолын 
нұрландырып жіберді, айқындықтың негізін анық танытты. 
1.Шәкірттердің ортақ пікірге келе алмау себебі 
A) Мақтанқұмарлықтары 
B) Атаққұмарлықтары 
C)  Өздеріне тым сенімді болуы 
D) Өздерін артық санаулары 
E) Ақиқат пен пікірдің айырмашылығын білмеуі 
2.Ойшылдың ақиқаттың тууы туралы пікірі қандай? 
A) Әр адамның қарама-қайшы пікірінен туады 
B) Көзқарастардың әртүрлілігінен туады 
C) Адамның сенімінен туады 
D) Біреудің сөзі ақиқат бола алады 
E) Көзқарастардың бір жерден шығуынан туады 
Израильде  әрбір  бала  дарындылық  бойынша  тест  тапсыру  мүмкіндігіне  ие  көрінеді.  Әрине, 
оның  бәрі  ата-анасының  қалауы  бойынша  жүзеге  асырылатыны  анық.  Жалпы,  дамыған 
елдердің  бірқатарында  тек  қана  ақылдыларды  ғана  емес,  сонымен  қатар,  керісінше,  ақыл- 
ойы артта қалған балаларды да анықтаумен айналысатын арнайы бағдарлама бойынша тест 
өткізу баяғыдан дәстүрге енгенін айта кетелік. Израиль мемлекетінде бүгінде он бес мыңдай 
вундеркинд  баланың  жабық  мектепте  арнайы  бағдарлама  бойынша  оқытылып  жатуы 
мемлекеттің  өз  азаматтарының  интеллектісін  пайдаланудағы  керемет  жетістігі  демеске 
болмайды. 
Мемлекеттік  құпияға  жататындықтан,  ондағы  білім  беру  бағдарламасы  туралы  ешқандай 
мағлұмат  алу  мүмкін  емес.  Жапоныңда  да,  ағылшынында  да  бұл  жағынан  арнайы  жүйе 
қалыптасқан.  «Алтын  басты  балалардың»  мемлекеттің  дамуына  зор  үлес  қосатынын жақсы 
білетін бұл елдер вундеркинд балаларға орасан қаражат бөліп отырады. 

134 
 
 
3. 
Мәтін мазмұны бойынша Израиль мемлекетінде вундеркинд балаларға деген 
көзқарас дәлелі
 
A) Жалпы білім беретін мектептерде арнайы бағдарламамен оқытады 
B) Арнайы мектептерде көпшілікке арналған бағдарламамен оқытады 
C) Арнайы қаражат тек ата-ана тарапынан бөлінеді 
D) Жабық мектептерде арнайы бағдарламамен оқытады 
E) Баланың өз бетімен дамуына тыйым салады 
4. 
Төменгі пікірлердің дұрысын таңдаңыз.
 
A) Вундеркиндтер әзірше ел үмітін ақтай алмай отыр. 
B) тест тапсырарда бала ата-анасының қалауына сүйенбейді 
C) Арнайы жобаны іске асыру - Жапон елінің өркендеуіне ықпал етті. 
D) Дарынды балалармен жұмыс жасау көп қаражатты керек етпейді. 
E) Израиль дамуы жетілмей қалған балаларға ғана көп қаражат жұмсайды. 
5. 
Мәтін мазмұны бойынша «Алтын басты балалар» дегендер кімдер?
 
A) Ақыл-ойы баяу дамитын балалар 
B) Қарапайым балалар 
C)  Ерекше дарынды балалар 
D) Үлгерімі төмен оқушылар 
E) Үлгерімі орташа балалар 
6. 
Тұжырымдардың 
дұрысы:1.Израиль 
мемлекетінде 
жабық 
мектептер 
жоқ- 
2.Израильде  15000-дай  бала  арнайы  бағдарламамен  оқиды.3.Жапондықтар  мен 
ағылшындар «Алтын басты» балалар мемлекетке тек шығын әкеледі деп есептейді.
 
A) Тек үшіншісі 
B) Тек екіншісі 
C) Бірінші мен екіншісі 
D) Тек біріншісі 
E) Екінші мен үшіншісі 
 
Менің  әкем  алғанына  емес,  біреуге бергеніне қуанатын  адам  еді.  Күзгі  жеміс  жинау  кезеңі  - 
әкемнің өміріндегі ең бақытты күндері болатын. Мәуе төккен күзгі ағаштар түбіндс асығыс- 
үсігіс  жеміс  жинап  жатқан  балаларға  мейірлене  ұзақ  қарап,  іштей  елжіреп,  нұрланып, 
рухтанып,  тіпті  көрер  көзге  кәдімгідей  жасарып  кететін  еді,  Маған  әкем  өзінің  өмірін,  күш- 
қуатын,  қабілетін  осы  минуттар  үшін,  яғни  адамдардын  өзіне  риза  болған  қуанышты 
жүздерін көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін. 
Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан 
шығар,  әйтеуір  ауылда  біреудің  пеші  яки  таңдыры  бұзылып  қалса  да,  есік-терезесі  қирап 
немесе  құдығынан  су  шықпай  жатса  да  әкемді  шақырып  әкететін.  Өз  үйіміздегі  қыруар 
шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін. 
Түн  ортасы  болса  да  орнынан  тұратын  да  әлгі жәрдсм сұрап  келген  адамға ілесіп,  үн-түнсіз 
үйден шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін. Ең бастысы - 
әкем  өз  еңбегі  үшін  әлгі  адамдардан  көк  тиын  да  алмайтын.  «Еңбегіңіз  ғой,  алыңыз»  деп 
коймайтын  кісілерге  қатты  ренжіп,  кейде  кейіп  тастайтын.  Әкемнің  осы  мінезін  жақсы 
білетін  ауылдастары  мұндайда:  «Бізден  қайтпаса,  құдайдан  қайтсын»  дегеннен  басқа  сөз 
айтпайтын. Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза болып қалатын. 
Бір жолы әкем үйге ете кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір қалған бір көп балалы әйел 
бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда тұратын ағам мен жеңгем 
қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі: 
Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз калай? - 
деді.  Әкем  оған  ренжіген  жоқ.  Қайта  қарқылдап  күліп  алды  да,  ағамның  әлгі  сұрағына 
сұрақпен жауап берді: 
Әрқайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген 
малдан қандай айырмамыз болмақ? 
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған 
күлімсірей қарады. 
Қазір  ойлап  қарасам,  әкем  өз  отбасын  ғана  емес,  бүкіл  бір  ауылға  «Мейірімділік»  деп 
аталатын  пәннен  мықтап  дәріс  беріп  кеткен  екен.  Бүгінгі  қиын-қыстау  кезеңнің  өзінде 
ауылдастарым бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалғап көршісінің 
тозығы  жеткен  шатырын  жөндеп,  сынған  терезесін  салып  беретін  қайырымды  жігіттер 
ауылда әлі де бар екен. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет