I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет48/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


3 мәтін 
1. Жаршының  даусын  күтіп  тұрған,  бастарына  өңкей  қызыл,  көк,  ақ  шыт  үшкілдеп  байлаған 
балалар  кекілдерін  бунап,  үкі  таққан  аттарын  ойнақтатып  шыға  берді.  Жеңіл  ер-тоқымды 
жарау аттар әсем билеп: бір қырындап, ойқастап, ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, енді бірі 
ортекеше орғып, кейбірі қайраңға шыққан балықша жондары жалт-жұлт етіп аласұрып, шыр 
көбелек айналып тулап, көкке шаншыла қарғып, ұзақ жарысты сезіп, қатты-қатты пысқырып, 
тұра қалып шегіншектеп, жер тарпып, өздеріне қадалған мың-мың көздің алдынан лек-легімен 
өте берді. 
2. Мойнын соза қараған, аттарға ұмтыла түсіп, кейін ығысып тәртіпке келтірген аттылардың 
қамшысынан жасқанған жұрт шулап тұр. 
- Әне, Құлайкөк пен Топайкөк! 
- Әй, ана бір сүліктей қара кімдікі? 
- Ана  қазмойын -  біздің  Көкдауыл!..  -  дескен жұрт,  астыңғы  ерні  салпиып,  жай  басып,  марғау 
аяңдап,  кекіліндегі  тұмарға  таққан  медалі  жарқырап  топ  арасында  Құлагер  өте  бергенде  гу 
етіп, орындарынан тұрып кетті. 
3.  Жаршының  жағында  тыным  жоқ:  «Бас  бәйге  -  бір  тайтұяқ  алтын,  боталы  інген,  тай, 
құлынымен бір үйір жылқы; екінші  - бір атан түйе,  он құлынды  бие; үшінші  - бір қоспақ, бес 
құлынды  бие,  он  қой;  төртінші  -  үш  құлынды  бие,  бес  қой;  бесінші  -  бір  кұлынды  бие,  күміс 
кесе... Бас бәйгеге ояздың медалі бар, екіншіге күміс сағат, үшіншіге күміс таяқ...» 
4. Ақан бәйгеші балаларға біраз еріп, Мөңкені тоқтатып алды да: 
- Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен мына бәйгенің сұрқы 
бөлек.  Байқа,  Құлагерді  тым  қыспа,  шаң  қаптырып  топ  ортасына,  ыққа  түсе  көрме,  жел 
жағында отырғайсың. Түйетастан аса бере тақымды бір қысып, қарқындатып ал да, Көкөзекке 
бұрын  түс.  Ойлы-қырлы  өзек  ішінде  атыңды  сәл  теже.  Сүріндіріп  алма.  Одан  шыға  бере 
Құлагердің көзін бір сүртіп, қиқуды салып, басын еркін қоя берсең, ар жағын қанатымның өзі- 
ақ көрсетеді, - деп Құлагердің мойнынан құшақтады. 
7. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
A) Түпкі айылдың батқанын. Иесі білмес, ат білер. B) Ер - намысының құлы. 
C) Ер қанаты - ат. D) Ер атағын ел сақтар. 
E) Ер сасқанда белгілі, Ат шапқанда белгілі. 
8. Халықтың Кұлагерге деген ерекше құрметі нешінші азатжолда суреттелген? 
A) Екінші B) Барлығында C) Бірінші D) Төртінші E) Үшінші 
9. Барлық жүлдегерлерге ортақ қандай бағалы сыйлық тігілді? 
A) Түйе B) Күміс C) Алтын D) Қой E) Жылқы 

309 
 
 
10. Мәтінде не туралы айтылған? 
A) Аттарды сынау B) Балуан күресі C) Жаршылар сайысы 
D) Ат баптаушылары E) Ат жарысы 
11. Мәтіннің стилі қандай? 
A) Ғылыми стиль B) Публицистикалық стиль C) Ауызекі сөйлеу стилі 
D) Ресми іс-қағаздар стилі E) Көркем әдебиет стилі 
12. Ақанның шабандоз балаға кеңесі қай азатжолда берілген? 
A) Бірінші    B) Төртінші   C) Екінші   D) Үшінші   E) Бірінші және екінші 
4 мәтін 
Қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел құрметіне 
бөленіп жүргенде, бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты: 
8. 
Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей кушті бар ма? Болды ма, кезікті ме? 
Сонда Қажекең: 
9. 
Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы 
қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, - деп әңгімесін бастапты. 
10. 
Осындағы  бір  азамат  жалғыз  өзімді  қонаққа  шақырды.  Көбіне  елге  сыйлы  азаматтар, 
әншілер мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды коса шақыратын 
да,  отырыстың  өзі  көңілді,  қызықты  өтетін.  Шақырған  үйдін  мол  дастарқанының  төрінде 
жалғыз  мен.  Үй  иесі  сөзге  сараң,  әлденеге  алаңдаулы.  Бір  уақытта  пар  ат  жеккен  пәуеске 
сартылдата, қатты екпіндетіп келіп, есік алдына тоқтай қалды. Одан дембелше келген жігіт 
түсіп: «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бере кіріп келді. Бір тізерлеп отыра қалып, нан ауыз 
тиді де, маған қарап: 
11. 
Қажы  аға!  Уақытым  аз,  асығыспын.  Сізді  қонаққа  шақыра  келдім.  Осы  қазір  жүріңізші!  - 
деп  түрегелді.  Атып  тұрып,  ере  жөнелдім.  Пәуескеге  отырып,  Ертіске  келдік.  Бір  қайықшы 
қайығымен  тосып  тұр  екен.  Қайыққа  отырдық.  Содан  өзен  ортасындағы  Түйемойнақ 
аралына  алып  келді.  Аралда  бір  жігіт  тайқазанға  ет  асып  жатыр  екен.  Дастарқан  жайып, 
тамақты түсіріп болған соң, мені әкелген жігіт қайықшы екеуі кетіп қалды. 
Аралда әлгі жігіт екеуміз ғана. Тамақ ішіп болдық. Сонда ғана әлгі бауырдың шақырған себебін 
түсіндіргені. 
12. 
Аға,  арманым  елдің  даңқын  көтерген  сізді  бір  көру,  қонақ  етіп,  құрмет  көрсету  еді.  Енді 
сізден  бір  өтінішім,  мені  бір  сынап  көріңізші.  Өйткені,  өз  күшімді  сынайтын  адамды 
жолықтыра алмай жүрмін, - дегені. 
13. 
Қалай, күресіп пе? - деп сұрадым. 
14. 
Иә. 
15. 
Аралда екеумізден басқа ешкім жоқ болса да, ағаштардың арасындағы тасалау жердегі 
алаңқайға ертіп барып: 
16. 
Жол сіздікі, жасыңыз үлкен, - деп аяғын алшақтау қойып тұра қалды. 
Әлгіні  олай-бұлай  итерем,  тартам.  Тартып  тұрып,  итеріп  қалам.  Итеріп  тұрып,  тартып  қалам. 
Тамырын  тереңге  жіберген  емен  секілді,  былқ  етпейді.  Тұрған  орнынан  қозталта  алмай-ақ 
қойдым, қақитан мойны да иілмейді. 
17. 
Ал  енді  өзің  көр,  -  деп  кезекті  бердім.  Сол-ақ  екен  ол  бір  қолымен  иығымнан  қапсыра 
ұстады да, шыр айналдырып, дедектете жөнелді. Бір уақытта екінші қолымен қоса ұстады да, 
жерден көтере айналдырды. Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен күрессем де, еш уақытта 
мұндай  күйге  түспеген  едім.  Әлгі  жігіттің  қолында  орамалдай  желпілдеп,  айнала  ұшып 
жүрмін.  Бір  уақытта  тік  көтеріп  алды  да,  жерге  екі  аятыммен  дік  еткізіп  қоя  қойды.  Сосын 
басын иіп, тізесін бүгіп, еңкейе тағзым етіп: 
18. 
Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін! - деді. 
Күші асып тұр, тағы аға деп сыйлап, жықпай тұр. Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына 
жолатпағаны да менің абырой-даңқыма сызат түспесін деген сақтығы екен. 
Мен  қазақ  болып  туғаныма,  үлкенді  сыйлаған  әдет-ғұрпыма,  оны  білетін  інілер  барына  
қуанып, жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп, құшақтап алдым. Көзімнен жас та шығып кетті. 
Осындай ініні көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындаймын. 
19. 
Жүр, бауырым, менімен бірге. Дүниежүзінде саған тең келер ешкім жоқ. Өзім аралатам, үнемі 

310 
 
 
жаныңда  болам.  Дүниежүзінің  балуандарын  енді  сен  жығасың.  Жүр,  менімен  бірге!  -  дедім. 
Сөзіме, көніліме риза болып тұр, бірақ басын шайқайды. Өмір бойы көре алмай жүрген туысын 
тапқандай, елжіреп ағалай береді. 
13. Жігіттің Қажымұқанды қонаққа шақыруының басты себебі неде? 
A) Қажымұқанды жығып, даңққа бөлену B) Күшін Қажымұқанға сынату 
C) Жора-жолдастарымен таныстыру D) Дәм татқызып, әнін тыңдату 
E) Үй ішін балуанмен таныстыру 
14. Түйемойнақ аралында неліктен Қажымұқанның жамбасы жерге тимеді? 
1. Қажымұқанның күші басым болғандықтан 
2. Қажымұқанды сыйлағандықтан 
3. Қажымұқанның абырой-даңқына сызат түсіргісі келмегендіктен 
A) Барлығы дұрыс B) Екіншісі мен үшіншісі дұрыс 
C) Біріншісі мен екіншісі дұрыс D) Барлығы бұрыс 
E) Біріншісі мен үшіншісі дұрыс 
15. Мәтіннің стилі қандай? 
A) Ауызекі сөйлеу стилі B) Публицистикалық стиль C) Көркем әдебиет стилі 
D) Ғылыми стиль E) Ресми іс-қағаздар стилі 
16. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
A) Күш атасын танымас. B) Ер айтқанынан қайтпас. C) Батыр жарасыз болмас. 
D) Шешінген судан тайынбас. E) Тәуекел тау жығады 
17. Әңгіме соңында Қажымұқан қандай көңіл күйде болды? 
A) Күмәнданды B) Басу айтты C) Ренжіді D) Толқыды E) Сабыр етті 
18. Күресте кім жеңіске жетті? 
A) Қажымұқан B) Қайықшы жігіт C) Тең түсті D) Балуан Шолақ 
E) Бейтаныс жігіт 
19. Мәтін мазмұнынан жігіттің қандай қасиеті көрінеді? 
A) Шешендігі B) Кішіге мейірімділігі C) Үлкенді сыйлауы 
D) Барға қанағатшылдығы E) Атаққұмарлығы 
20. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? 
A) Қазақ халқының қонақ күту дәстүрін насихаттау 
B) Қазақ халқының үлкенді құрмет тұтатын салт-дәстүрін дәріптеу 
C) Балуандардың дүниежүзілік күреске жету жолын көрсету 
D) Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету 
E) Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету 
 
2320-нұсқа 
1-мәтін 
Қазақ халкының салт-дәстүрі бойынша азаматтың үш жұрты болады. Олар өз жұрты, нағашы 
жұрты  және  қайын  жұрты.  Бұл  үшеуі  де  жанашыр,  сүйеніш  болып  саналады.  Осы  үш  жұртқа 
қатысты айтылатын туыстық қатынас «ағайын», «туыс», «ілік», «жамағайын», «жекжат», 
«жұражат»,  «кұдандалы»  деп  аталады.  Қазақтар  үш  жүзге,  тайпаларға,  руларға  бөлінгенімен, 
бірін-бірі  бөтен  санамайды.  «Қарға  тамырлы  қазақпыз»,  -  деп,  аты-жөнін  сұрастырып  отыру 
дәстүрге айналған. 
Ата - әкенің әкесі, оны ел-жұрт «ақсақал» деп кұрметтейді. Мұндай кісілер төрден орын алады, 
оларға  әрқашан  құрмет  көрсетіледі.  Оның  жолын  кесіп  өтуге  болмайды.  «Ауылыңда  қартың 
болса,  жазып  қойған  хатпен  тең»  дегендей,  ата  -  ел  ұйтқысы,  батагөйі,  ақылшысы  болып 
есептеледі.  Жастар  атадан  бата  алуға  тиіс.  «Аталы  ел  -  баталы»  деген  мақал  бар.  Атаның 
айтқаны кейінгілерге заң. 
1. 
Бір отбасындағы туыстық атау 
A) 
«Ағайын» 
B) 
«Жамағайын» 
C) 
«Құдандалы» 
D) 
«Жекжат» 
E) 
«Ілік» 
2. 
Жігіттің шыққан тегіне байланысты атау 
A) 
Нағашы жұрты 
B) 
Жұрағат 
 
C) 
Қайын жұрты 
D) 
Жекжат 

311 
 
 
E) 
Өз жұрты 
2-мәтін 
 
Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш кайнар бұлағы», 
- деген  екен.  Бүгінгі  күні  бірнеше  тілді  қатар  игерген  адамдар  саны  күн  санап  артуда  деп 
әбден айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп 
атайды. 
Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» 
деген қанатты сөзі бар, көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес: 
1) 
Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында 
күніне  прозалық  мәтіннің  жиырма  бетін  жаттап  алуға  қолы  жеткен.  Ол  орыс  тілін  6  апта 
ішінде үйренген. 
2) 
Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жакын тілдерді үйрену қажет екен. 
Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады. 
3) 
Ең  бастысы  -  қорыкпау  керек.  Тілді  үйрене  жүріп,  өз  ойыңызды  сол  тілде  түсіндіруге 
тырысу  керек.  Үйреніп  жүрген  тілде  сұрақ  қоя  отырып,  тіл  білетін  және  өзіңізге  көмек 
көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз. 
4) 
Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол - шетел тілін 
үйренуде жақсы көмекші. 
Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик 
философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін 
ұмытпайық! 
3. 
«Полиглот» деп кімдерді айтамыз? 
A) 
Жазушылық қабілеті бар адамдарды 
B) 
Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды 
C) 
Он шақты тіл меңгергендерді 
D) 
Екі тілді меңгерген адамдарды 
E) 
Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды 
4. 
Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр? 
A) 
Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді. 
B) 
Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой. 
C) 
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 
D) 
Басқа пәле - тілден. 
E) 
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. 
5. 
Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренуге негіз болатын басты әрекет 
A) 
Тілдердің ұқсастығы 
B) 
Музыка тыңдау 
C) 
Қоркынышты жеңе білу 
D) 
Адамның жеке қабілеті 
E) 
Күн сайынғы жаттығу 
6. 
Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай арттыруға болады? 
A) 
Ән шырқау арқылы 
B) 
Әуезді саз тыңдау арқылы 
C) 
Әдемі сөйлеу арқылы 
 
 
3- 
мәтін 
D) 
Музыка жазу арқылы 
E) 
Көп әңгімелесу арқылы 
1. 
Пілдер  -  ежелгі  тұмсықтылар  тобынан  біздің  заманымызға  жеткен  жалғыз  жануар.  Бұрын 
олардың  түрі  40-қа  жеткен  болса,  бүгінде  үш  қана  түрі  бар:  Саванналық  африка  пілдері, 
африкалык  орман  пілдері  және  азиялық  пілдер.  Пілдің  дене  тұрқы  -  6-8  метр,  салмағы  9 
тоннадай  болады.  Олар  70-80  жыл  өмір  сүреді.  Негізгі  ерекшелігі  -  үстіңгі  ерніне  жалғасқан 
ұзын ет тұмсығы (хобот). Олар мұны адамдардың қолындай пайдаланады. Сол арқылы заттың 
иісін  біледі,  сезеді  және  орап  ұстайды.  Піл  тұмсығы  бір  мезгілде  7,5  литр  суды  ұстап  тұра 
алады. Пілдердің көздері жақсы көрмейді, есесіне олар ешбір жаратылыс сезбейтін иісті сезіп 
қояды.  Оның  тұмсығында  40  мыңнан  астам  рецептор  бар.  Пілдің  кейбір  тұстарындағы  тері 
қалыңдығы - 4-5 сантиметр болады. 
2. 
Пілдер  мұңаяды,  уайымдайды,  сағынады,  ағайындарына  көмектеседі,  музыкамен 
айналысады, сурет салады. Өздерінің дене көлеміне қарамастан олар епті және тез қозғалғыш 
келеді  және  олардың  тепе-теңдік  сақтау  кызметі  жақсы  дамыған.  Басқа  ірі  сүтқоректілер 
секілді  пілдер  ыстықка  қарағанда  салқын  жерді  жақсы  көтереді.  Күннің  ең  ыстық  уақытын 
көлеңкеде өткізіп, денесін салқындату мен жылу алмасуды жақсарту үшін үздіксіз құлақтарын 
қағады.  Олар  суға  шомылып,  өздерінің  үстеріне  су  құйып,  батпақ  пен  шаңда  аунағанды 
ұнатады.  Бұл  әрекеттер  терілерінің  құрғап  кетуінен,  күнге  күюден  және  шыбын-шіркейдің 
шағуынан қорғайды. 

312 
 
 
3. 
Пілдер  —  отбасылық  өмірді  қадір  тұтатын  жануарлар.  Олардың  аналықтары  әркашан 
отбасымен бірге өмір сүреді, өлгенде немесе адамдар ұстап алғанда ғана бөлінуі мүмкін. Олар 
топ-тобымен жүреді. Топтағы пілдер саны 6 мен 12-нің аралығында болады. Ал аталық пілдер 
12 жасқа таяғанда отбасынан бөлініп шығады. Дүниеге жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік 
тұра  алады.  Салмағы  120  кг-ға  жуық  болады.  Туғанда  көзі  соқыр  болатындықтан,  анасының 
тұмсығына  арқа  сүйейді.  Жаңа  туған  пілдің  өмір  сүруге  қабілеті  болмағандықтан,  анасы  мен 
олардың  тәжірибелі  мүшелері  оны  үйрете  бастайды.  Анасы  оған  бірнеше  күтуші  таңдап,  өзі 
сүтін көбейту үшін азық жинауға кетеді. Пілдер күніне 100 литр су ішіп, 300 кг шөп жей алады. 
Пілдер  тәулігіне  3  сағат  шамасында  ғана  ұйықтайды.  Жалпы  олардың  өмірінің  басым  бөлігі 
тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 сағатын осыған арнайды. 
4. 
Пілдер  -  Африка  мен  Азияның  қалың  ормандарында  және  ашык  өлкелерінде  мекендейді. 
Азия  пілдерінін  мекендейтін  аймағы:  Оңтүстік  және  Солтүстік-Шығыс  Үндістан,  Шри-Ланка, 
Непал,  Бутан,  Бангладеш,  Мьянма,  Тайланд,  Лаос,  Камбоджа,  Вьетнам,  Оңтүстік-Батыс  Қытай, 
Малайзия, Индонезия және Бурней аймақтары. 
 
7. 
Пілдердің қай мүшесі ең көп кызмет атқарады? 
A) 
Аяғы 
B) 
Тұмсығы 
C) 
Көзі 
D) 
Құлағы 
E) 
Басы 
8. 
Мәтін мазмұны бойынша пілдер неліктен құлақтарын қағады? 
A) 
Күнге күймес үшін 
B) 
Шыбын-шіркейден қорғану үшін 
C) 
Денесіне батпақ шашу үшін 
D) 
Суықтан қорғану үшін 
E) 
Жылу алмасуды реттеу үшін 
9. 
Жаңа туған пілге қатысты дұрыс мәліметтер 
1. 
Аяғына тік тұра алмайды 
2. 
Салмағы 120 келіге жуық болады 
3. 
Туғанда көзі соқыр болады 
A) 
Бірінші мен үшінші дұрыс 
B) 
Бірінші мен екінші дұрыс 
C) 
Екінші мен үшінші дұрыс 
D) 
Үшеуі де бұрыс 
E) 
Үшеуі де дұрыс 
10. 
Мәтін бойынша пілдерге қатысты дұрыс нұсқа. 
A) 
Тепе-теңсіз алыптар 
B) 
Азиялық алыптар 
C) 
Еуропалық алыптар 
 
D) 
Африкалык епсіздер 
E) 
Сахаралык епсіздер 
11. 
Пілдер 1 тәуліктің қанша уақытын ұйқыға арнайды? 
A) 
Төрттен бірін. 
B) 
Екіден бірін. 
C) 
Үштен бірін. 
12. 
Пілдердің қай мүшесі нашар дамыған? 
A) 
Есту мүшесі 
B) 
Дәм тату мүшесі 
C) 
Көру мүшесі 
D) 
Алтыдан бірін. 
E) 
Сегізден бірін. 
 
D) 
Қозғалыс мүшесі 
E) 
Сезу мүшесі 
 
4- 
мәтін 
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және 
кекіл қою. Қазақ халкының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта 
«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын 
көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне 
бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. 
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. 
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі 
көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген 
жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, 
денінің  сау  болуын  тілейді.  Халық  айдарлы  балаға  тіл-көз  тимейді  деп  есептеген.  Қойылған 
айдарды  бала  жеті  жасқа  немесе  он  үш  жаска  келгенше  тіл-көздің  сұғынан  сақтайды  деп 
алғызбаған.  Халық  дәстүрінде  балаға  сұқтанған  адамның  көзі  айдарға  түсіп  алдансын  деген 
сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым 
бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. 
Қазақта Айдар деген адам есімі де бар. 
Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері 

313 
 
 
бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан 
сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен. 
13. 
Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін көрсетіңіз 
A) 
Бала болашақта ғалым болады 
B) 
Бала дәулетті, бай адам болады 
C) 
Бала аурудан тез сауығып кетеді 
D) 
Тіл мен көзден сақтайды 
E) 
Баланың дос-жарандары көп болады 
14. 
Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады? 
A) 
Тілі шыққан кезде 
B) 
Қырқынан шығарған кезде 
C) 
Сүндетке отырғызған кезде 
D) 
Он жасқа толған кезде 
E) 
Тәй-тәй басқан кезде 
15. 
Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады? 
A) 
Үйленген кезде 
B) 
Алғаш аңыға шыққан кезде 
C) 
Мүшел жасқа келген кезде 
D) 
Жеті жасқа толған кезде 
E) 
Бала сырқатынан айыққан кезде 
16. 
Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз 
1. 
Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі. 
2. 
Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында. 
3. 
Наурызбай батырдың айдары болған. 
A) 
Біріншісі мен үшіншісі 
B) 
Үшеуі де бұрыс 
C) 
Үшеуі де дұрыс 
17. 
Мәтінге атау беріңіз 
A) 
«Айдар» есімі туралы 
B) 
Қарын шаш 
C) 
Бүгінгі шаш үлгісі 
D) 
Біріншісі мен екіншісі 
E) 
Екіншісі мен үшіншісі 
 
D) 
Тайландтық «Айдар» 
E) 
Айдар шаш 
18. 
Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз 
1. 
Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды. 
2. 
Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған. 
3. 
Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар. 
A) 
Тек біріншісі, 
B) 
Біріншісі мен екіншісі 
C) 
Екінші мен үшінші 
19. 
Мәтін стилін анықтаңыз 
A) 
Ауызекі сѳйлеу 
B) 
Fылыми 
C) 
Ic-қағаздар 
D) 
Кѳркем әдебиет 
E) 
Ресми 
D) 
Тек екіншісі 
E) 
Тек үшіншісі 
 
20. 
Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі 
A) 
Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі 
B) 
Бұрымды қыздар жиі кездеседі 
C) 
Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі 
D) 
Шашына үкі тақкан кыздар жиі кездеседі 
E) 
Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі 
 
2321 нұсқа 
1-мәтін 
Жер  шарында  теректің  жүзден  астам  түрі  бар.  Біздің  елімізде  теректін  отыз  шақты  түрі 
кездеседі.  Қазақстан  жерінде  ақ  терек,  көк  терек,  қара  терек,  мырза  терек  сияқты  түрлері 
өсіріледі. 
Терек  өте  тез  өседі.  Оның  биіктігі  елу  метрге  дейін  жетеді.  Мұндай  әсем  де  ірі  ағаш  көше 
бойына,  аулаға,  су  қоймаларының  жағалауына  отырғызылады.  Қалалар  мен  ауылдарды 
көгалдандыруға, егіс алқабын қорғауға пайдаланылады. 
Теректің  бір  артықшылығы  -  көп  күтім  тілемейді.  Оны  көшеттерден  көбейтуге  болады. 
Теректің  кейбір  түрлері  жүз  жиырма,  жүз  елу  жыл  өседі.  Терек  ағашы  жұмсақ  болады.  Одан 
сіріңке, қағаз, түрлі бұйымдар жасалады. Теректі құрылыста да кеңінен пайдаланады. 

314 
 
 
1. 
Мәтін тақырыбын анықтаңыз. 
A) 
Ағаш өнімдері 
B) 
Қазақстанда өсетін ағаштар 
C) 
Ағаш түрлері 
D) 
Ағаштың пайдасы 
E) 
Терек ағашы 
 
2. 
Тұжырымдардың дұрысы: 
1. 
Терек баяу өседі. 
2. 
Терек көп күтім тілемейді, 
3. 
Терек катты ағашқа жатады. 
A) Екінші мен үшінші 
B) Үшеуі де 
C) Тек бірінші 
D) Тек екінші 
E) Бірінші мен екінші 
2- 
мәтін 
 
Ерте  көктем  шығысымен-ақ  әкем  қыс  бойы  көміліп  жатқан  жүзім  бұтақтарын  ашып,  оны 
ағаштан  иіп  жасалған  арнайы  белдеулерге  асып  қоятын.  Бұл  өте  күрделі,  нәзік  жұмыс. 
Қысымен жер астында жаткан жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай- 
бармақтай бүртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем топырак 
астында көзге көрінбей жатқан адам саусактары секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай 
жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті көктемдегі жүзім ашу ісіне өзінен басқа тірі 
пендені  жолатпайтын.  Мұндайда  әкем  жүзімнің  әр  бұтағын  қолымен  сипалап,  «Ә,  оянып 
қалдың  ба,  жарайды,  сен  де  жарық  дүниеге  шыға  ғой»,  -  деп  өзінен-өзі  күбірлеп  сөйлеп  
жүретін. 
Әкем  үш  гектардай  жерді  алып  жатқан  жеміс  бағындағы  алма,  өрік,  шабдалы,  тағы  басқа 
мыңдаған  түп  ағаштардың  әрбіреуінің  қай  жерде,  қалай  тұрғанын,  неше  жаста  екенін,  өткен 
жылы неше бұтағы кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл қайсысына күтім қажеттігін жатқа 
білетін. Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның 
артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен жапырақтарына дәрі сеуіп жүретін. 
3. 
Автордың бағбанға қатысы қандай? 
A) 
Інісі 
B) 
Ағасы 
4. 
Бүл кімге/неге айтылған сөз? 
C) 
Шөбересі 
D) 
Баласы 
E) 
Немересі 
«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой». 
A) 
Жүзімге 
B) 
Алмаға 
5. 
Мәтінде не туралы айтылған? 
1. 
Әкенің бақты күту шеберлігі 
2. 
Бау-бақшаны баптау сыры 
C) 
Әкеге 
D) 
Балаға 
E) 
Өрікке 
3. 
Бақтағы жемістердің өнімінің көптігі. 
 
A) 
Біріншісі мен үшіншісі дұрыс 
B) 
Екіншісі мен үшіншісі дұрыс 
C) 
Барлығы бұрыс 
D) 
Біріншісі мен екіншісі дұрыс 
E) 
Барлығы дұрыс 
6. 
Мәтінді жазудағы автордын басты ойы
 
A) 
Жүзім түрлерін жарнамалау 
B) 
Жеміс ағаштарының түрлерін жарнамалау 
C) 
Әкесі туралы естелік 
D) 
Жеміс бағының күтімі бойынша кеңес 
E) 
Жеміс бағының пайдасы туралы айту 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет