Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Экологиялық құқық ұғымы мен реттеу нысанын анықтайды
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастырады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілермен танысып құқықтық жағдаятта
қолдану ерекшеліктерін қарастырады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
Төменде берілген түсініктермен танысып, анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
|
Түсінік
|
|
Анықтама
|
1
|
Қоршаған табиғи ортаны қорғау
|
|
А) Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық)
қатынасын ретгейді
|
2
|
Экологиялық құқық
|
|
В) табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықытруға
бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі
|
3
|
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану
|
|
С) Қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде
пайдаланылатын құрамдас бөліктері
|
4
|
Биологиялық ресурстар
|
|
Е) генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың
бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе
|
|
|
|
құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық
компоненттерi
|
5
|
Генетикалық түрлендiрiлген организмдер
|
|
D) тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсiмiн молайтуға немесе оларды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың
фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер
|
Берілген құқықтық жағдаятпен танысып, кәмелетке толмаған баланы қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін жазып көрсетіңіз.
1-жағдаят
Кәмелет жасқа толмаған азаматтар М. және Г. 25 қаңтар 2013 жылы сағат 16.30-шамасында Станкеевич көшесінде орналасқан «Алматы-1» сауда орталығының қасында кәмелет жасына толмаған Ш-ның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, ашық түрде оның ақшалай қаражатын иемденген, аталған іс-әрекеттерімен соңғының заңды өкіліне 6000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.
Кәмелет жасқа толмағандар жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, ашық түрде оның ақшалай қаражатын иемдену Қылмыстық кодекстің қай бабына сәйкес:
А) 191-бап. Тонау
В) 192-бап. Қарақшылық С) 193-бап. Қорқытып алу
Жағдаятқа сәйкес кәмелетке толмаған М. және Г. Қылмыстық кодекске сәйкес қандай жаза тағайындалады?
Сот тарапынан тағайындалатын жазаны ауырлатуға немесе жеңілдетуге бола ма? Болса/болмаса қандай негіздер бойынша?
Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдаятпен танысып, қолданылатын жазаны жазып көрсетіңіз.
«Б» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қ.Б. «О. Г. ЛТД» ЖШС және «Ш» ЖШС араларында Қ. облысында шыны зауытының құрылысын жүргізуге шарт жасау үшін 2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Одан басқа, сотта, ол бір топ адаммен жоғарыда көрсетілген зауыт құрылысы кезінде 1 154 890 185 теңге аса ірі сомасында ақшалай қаражатты жұмсауын ұйымдастырғаны анық дәлелденген.
Сондай-ақ Қ.Б. бір топ адаммен алдын ала сөз байласу бойынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бірнеше рет аса ірі мөлшерде жалпы сомасы 345,5 млн. теңге болатын пара алып отырған.
Сот қандай үкім шығаруы тиіс?
ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қандай жаза тағайындалуы тиіс?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның қандай нормаларын бұзды?
Достарыңызбен бөлісу: |