I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Денсаулықты нығайту, дене дамуына дұрыс әсерін тигізу және денесін шынықтыру



бет25/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

1.Денсаулықты нығайту, дене дамуына дұрыс әсерін тигізу және денесін шынықтыру. Бұл міндеттік дене шынықтыру, спорт жөнінен ұйымдастырылатын барлық жұмыс түрлеріндегі, негізгі міндет екенін педагогикалық ұжым мен әр мұғалім түсінуі және білуі қажет.

Мектеп жасы – балалардың жылдам өсуі және денесінің даму кезеңі болып табылады. Сондықтан мектеп барлық жағдайда, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқушылырдың денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз етуі қажет.

Дене жаттығулары сабақтары ең алдымен адам ағзасына әсерін тигізе отырып денесін шынықтыру, денсаулығын нығайту міндеттерін дүзеге асырады. Сондықтан көптеген сабақтар таза ауада өткізіледі, ал жабық орында өткізілетін сабақтар қажетті гигиеналық талаптарды қажет етеді.

Бұлшық ет топтарының, тыныс алу, қан-тамыр жолдары, сонымен қатар ағзаның басқа мүшелерінің қызметін күшейтуде ойын, жүгіру, секіру, лақтыру, шаңғымен жүру жаттығулары ерекше орын алады.

Дене жаттығулары сабақтары мен бірге сабақтағы демалыс минуттары, сабаққа дейінгі гимнастика, үзілісті ұйымдасқан түрде өткізу, мектеп тазалығы, ыстық тамақ, мұғалімнің оқушылырдың тұлғасына, жүріс-тұрысына қарауы сияқты іс-шаралар да қолданылыды.

Оқушылырдың қалыпты дамуында тұлғаны дұрыс ұстау ерекше орын алады. Ағзаның, ішкі құрылыстың қызметінің қалыпты жағдайда болуы тұлғаға байланысты. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру, сонымен қатар тұлғаға арналған жаттығуларды орындау алға қойған міндеттерді шешеді.

Денсаулықты нығайту, шынықтыру үшін жаратылыстың табиғи күштері кеңінен қолданылады.

Оқушылардың денсаулығын жақсарту барысындағы міндеттерді орындау үшін, мектеп оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуларымен айналысуын талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет