Жалаушамен жасалатын эстафета
Ойыншылар үш – төрт топқа бөлінеді, әр топ өз алдына арақашықтығы төрт – алты метрден бір сызық бойында бірінен соң бірі тұрады.
Ойын басқарушы топтың басында тұрғандарға бір – бір жалаушадан береді. 25 – 30 метрлік қашықтықта әр топтың тұсына бір – бір жалауша шаншылып қойылады. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша жалауша ұстап тұрған ойыншы тез жүгіріп, өзінің қарсы тұсындағы шаншулы тұрған жалаушаны әлі алып келіп, өзіне кейінгі тұрған ойыншыға қолындағы жалаушаны береді. Ол да біріншінің істегеніндей тез жүгіріп барып өз жалаушасын ұстатады. Сөйтіп қайталай береді. Ең соңынан кімнің тобы өз тұсындағы шаншылып тұрған жалаушасын ұстаса, сол топ жеңіске жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |