I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет71/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Үйге берілген тапсырма
Аптасына 3 сағат болатын дене тәрбиесі сабағында балалардың дене тәрбиесі жаттығуларын ойдағыдай үйреніп шығуы қиынға түседі. Үлкен жетістіктерге жету үшін олардың өзіндік жұмыс жасауы тиіс. Осындай іс – әрекеттердің бірі тапсырманы үйде орындау болып табылады.

Үйге берілген тапсырма өтілген материалдың толық меңгеруіне септігін тигізеді. Тапсырма арқылы оқушылардың дене жаттығуларын бір қалыпты орындалуына және балалардың денсаулығымен, дене дамуына жағымды әсер тигізеді. Сонымен қатар оқытушының берген кеңестері оқушының тәрбиесі үшін өте маңызды. Кеңес жалпы және арнайы болуы мүмкін, және бұл әр оқушының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.

Өзіндік жұсыс жасауға төмендегідей жаттығуларды ұсынуға болады:

жалпы дамыту жаттығулары;

қысқа секіртпемен секірту (әсіресе, ұл балаларға, себебі олар қыздарға қарағанда секіртпемен нашар секіреді);

биіктікке секіру және биіктіктен секіру;

алысқа және көздеп лақтыру;

өрмелеу және тепе – теңдік жаттығулары;

ойын жаттығулары, т.б.

Шамамен үйге берілген тапсырма мынандай болуы мүмкін:

а) алғашқы екі жаттығуды орындай білу;

ә) екеулеп секіртпемен секіре білуі;

б) мәлімдеме беру;

в) допты сол, оң қолмен лақтырып және қағып алуға үйренуі;

г) арқанмен өрмелеу жаттығулары;

Үйге берілетін тапсырмалар ыңғайлы, қауыпсыз сонымен қатар күрделі болуға тиіс.

Әр бір үйге берілетін тапсырманы мұғалім алдын ала ойластырылады. Тапсырма сабақта орындалған жаттығулар болуы керек, содан кейін үйге беріледі.

Сабақ барысында үйге берілетін тапсырма өзгеруі мүмкін. Оқушылар үйге берілген тапсырманың маңызын, орындалуы әдісін анық түсіну үшін ал мазмұнды болуы тиіс. Сонымен бірге орындалатын орынмен тәртібі көрсетіледі ( үйде, спорт залда, алаңда, т.б.)

Балалар жаттығуларды үнемі орындап отырған жағдайда ғана үй тапсырмасының маңызы артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет