Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау
Кәсіби даму бағдарламасы аясында мұғалімдер жоспар жасап үйренеді. Педагогикалық
шеберлік орталығының білім беру порталынан мұғалімдерге тізбектелген төрт сабақтан
тұратын топтаманы жоспарлауда пайдалануға болатын көптеген ресурстарды табуға болады.
• Жоспарлау жөніндегі нұсқаулық
мұғалімдерге сабақтар топтамасы кім үшін
жоспарланғанын, нені үйрету керек екенін және бағалаудың қандай әдістерін пайдалану
қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.
• Толтыруға арналған кесте
орта мерзімді жоспарлау кезінде қолданылатын нысан
болып табылады. Оны мұғалімдер оқу мақсаттарын жазуға, оқытудың белсенді
стратегияларын, оқу нәтижелерін, жоспарланған бағалауды, оқушылардың барлығының
сабаққа қатысқандығын және әр сабақ үшін қажетті ресурстар тізімін жазу үшін
пайдалана алады.
• Кестені толтыру жөніндегі нұсқаулықта
орта мерзімді жоспарлау нысанының қандай
тарауына не жазу керектігі туралы толық мәлімет ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |