6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген
мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші
кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның
жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына
едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.
Оқу үшін бағалаудың маңызы Кез келген мұғалім «
Оқу үшін бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблемаларын
шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да.
Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-
аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау
оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ойды қабылдау үшін біздің түсінігімізді
едәуір өзгерту қажет болады.