Жалпы орта білім беру
Ауданда 22 жалпы білім беретін мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады, оның ішінде 14 орта, 7 негізгі, 1 бастауыш мектеп. Аудан бойынша оқушылардың контингенті 3029 оқушыны құрайды.
Аудан бойынша жалпы педагог саны 771 оның ішінде жоғары және 1 санатты мұғалімдер саны 294.
Аудан аумағында 22 (95,8%) қазақ тілінде білім беретін мектептер 1 (4,2%) орыс және қазақ тілінде білім беретін мектеп бар.
Аудан бойынша соңғы 5 жыл ішінде ҰБТ түрінде оқушылардың білім сапасына сыртқы бақылау жүргізілуде. 2014 жылдың қорытындысы негізінде ҰБТ нәтижесі аудан бойынша орташа 63,4 балл болды.
Достарыңызбен бөлісу: |