СТАНДАРТ Науқасты цистоскопияға дайындау Мақсаты: зерттеуге науқастың сапалы дайындығын қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың шырышты қабатын визуальды қарау;
емдік: қуықтағы ісікті және полипті алу.
Әзірле: стерильді цистоскоп; дәрет алуға және тазалау клизмасына арналған жиынтық, зерттеуге жолдама.
Цистоскопияны дәрігер жүргізеді, медбике көмектесіп тұрады. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Науқасқа психологиялық дайындық жүргізіңіз.
Зерттеу аш қарынға жүргізіледі.
Науқасқа таңертең зерттеу алдында дәрет алу қажеттілігін ескертіңіз және сыртқы жыныс мүшелерінің гигиеналық жуу техникасын үйретіңіз.
Таңертең зерттеуден 2 сағат бұрын тазалау клизмасын жасаңыз.
Зерттеу алдында қуығын босатуын сұраңыз.
Белгіленген уақытта науқасты ауру тарихымен эндоскопиялық кабинетке апарыңыз.
Зерттеуден кейін 2 сағат төсектік режимді сақтау қажеттілігін ескертіңіз