Электрокардиография- Жүректе пайда болатын биотокті жазу тәсілі. Бұл биотоктар әуелі синус түйінінде пайда болып, күрделі нейрогуморальды процестердің әсерінен ионизацияны тудырады. Анион пайда болған жүрек аймағы электр теріс мәнді деп есептеледі, ал жүрек ұшы – электр оң мәнді. Соның нәтижесінде потенциалдардың айырмашылығы пайда болып, иондар немесе электр тогі жүрек бойымен тарайды. Электр токтар күрделі қисықпен тарайды: синус түйінен жүрекшелердің ішкі қабырғаларына барып, жүрекшелердің барлық қабатын қамтиды, сосын антриовентрикулярлы түйіне ауысып, оған соқпай Гис будасының сабағымен қарыншаларға жетіп, ішінен сыртқа қарай тарап, қарыншалардың барлық қабатын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |