Жүректің тыңдау реті және қақпақтарының тыңдау нүктелері: 1. Науқасты шалқасынан немесе сол қырына жатқызып, фонендоскопты жүрек ұшына қойып, қос жармалы қақпақты тыңдаңыз. Қалыпты жағдайда ол сол жақта V қабырға аралықта бұғана ортасы сызығынан 1 – 1,5 см ішке қарай естіледі.
2. Науқасты тұрғызып, қолдарын жоғары көтеріп немесе оң қырына жатқызып, аорта (қолқа) қақпағын тыңдаңыз. Қалыпты жағдайда ол төстің оң жақ жанында ІІ қабырға аралығында естіледі.
3. Фонендоскопты төстің сол жағына ІІ қабырға аралығына қойып, өкпе артериясы қақпағын тыңдаңыз. Ол төстің сол жақ жанында ІІ қабырға аралығында естіледі.
4. Фонендоскопты төстің семсерше өсіндісінің тұсына қойып, үш жармалы қақпақты тыңдаңыз. Қалыпты жағдайда ол төстің семсерше өскіні деңгейінде естіледі.