Бауырды, өт қалтаны және талақты ультрадыбысты пайдаланып зерттеу- бауыр тінінің жағдайын, бауырдың қатерлі ісіктерін, абцестерін, тастарын анықтауға мүмкіншілік береді.
Бауырдың пункциялық биопсиясы арқылы бауыр тканнің кішкене тілмесін морфологиялық, гистологиялық тексеруге алу.
Лапароскопия – оптикалық құрал лапароскопты пайдаланып іш қуысын қарау. Лапароскоп арқылы бауыр бетінің тегістігін, көлемін, түсін, шеттерінің түрін және консистенциясын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл тәсіл арқылы асциттің, бауыр қатерлі ісіктерінің, сарғаюдың түрлерін және спленомегалияны анықтауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |