Нефротикалық синдром: анасаркаға дейін баратын кенеттен пайда болған ісіктермен, протеинуриямен( тәулігіне 3,5 -5 г және оданда жоғары зәрде белоктың болуы); цилиндрурия; қандағы холестерин мөлшерінің жоғары болуы; гипопротеинемия ( қандағы альбумин мөлшерінің төмен болуы) жүретін симптомокомплекс. Бұл синдром гломерулонефритте, пиелонефритте, біріншілік амилоидозда, жүктілік кезіндегі нефропатияда, бүйрек ісігінде.
Нефритикалық синдром: Бүйректің қабыну ауруларында дамитын симптомокомплекс. Бүйректік артериальді гипертензиямен; ісікпен; протеинуриямен; лейкоцитуриямен, гематуриямен жүреді. Гломерулонефритте осы синдром дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |