Гипосоматотропты синдром – соматотропты гормонның өнуінің төмендеуінде немесе тежелуінде пайда болады. Адамда ергежейлік(бойының өспеуі ) дамиды.
Гиперкортикоидты синдром - бүйрек үсті безінің ісігі, гипоталамус, гипофиз зақымдалуы әсерінен бүйрек үсті безінің қыртысты затының гиперфункциясынан глюкокортикостероидтардың шамадан тыс бөлінуі. Иценко –кушинг синдромы мен ауруында дамиды. Негізгі симптомдары: майдың бетте жиналуы(ай тәрізді бет) және іште синалуы, жыныс бездерінің функциясының төмендеуі, ерлерде сүт безінің өсуі, әйелдерде етеккір циклінің тоқтауы, бедеуліктің дамуымен, ерлер типті түктенумен жүру( гирсутизм),артериальді гипертензия дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |