СТАНДАРТ Зәрдегі билирубинді тест-сызықшамен анықтау. Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).
Қолдануы: жедел және созылмалы гепатит
Әзірле:жаңа бөлінген зәр, тест-сызықша, пробирка.
Іс-әрекет алгоритмі Науқасқа жүргізілетін іс-шараны түсіндіріңіз.
Қаптамадағы сызықшаны алып, қаптаманың қақпағын жабыңыз.
Резеңке қолғап киіңіз.
Пробиркаға зерттелетін зәрді құйыңыз.
Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған сызықшаны батырып алыңыз.
Ыдыстың шетіне сызықшаның ұшын тигізіп артық сұйықтықты төгіңіз.
Қаптамадағы шкаланың түсі мен тест аймағының түсін салыстырыңыз.
8. Қолғапты шешіңіз, қолды жуып кептіріңіз.
Ескерту! -Жаңа жиналған зәрді күннің көзінен қорғау керек, себебі күннің әсерінен биливердинде билирубиннің тез қышқылдануы болады.
Қалыпты жағдайда зәрде билирубин анықталмайды.