СТАНДАРТ
Нәжісті гельминт жұмыртқасына алу
Мақсаты: гельминт жұмыртқасын анықтау
Қолдануы: гельминт түрін анықтау.
Әзірле: таза құрғақ мойны жуан шыны ыдыс-20-50мл (бір реттік пластмасса ыдысы) , судно, қалақша (шыны, ағаш), резеңке қолғап; жолдама жазып ыдысқа жабыстырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, медбике қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа зәр жинау ережесі жөнінде мағлұмат беріңіз.
Науқасқа нәжісті зерттеу жүргізетін күні таңертең еш дайындықсыз жинауын түсіндіріңіз.
Науқасқа нәжісті жинау техникасын үйретіңіз:
науқас нәжіс жинау кезінде қолғап киюі керек;
судноға ішекті босатқаннан кейін науқас қалақшамен нәжістің әр жерінен 5-10г көлемінде алып, әзірленген ыдысқа салып қақпағын жабады.
Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып кептіруі керек.
Нәжісі бар ыдысты жылы күйінде 30 минут ішінде клиникалық зерханаға жеткізіңіз.
Ескерту!
Құртқа қарсы препараттарды қолдану кезінде емдік шараның қорытындысы үшін зерттеуге нәжістің барлық порциясын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |