61
Көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы»
(1999) поэмасының жазылуы қазақ поэмасы тарихындағы елеулі
оқиға болды. Ақын бұл поэмасымен осы жанрдың көркемдік
көкжиегін кеңейтіп, қазақтың эпикалық поэзиясының әлем
алдындағы беделін жоғарылатты. Олай деуге себеп, ең алдымен,
поэма мазмұнының аса тереңдігінде, шығармаға өзек болған
басты
идеяның
адамзаттың
мақсат-мүддесімен
қабысатындығында. Ақын ұлттық шеңберден шығып, бүкіл
әлемдік проблеманы қозғайды. Поэманың қамтыған мерзімі ұзақ.
Ақын шығармасында бірде өткен ғасырлар құпиясына барлау
жасаса, бірде бүгінгі күнде бүкіл адамзатты алаңдатып отырған
өзекті мәселені тебірене толғайды. Бүкіл әлем тарихына шексіз
қайғы, төтенше қасірет әкелген Шыңғысхан, Ақсақ Темір,
Гитлер, Сталин тағы басқаларының алапат жауыздықтарын
жеріне жеткізе әшкерелесе, Адамзатқа тән асыл қасиеттерді,
ізгілікті сақтау үшін қажымай күресіп, жер бетіне ізгілік,
адамгершілік пен кемеңгерліктің ой қазынасын сыйлаған
Аристотель, Конфуций, Әл-Фараби, Шекспир, Фирдоуси, Гете,
Достоевский, Бетховен, Моцарт, Андрей Сахаров, Шыңғыс
Айтматов, Олжас Сүлейменов тағы басқаларының мәртебелі
бейнелері шалқар шабытпен жырланады.
Қазіргі бүкіл әлемді бағындырып, жаулап алған бұқаралық
мәдениеттің адамдарды аздырып, әлсіретіп бара жатқан ұнамсыз
сипаттары поэмада айқын көрініс берсе, бүкіл жер бетіндегі
барлық адал ниетті халықтарды, барша мемлекет билеушілерін
ұлы гуманизм үшін талмай күресуге үндеген бұл шығарманың
қазіргі кездегі, болашақтағы мән-мағынасының биіктей беретіні
анық. М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» поэмасы ғасырлар
шындығын тереңдей бейнелеген шынайы туынды, қазіргі
дәуірдің көркем шежіресі.
Бұл жылдары қазақ поэмаларының қорына Иран
-
Ғайыптың
«Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары»,
«Күшігінен таланған», «Қорқыттың көрі» драмалық дастандары,
Е.Раушановтың «Ғайша
-
бибі», Н.Айтұлының «Бәйтерек», «Көк ала
үйрек», т.б. поэмалар қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: