Құқықтану: Экономика саласындағы құқықтық реттеу


В) Кәсіподақтардың қоғамдық бірлестіктерінде практикадан өту



бет8/17
Дата04.07.2022
өлшемі197,5 Kb.
#147273
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
программы каз 3 курс и 2 курс сокращ
№1
В) Кәсіподақтардың қоғамдық бірлестіктерінде практикадан өту
Өндірістік практикадан өту кезінде студент:
- бірлестіктің салалық бағытын ескере отырып, оның мақсаттары мен міндеттерін зерделеу;
- бірлестік құрылымын және бөлімшелердің орындайтын функцияларын зерттеу;
- бірлестіктің өз ұйымдарымен өзара іс-қимыл тәртібін зерделеу;
- кеңсе жұмысын, құжаттарды қалыптастыру және сақтау тәртібін зерделеу;
- бірлестік төрағасының жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауын жүзеге асыру тәртібін зерделеу; мүмкіндігінше қабылдауға қатысу және өтініштердің сипатына талдау жасау;
- ведомстволық бағынысты кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлеріне кеңес беру жобаларын дайындау;
- ведомстволық бағынысты кәсіподақ ұйымдарының жұмысын бақылауды жүзеге асыру тәртібін зерделеу;
- кәсіподақ жиналыстарын өткізу тәртібін зерделеу және мүмкіндігінше оларды өткізуге қатысу және хаттама жүргізу дағдыларын меңгеру;
- жобаларды дайындау және кәсіпорын Әкімшілігімен келісімдер, сондай-ақ үш жақты келісімдер жасасу тәртібін зерделеу;
- ұжымдық шарттардың мазмұнын зерделеу, оларға талдау жүргізу;
- ұйымдардың бірлестігіне кіретін қызметкерлерді көтермелеу тәсілдерін талдау;
- бірлестіктің кадр қызметінің жұмыс дағдыларын меңгеру.
Студент есепке студент орындаған құжаттардың жобаларын қоса беруі керек.


Г) Кәсіпкерлер палатасында практикадан өту

Өндірістік практикадан өту кезінде студент:


- органның құрылымын және бөлімшелердің орындайтын функцияларын зерттеу;
- кеңсенің басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылының негізі мен тәртібін зерделеу;
- құжаттарды қалыптастыру және сақтау тәртібін зерделеу;
- кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірінші басшының, оның орынбасарларының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының азаматтарды қабылдауын жүзеге асыру тәртібін зерделеу; мүмкіндігінше кәсіпкерлерді қабылдауға қатысу;
-кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар беру және заңнаманы жетілдірумен байланысты мәселелерді қарау тәртібін зерделеу;
- заң қызметінің жұмысын зерделеу;
- Палатаның заң қызметінің қатысуымен шешілетін кәсіпкерлік субъектілері дауларының сипатын талдау;
- талап қою арыздарын және талап қою талаптарын негіздейтін құжаттарды дайындауға қатысу;
- кәсіпкерлік субъектісінің құқықтарын бұзумен байланысты дауларды қарау бойынша сот отырыстарына мүмкіндігінше қатысуға;;
- кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға қатысу;
- Палатаның кадр қызметінің жұмысын зерделеу.
Студент практика кезінде орындаған құжаттарының жобаларын есепке қоса беруі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет