Iv – нұсқа1 – билет


Алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары



бет32/64
Дата02.05.2023
өлшемі2,34 Mb.
#175824
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
²V Í?ñ?à 30 áèëåò

Алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары


Ұзақ жылдар өтсе де өмір сүрудің адамдар жинақтаған тәжірибесі кейінгі ұрпаққа жалғасты. Алғашқы еңбек құралдарын жасауды үйрену адам қолының жетілуімен қатар миының да дамуына әсер етті. Уақыт өткен сайын адам қабілеті жетіліп, өз білгенін бір-біріне үйрете бастады. Ежелгі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – еңбек құралын жасай білуінде. Еңбек құралын жасауды игеру адамды жануарлар дүниесінен бөліп шығарып, күш-қуаты мен шапшаңдығын еселеп арттырды. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалған. Олар құрал жасауда көбіне бір жағы сүйірленіп келген, ал екінші жағы қолға ұстауға ыңғайлы жұмыр тастарды пайдаланды. Оларды жарып, бөлшектеп, жүзі өткірлерін алған. Алғаш олар қатты тас сынығын тауып алып, екінші таспен ұрып бір жақ шетін жұқалап сындырды. Бұл салмақты қарабайыр кескіш құрал чоппер, яғни тас шапқы деп аталады. Жүзі тегіс болып шықпаса да, онымен жер қазуға, ағаш кесуге, аң етін мүшелеуге болатын еді. Алғашқы адамдар тастың көптеген түрлерінің ішінен шақпақ тасты таңдап ала білді. Бұл адам ой-өрісінің едәуір өскендігін көрсетеді. Өйткені шақпақ тас өте берік, ұрған кезде жалпақ әрі үшкір бөліктерге бөлініп, тез өңделген. Уақыт өткен сайын адамдар еңбек құралдарын жетілдіре түсті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар және қол қашауы жасалды. Қол қашауын жасау үшін шақпақ тасты екі жағынан қашап, белгілі бір пішінге келтіріп, таяққа бекітті. Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Уақыт өткен сайын адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдарды жасап шығарды. Нәтижесінде ауланған аңдардың терісін сыдыратын пышақ тәрізді кескіштер мен тесуге арналған тас құралдар пайда болды. Адамдар сүйектен ине мен біз жасаған. Тасты, ағаш пен теріні өңдеу барысында адамның қолы жетіле түсті. Әсіресе ауыр найза мен жіңішке инені ұстау үшін бас бармақтың қызметі аса қажет еді. Тас өңдеуде адамдар шетінен бастап, ортасына қарай жару әдісін пайдаланды. Жару үшін тастан, сүйектен және мүйізден жасалған сыналар қолданылған. Жарылған тастың қолға ұстайтын жерінің айналасы теңіз шаянының қабыршағына ұқсас кедір-бұдыр жарықшақты болып келеді. Ұрып сындырған кезде жаңқаланған тас жарықшақтарының ұшы үшкір болған. Тастың үшкір жағын өткірлеу үшін екі жағынан басқа таспен қашады. Қолға ұстауға ыңғайлы болса адамдар тас сынығын қару есебінде пайдаланған. Ежелгі адамдарда қарудың аса оңтайлы, кең тараған түрі - қол шапқы болды. Әлемнің әр жерінен табылған қол шапқылардың аздаған айырмашылықтары болмаса, бір-біріне өте ұқсас. Олардың пішіндері «найза ұшы» немесе «бадам дәні» тәрізді болған. Ұзындығы 10-20 см, салмағы жарты немесе екі келідей болады. Шапқыға ұқсас қаруды XIX ғасырға дейін Тасмания аралындағы тайпалар пайдаланып келді. Бұл қаруды балта ретінде пайдаланған тасманиялықтар онымен ағаш діңгегін ойып, сол арқылы жоғарыға оңай өрмелеп шыққан.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет