Сунақ ата кесенесі – аудан орталығынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде, Москва – Пекин күре жолының бойында, Сунақ ата елді мекенінде орналасқан. Кесене биіктігі – 12 метр. Кесене жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі.
Сүттіқұдық –ауыл, ауылдық округ 2002 жылы құрылған. Сүттіқұдық ауылдық округі Тақыркөл елді мекенін қамтиды. Округ атауы кезндегі суы тұщы, әрі мол құдық атауына байланысты «Сүттіқұдық» деп қойылған. Округтің орталығы - Тақыркөл ауылы. 1930 жылы Тақыркөл колхозы болған. Географиялық жағдайы егін және мал шаруашылығына бейімделген.
Осында Аралбай деген дәулеті шалқыған, кісілігі мол, кезінде мектеп ұстаған кісі мал шаруашылығымен айналысқан. Малды суғару үшін қазған құдығынан қанша су тартса да, суы азаймаған. Көрші отырған ағайындардың құдықтарының суы таусылып, малдары суға қанбағасын үлкен қариялар балаларына «малдарың суға қанбаса, Анай Аралбайдың «сүтті» құдығына барыңдар» деп отырған. Содан ол жер «Сүттіқұдық» аталып кеткен екен.