Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы


«Одиссея» және «Илиада», «Маргит». Гомер мәселесі



бет94/135
Дата06.02.2022
өлшемі2,7 Mb.
#34362
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   135
«Одиссея» және «Илиада», «Маргит». Гомер мәселесі.
Ежелгі аңыздар мен хикаялар негізінде аэдтердің кейбіреулері үлкен эпикалық поэмалар да туғызды.Жоғарыда айтылғандай,бұлардың ішінен ең әйгілісі одақтасқан көсемдердің Троя қарсы соғысы туралы шығармалар циклі еді.Бұл циклдің негізі біздің кезімізге дейін жеткен “Илиада” мен “Одиссея” поэмалары.Гректкр соқыр жырау Гомерді осы поэмалардың авторы деп есептейді.Бірінші поэмада Трояға қарсы соғыстың оныншы жылы-Агамемнонның Ахилл көсеммен араздасуы және соның салдары баяндалған.Екіншісінде Одиссейдің гректкрге онша таныс емес Батыстың шалғайдағы ертегілік елдерінде басынан кешірген оқиғалар мен өзі туып-өскен Итака аралына аман-сау қайтып оралғаны туралы әңгімеленеді.
Гомер поэмалары бірнеше ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап жетті. Тек біздің эрамыздан бұрынғы VI ғсырда ғана ол поэмалар Афиныда жазылып алынып, әдеби шығармаларға айналған.Оларды Грецияның барлық мектептерінде,кейіннен грек-македон жаулаушылары шығыс Жерорта теңізі аймағындағы елдерде құрған эллинистік мемлекеттер мекткптерінде және ақыр соңында Рим империясында жұмыс жасаған оқу орындарында оқып үйренген.Гомер поэмасының каһармандары Ахилл, Одиссей, Гектор, Агамемнон, Менелей, Парис, Телемах, Приам, Нестор, Андромаха, Елена, Пенелопа және басқалары ерте заманда-ақ ел арасында кеңінен мәлім болған.Оларды кескіндеу мен мүсіндеу өнерінде де бейнелеп бақты.Поэма эпизодтары Помпейден табылған қабырғалық сыр суреттің (фрескалардың) ірі бейнелі кампозицияларының немесе әр түрлі қираған ескі қалалар обаларында сақталып қалған аумақты мозайкалық шығармалардың тақырыбы болған.
Біздің эрамыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ертедегі грек философы Платонның өзі-ақ Гомер поэмаларының ежелгі грек қоғамының мәдени өмірі үшін ерекше маңызы болғанын атап көрсетіп, “бұл ақын (Гомер-А.Б.) элладаны тәрбиеледі” деп жазған болатын.Бірақ Гомер есімі жұртқа кеңінен тарағанына қарамастан, ақынның өмір сүрген уақыты, туған жері белгісіз болып қала берді.Осынау тамаша ақынның туған жері аталуы үшін де ежелгі Грецияда жеті қала таласқан.Гомер жөнінде өмірбаяндық деректердің жоқтығы ежелгі грек тарихы мен әдебиетін зерттеуші кейбір европалық ғалымдар аққынның нақты тарихи өмір сүргеніне күмән келтіруіне де негіз болған.
XVIII ғасырдың аяғында неміс филологы Вольф “Илиада” мен “Одиссеяны” жеке авторы жоқ, халық творчествосының туындысы деп есептеуді ұсынды.Вольф пен оның пікірлестері поэманы әр түрлі аэдтер бірте-бірте шығарған сан алуан жырлардың механикалық қосындысы деп санады.Аэдтер өз өлеңдері үшін сюжеттерді, міне, осы хикаялардан алып отырған. “Илиада” мен “Одиссеяны” да Гомер деген есіммен белгілі аэдтердің бірі шығаруы әбден мүмкін. Ақынның сауатсыздығы оның творчествосына бөгет бола алмаса керек. Жазу-сызусыз,ақындық творчествосының ауызша дәстүрі XX ғасырға дейін сақталып келді.Жамбыл мен Сулейман Стальскийдің ақындық творчествосы осындай болатын.Стальскийдің А.М Горький “XX ғасырдың Гомері” деп атауы кездейсоқ емес-ті.
Уақыт өткен сайын ауызекі түрде біреуден біреуге таралып отырған “Илиада” мен “Одиссеяның” бастапқы тексіне бірқатар қосымшалар енгізілген, ол, әрине, бұл поэмаларды зерттеуші филологтардың назарына ілінбей қалған жоқ.
“Илиада” мен “Одиссеяны” шығарған ақынның авторлығы туралы мәселеде совет тарихшыларының көпшілігінің негізінен күмәні жоқ. Алайда осы аэдтің аты шынында да “Гомер” ме, немесе бұл тек оның екінші, лақап аты болды ма деген сұрақ әлі де жауапсыз қалып келеді, себебі бұл адамның өмірі мен творчествосы хақында, қандай да болмасын, өмірбаяндық деректер әлі күнге белгісіз.
Ахейліктердің Трояны алып, қиратқаны туралы Рим ақыны Вергилий “Энеида” дейтін поэмасында тәптіштеп тұрып жазды.Овидий өзінің “Метаморфоза”(“Айналулар”)және “Каһарман арулар” атты поэмаларында көптеген мифтік эпизодтарды баяндап берді.Ең ақырында грек жазушысы Павсанийдің (біздің эрамыздың II ғасыры) “Элладаны суреттеу” деген шығармасында ежелгі грек мифологиясының жекелеген циклдері егжей-тегжейлі аян етіледі.
“Илиада” мен “Одиссеяның” пайда болуын бұлайша түсіндіруге Фридрих Шиллер қарсы тұрды, ол екі поэманың да көркемдік бірлігін дәлелдеп, Гомердің жеке автор екенін жақтап шықты.

3 Дәріс. Көне грек трагедиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет