Жаңа дәуір философиясы


Вольтер (Франсуа Мари Аруэ)



бет10/15
Дата07.03.2022
өлшемі49,07 Kb.
#134514
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
annotation11176
4
Вольтер (Франсуа Мари Аруэ) (1694-1778 жж.) философияны әлемнің ақылға сыйымсыз жақтарымен күресу құралы деп түсіндіреді. Оның басты философиялық шығармалары «Философиялық хаттар», «Ньютон философиясының негіздері», «Философиялық сөздік», «Кандид» деп аталады.
Қоғам, адам және бостандық мәселелерін қарастыруда теңдік деп заң мен құқық алдындағы теңдікті айтады. Өзінің «Философиялық сөздігінде» Вольтер еркіндік ұғымын еріктің еркіндігі деп түсіндіреді, ол жүйелі, мақсатпен жасалған әлемдегі тәртіпсіздіктерге жол береді дейді. Вольтер шіркеуді және феодалдық тәртіпті қатаң сынға алып, XVIII ғасырдың соңындағы француз буржуазиялық революциясының идеологиялық дайындығын шыңдаған ойшылдардың бірі болды.
Философияда Вольтер Локктың сенсуализмін жалғастырып, оның ізбасары болды. Тәжірибе – таным көзі деп есептеді. Сондай-ақ, ол белгілі бір деңгейде агностик те, деист те болды. Вольтер Құдайдың бар екенін рационалды жолмен дәлелдеуге тырысты, ал бұл сыр ақтару туралы діни-мистикалық ілімге қайшы келетін еді. Құдайдың болмысын әлемнің қатаң жаратылысымен дәлелдейді. Ол діннің «практикалық» пайдасын ғана мойындайды, себебі дін «қарапайым халықты» тізгіндеп ұстау үшін ғана керек, сондай-ақ ол «тәртіптің» де кепілі деді. Сонымен бірге, Вольтер католицизмге, ырымға, ескі нанымға, фанатизмге қарсы күресті. Оның философиясының қайшылықты жақтары көп болды: католицизмді түбірімен сынай отырып, Құдайдың бар екенін және діннің қажеттілігін мойындайды; абсолютизмді сынайды да, «ағартушылық абсолютизмді» қолдайды. Вольтер ірі буржуазияның идеологы болды, себебі теңсіздік мәңгілік бола береді және ол әлемнің мызғымас заңы деп есептеді.
Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) – француз философы, ағартушысы, моралист, жазушы. Ол әлеуметтік әділетсіздік орын алған қоғамдағы көзқарастарға бірден қарсы болды. Прогресс, адамға және табиғатқа табыну (адам және табиғат культі) ұғымдарын негіздеді; «мінсіз мораль» (идеалды) және «тәрбиенің мінсіз жолы» тұжырымдамасын; «қоғамдық келісім» идеясын ұсынды.
Оның шығармашылығында адамдардың теңсіздігіне ерекше мән берілді және ол әлеуметтік теңсіздіктің қарапайым адамға тигізетін залалынан қалай арылуға болады деген сұрақтың жауабын іздеді. «Ғылымның әдет-ғұрыпқа әсері» деп аталатын еңбегінде өркениеттің, ғылымның және өнердің дамуы адамды табиғаттан алшақтатып жіберді деп жазды. Ғылым мен мәдениет жасанды қажеттіліктерді туғызады да, адамды шын болмысында «болу»-ға емес, соған «ұқсату»-ға итермелейді. Адамдар әуел бастан теңсіз болып жаратылмайды, ол «материалдық бөліністің нәтижесінде» пайда болады. Ол – жеке меншіктің пайда болу салдарының көрінісі (ең алдымен жерге меншіктің пайда болуынан) деді.
Руссо теңсіздіктің үш түрін көрсетеді – физикалық, материалдық (мүліктік), саяси. Меншіктің бұл үш түрінің үшеуі де «табиғи жат және өте жиіркенішті». Әр азаматтың мүддесін қорғап, бейбітшіліктің кепілі болу үшін дүниеге келген мемлекеттің пайда болуымен теңсіздік одан сайын ұлғая түсті. Билеуші заңды да, халықты да алдап, билік билік емес, шоқпарға (деспотизм) айналғанда, «теңсіздіктің үшінші сатысы» пайда болады. Бұл жағдайды Руссо «адам заңсыздығының теңдігі» деп атайды. Ол барлық адамдар тең, адамгершіліктері бұзылмаған «табиғи қоғам болса» деп армандайды. Себебі «меншік жоқ жерде, теңсіздік те болмайды» деп есептеді. Бұл жағдайдан шығудың бір жолын көрді – өркениеттің ұсынған игіліктерінен бас тартып, өмірдің алғашқы табиғи бастауына оралу керек деді. Өйткені өркениеттің игіліктері адамдардың физикалық әрі адами болмысын бұзады және мүгедек қылады. Руссо «Табиғатқа бет бұр!» деген ұран тастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет