3. Өлеңдер жазды, өнер-білімге шақырды, өсиет етті
4. Абай-халқымыздың ұлы ақыны.
5. Ақын
Екінш деңгей - «алгоритмдік»
Ребус немесе сөзжұмбақ құру
Үшінші деңгей – «эвристикалық»
Фиш технологиясы
Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясы
Мәселелік сұрақ: Деңгейлеп оқытдың артықшылықтары мен кемшіліктері?
Қорытынды:
Төртінші деңгей – «шығармашылық»
Фиш технологиясы
Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясы
«Жаңа формациядағы оқытушының образы» жобасын постер әдісін пайдалана отырып қорғау.
Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:
Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:
I – деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;
II – деңгейдегі тапсырмаларға:
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
III – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;
2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер;
3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.
2) олимпиадалық есептер;
3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы
Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы
Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы
Оқушы белсенділігінің оянуы
Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы
Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы
Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі
Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі
Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы
Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы
Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы