Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Асанқайғының жерұйықты іздегені
Асанқайғы ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», –депті.
Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», – деп, тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған екен таудың аты.
Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», – депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен», – депті.
Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», – депті.
Мәтіннің стилін табыңыз, тілдік құралдар қандай мақсатта қолданылғанын анықтаңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |