1. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсанның («Дене шынықтыру»), жартыжылдықтың («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка») және оқу жылының соңында аталған пәндерден «есептелінді»/«есептелінген жоқ» деген белгі жазылады. 2. Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды.
Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ 3. Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі. 4. Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілік және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |