Ph.G.H.Gell и R.Coombs жіктеулері бойынша науқаста аллергиялық реакцияның қандай түрі дамыды? Бұл аллергиялық реакция жоғары сезімталдықтың қандай түріне жатады. Жауаптарды негіздеңіз.
Ph.G.H.Gell и R.Coombs жіктеулері бойынша науқаста аллергиялық реакцияның І ші типі анафилаксиялық (реагиндік)түрі дамыған.Бұл науқаста анафилаксиялық шок дамыған.Бұл түрі негізінде бактериялық емес аз мөлшердегі аллергендерге (шөп тозаңдарына, тұрмыстық шаңдарга, дәрідәрмектерге, тағамдық заттарға) дамиды. Бұл жағдайда араның шағып, оның уытының таралуы анафилаксияға жатады және Кук бойынша Дереу дамитын жоғарғы сезімталдықтың түріне жатады. Сонымен қатар ара шаққаннан кейін бұл жағдай дереу дамыған.Ол организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірнеше минуттің ішінде байқалады.Себебі бұл жерде аллергенмен кездескеннен соң 5 минуттан соң дамып тұр.
2.Аллергиялық реакцияның осы түрінің патогенезін ұсыныңыз.
Бұл реакцияның патогенезі үш сатыдан жүреді.
Ең бірінші иммундық серпіліс сатысы.Бұл жерде организмге енген аллерген макрофагтармен әрекеттесіп, Т-хелпер 2 түзіліп, ол ИЛ-4 өндіріп В жасушаларын әсерлендіреді. Плазмалық жасуша дамып, IgE немесе IgG өндіріледі. Осы иммуноглабулиндер өздерінің Fc рецептерімен лаброциттер мен қандағы базофилдерге жабысады. Ал аллерген қайтадан түскен жағдайда оларды IgE өзінің Fab бөлешегімен ұстап алып, лаброциттің ішіндегі түйіршіктерді сыртқа шығарады. ІgЕ мен аллерген байланысуынан лаброциттердің ішіне Са2+ иондары түседі. Осыдан жасуша ішіндегі майда талшықтардың жиырылуларынан лаброциттердің түйіршіксізденуі (дегрануляциясы) болады. Ал келесі патохимиялық сатысында осы түйіршіктерден аллергияның қабынуы дамиды. Оларға гистамин, гепарин, эозинофилдер мен нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары жатады. Артынан лаброциттердің қабықтарында фосфолипаза ферменті әсерленуінен фосфолипидтер ыдырап, арахидон қышқылынан простагландиндер мен лейкотриендер түзіледі. Патофизиологиялық бұзылыстар сатысында гистамин мен простагландин F2 тегіс салалы еттердің (бронхиолалардың, ішектердің) тез қатты жиырылуын туындатады, қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |