1.Балада анықталған жұмсақ және қатты таңдайдың жарығын тұқым қуалайтын түрге жатқызуға бола ма? Бұл жағдайда кариотип өзгере ме? Бұл патологияның этиологиясы қандай? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
2. Бұл патология фенокопияға қатысты ма? Бұл жағдайдағы патология митохондриялық типте тұқымқуалайтыны туралы айтуға бола ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
3. Бұл мысалда жалпы нозологияның қандай түсініктері келтірілген? Оларды атаңыз, анықтамасын беріңіз.
Жауабы:
1.Атлаған жағдайда Патау синдромы орын алған, және бұл тұқым қуаламайды. Себебі, бұл жұмыртқа жасушалары мен сперматозоидтардың пайда болу процесінде болатын ақау салдары. Осындай жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтар адамның генетикалық құрылымына қалыптастырған кезде, 13-хромосомада трисомия болады, яғни артық хромосома. Патау синдромы эмбрионның дамуының бастапқы кезеңінде жасушалардың бөлінуінің бұзылуы ретінде пайда болады, тұқым қуаламайды.
Патау синдромы (трисомия 13)-геномдық мутацияның пайда болуымен сипатталатын адамның генетикалық ауруы, атап айтқанда 13-ші хромосомадағы трисомия. Кариотипі өзгереді: 47,ХХ, 13+(қыз); 47,ХY, 13+(ұл).
Этиолгиясы: жүктіліктің бірінші триместрінде әсер еткен химиялық фактор.
2) Фенокопоияға қатысты, себебі ауру қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерінен пайда болды. Яғни, ауру тұқымқуалайтын ауруға ұқсас, бірақ пайда болуы генетикалық емес. Ауру митохондриялық типте тұқымқуаламайды, себебі бұл жағдайда анасы сау, яғни аурудың пайда болуына тек қана қоршаған ортаның ықпалдары әсер еткен.
3)Ауру организмге зианды факторлар әсер еткенде адамның жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуы, бейімділіктің әлсіреуі, қызметтік және зат алмасу процестерінің бұзылуымен сипатталатын процесс.
Симптом аурудың немесе патологиялық процесстің белгісі.
Потологиялық жағдай организм үшін кері биологиялық мәні қалыптан тыс тұрақты ауытқу болып табылады ол өте сылбыр дамитын дерттік үрдіс басқаша салдары деп айтуға болады.
Коллоквиум № 1 «Жалпы нозология» бөлімі
Билет № 6а
Тапсырма 1. Экспериментте жыныстық тұрғыда жетілген ақ зертханалық егеуқұйрықтарды, температурасы 50С салқындайтын сулы жейдемен арнайы суық камераға орналастырды.Эксперименталды қондырғы, жануардың ректальді температурасын, ТАЖ, ЖЖЖ, АҚ-ды термодатчиктермен үздіксіз тексеріп тіркеп отыруға мүмкіндік берді. Қондырғыда болған кезде жануардың денесінің температурасы 0,280 С / мин жылдамдықпен төмендеген. 20-25 минуттан кейін жануарлардың түктері көтеріліп, олардың қозғалыс белсенділігі төмендеді, олар бүк түсіп жатып қалды. 55-60 минуттан кейін тыныс алуы мен ЖЖЖ едәуір сиреуі байқалды, АҚ және дене қызуы төмендеді.
1. Осы экспериментте қандай патологиялық процесс жасалынды? Анықтамасын беріңіз және осы патологиялық процестің дамуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды көрсетіңіз.
1. Дененің мұздауы - дене қызымының төмендеуіне (гипотермияға) әкелетін организмдегі жылу реттелуінің бұзылуы. бұл кезде дене қысымының төмендеуі (гипотермия): жылудың сыртқа шығарылуы көбейіп кетуден; жылудың өндірілуі азайып кетуден, жылу өндірілу мен оның сыртқа шығарылуының біріккен бүзылыстарынан болуы мүмкін. осылай суық температураның әсеріне организм жылуды сыртқа шығаруды азайтып, оның денеде өндірілуін арттырып, дене қысымын қалыпты деңгейде ұстап тұрады. бүл сатыны теңгерілген саты дейді. суық температура ары қарай әсер сте берсе, онда организмнің икемделу-теңгеру мүмкіншіліктері азайып, гипотермияның теңгерілмеген сатыасы дамиды. Себептері мен жағдайлары әртүрлі:
- Қоршаған ортаның төмен температурасы
- Бұлшықеттердің ауқымды сал болуы немесе олардың массасының төмендеуі (мысалы, бұлшықеттердегі Ca2+ тапшылығы, бұлшықет босаңсытқыштары).
- Метаболизмнің бұзылуы немесе метаболизмнің экзотермиялық процестерінің тиімділігінің төмендеуі.
-Организмдегі катехоламиндердің жетіспеушілігіне әкелетін бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігінде;
-Гипотиреоидтық жай-күйлерде;
-Гипоталамустың симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары аймағындағы жарақаттар мен дистрофиялық процестерде.
- Дененің шаршауының экстремалды дәрежесі.
Соңғы үш жағдайда гипотермия сыртқы температура төмендеген жағдайда дамиды.
2. Осы патологиялық процестің даму патогенезін ұсыныңыз. Жануарларда патогенездің қандай сатысы дамыды? Жауапты негіздеңіз. Зертханалық жануарларда байқалған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
1.Бейімделу кезеңі.
Ол жылу беруді азайтуға және жылу өндірісін арттыруға бағытталған жедел бейімделу реакцияларының белсенділенуімен сипатталады.
Бейімделу кезеңінің даму механизмі:
- қоршаған ортаның төмен температурасы әсер ететін жағдайлардан кетуге бағытталған жеке адамның мінез-құлқының өзгеруі (мысалы, суық бөлмеден кету, жылы киімдерді, жылытқыштарды пайдалану және т.б.).
- жылу беру тиімділігінің төмендеуіне терлеуді азайту және тоқтату, тері мен бұлшықеттердің артериялық тамырларының тарылуы арқылы жүреді, осыған байланысты оларда қан айналымы айтарлықтай төмендейді.
- ішкі мүшелердегі қан ағымының артуы және бұлшықеттің жиырылу термогенезінің артуы себебінен жылу өнімінің активтенуі.
- стресс реакциясын қосу: қозудың күйі, терморегуляция орталықтарының электр белсенділігінің артуы, гипоталамус нейрондарында Либерин секрециясының артуы, қалқанша безде — тиреоидты гормондардардың артуы.
-тахикардия дамиды,
-қан қысымы мен жүректің шығуы артады
-тыныс алу жиілігі артады
-қандағы эритроциттердің саны артады.
2.Терморегуляция процестерінің декомпенсация (дезадаптация) кезеңі жылу алмасуды реттеудің орталық механизмдерінің бұзылуының нәтижесі болып табылады
Декомпенсация кезеңінде дене температурасы қалыпты деңгейден төмен түседі (тік ішекте ол 35 °C және одан төмен төмендейді) және одан әрі төмендей береді. Тыныс алуы сирейді, жүрек соғысы баяулайды. Дененің температуралық гомеостазы бұзылады: дене пойкилотермиялық болады. Ары қарай дене мұздай бастайды.
Даму себептері: мидың қабық және қабық асты құрылымдарының, сонымен қоса терморегуляция орталығының өспелі тежелуі арқасында. Осыдан жылу өндіру реакцияларының тиімсіздігін және дененің жылуын жоғалтуы жүреді.
3. Кейбір деректерде гипотермияның соңғы кезеңін –мұздатылу деп көрсетеді.
Жануарда дезадаптация сатысы жүрді. Себебі, тынысы баяулады және температуралық гомеостаз бұзылды, дене суықтай бастап, соның есебінен дене қозғалыссыз күйге түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |