Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
138 III тарау. Ортағасырльщ философия жалғастырады. Өзінің ұстазы қайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына
оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
Ахмет Ясауи - «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») XII ғасырда көне түркі
тілінде жазылған кітабының авторы.' Көрнекті ғалым А.К. Бороковтың пікірі
бойынша, «Даналық кітабы» оғыз, қыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым,
көпшілікке түсінікті тілмен жазылған туынды. Ақынның кең өлкені көшіп-қонып
жүрген түркі тайпаларының бэріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі
жеткізе алғандығына күмэн келтірмейміз. «Бірақ бертін келе жинақты көшіру-
шілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген сияқты»43.
«Хикметтің түпнұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы
көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Тащ-
кентте, Мэскеуде, Алматыда сақтаулы. Ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде
араб емлесімен көшірілген. «Даналық кітабы» Қазан (1887 жэне 1901 ж.), Стам
бул (1901 ж.), Ташкент (1902 және 1911 ж.) баспаларынан бірнеше рет жеке кітап
болып басылып шықты.
Ахмет Ясауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып
табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикмет Ясауидің өзінікі екені
даусыз. Қалғандары шэкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр
жолдары болса керек»44. Көптеген түркі халықтары «Хикметті» аудармасыз-ақ
қиналмай оқи алады. Дін исламнан хабары бар жанға «Хикмет» тілі өте жеңіл.
Оған тереңірек үңілген адам Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын
екенін байқар еді.
Шығарманың тілдік лексикасы, әсіресе лексикагеографиялық ерекшеліктері,
этносипаттары «Хикмет» тілінің қьшшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға
белгілі бір дәрежеде мүмкіндік береді.
Кітаптан Ота Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен
райхан гүлдерінен гөрі сайын даладағы қызғалдақ пен қымыздың иісі аңқиды.
Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді журттың тұрмысына тән
сөздер молырақ ұшырайды. Мэселен, «Құлын», «Гүл», «Қызыл», «Қаршыға»,
«Сұңқар», «Лашын», «аға-іні», «мал-мүлік», «шейід», «бөрік», «сақалшаш»,
«ата-баба», тағы басқа да көптеген сөздер тек мағыналық жағынан емес, соны-
мен қатар олардың айтылуы мен жазылуы да қазіргі қазақ тілінде де осы күйде
айтылып, жазылатынын ескерсек, шындыққа бір табан жақындай түсеміз. Белгілі
ғалым Мұқанмадияр Орынбековтің зерттеулерінде Ахмет Ясауи жөнінде жэне
оның сопылық ілімі жайлы өте қүнды пікірлер айтылады. Оның пікірінше, Қожа
Ахмет Ясауи жазған «Диуани хикметтің» қазақ елінің философиясы үшін маңызы
зор болды. Оның ішінде автор бала кезінен бастап өз тіршілігінде тартқан азабын,
шеккен қайғысын тармақты өлеңцермен қарапайым түсінікті тілде жазып шыққан.
Бұқара халыққа зорлық, үстемдік жасаған хандарды, бектерді, қазыларды сынай
отырып, бүл дүниенің өкініштілігін анықтайды.
Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бел алып, тағдырға
сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп, тэрки дүниеге салынады.
О дүниенің мэңгілігін жырлайды. Өз танымы бойынша Ясауи сопы болды.
43 Келімбетов Н. Ежелгі дэуір эдебиеті. - Алматы, 1991. - 189-6.
44 Аталған кітап. - 18-6.