Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


'Іүркі тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет133/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

153
'Іүркі тілді ислам философиясы
с0я жерді мекенде», - дейді. Сүлейменнің астындағы түйе Әмудария жағасьша 
барып, бір қалың ағаштың арасына шөгеді. Қанша ұрса да түйе тұрмай бақырады. 
• Сүлеймен элгі жерге орнығады. Сол себепті оны «Бақырған», ал Сүлейменнің 
өзін «Бақырғани» деп атап кеткен деседі.
Сүлеймен Бақырғани өзінің замандасы эрі ұстазы Ахмет Ясауи дүниеден 
қайтқаннан 20 жылдай уақыт өткеннен кейін 1186 жылы дүниеден өтіпті деген 
; пікірлер бар. Түйіндеп айтар болсақ, Сүлеймен Бақырғани өз шығармаларын 
XII ғасырдатүркі тілінде жазып, түркілік мэдениеттің өсіп дамуына, қалыптасуына 
үлкеін ықпальш тигізді. Әсіресе ол Ясауиден кейінгі ислам дінінің сопылық ілімін 
г дамытушы, көрнекті өкілдерінің бірі болды. Оның қалдырып кеткен мүраларын 
бүкіл иісі түркі халқына ортақ, тарихи-философиялық жэне этикалық эдеби 
кұндылыкдар қатарына жатқызамыз.
Ар-Румидың діни-құқықтық «Фиқһ» ілімі. Ислам әлемінде «Мәуләуи-и 
М’энэуи» («мағына қожасы») немесе «Мэулэнэ» («біздің қожа») атымен эйгілі 
Жәләләддин ар-Руми 1207 жылы Мұхаммет Хорезм Шах басқарған Иран қаласы 
Балхта (Қазіргі Ауғанстан аумағы болғандықтан, кейбір иран зерттеушілері 
бойынша, ар-Руми Иранның философиялық ойлау өкілі) дүниеге келген. Оның 
отбасы біраз уақыттан кейін бүрынғы Рим империясының аумағындағы Анадо- 
лыға көшіп кетеді. «Ар-Руми» («римдік») лақап атауы осы жерден шыққан. 
Оның шығу тегі бойынша араб деп есептеуге болады, себебі шежіресінде Алла 
пайғамбарының (с.ғ.с.) жолын қуған ұлы халиф Әбу Бэкір (р.а.а.) түр. Ақынның 
арғъі атасы - хорезмшах Мухаммед Әләуддин, атақты сопы жэне уағызшы Ху­
сейн Балх қызына үйленген. Ар-Румидің атасы Құранды білуімен жэне исламға 
деген махаббатымен эйгілі, әкесі Баха ад-Дин білімі жэне тақуалығымен атақты 
болған. Баха ад-Дин көп күндерін дін жэне мистикалық ғылымдар оқумен өткіз- 
ген, ал дүйсенбі мен жүмада көпшілік алдына шығып насихат жүргізген. Оны 
тыңдау үшін қарпайым халық, аристократтар, саяси элита өкілдері жиналған. Бір
і
I
І
k

4
.
нұсқа бойынша, экесінің осы әрекетін діни ғалымдардың қызғануы өсек-аянға 
айналдырған. Шах өсекке сеніп, Баха ад-Динді жасамаған әрекеті үшін жазаға 
тартқысы келген. Осыдан кейін ол отбасын алып, басқа өлкеге сапар шегеді. 
Алдымен, отбасы Иран қаласы Нишапурға келеді, сонан соң сол кездегі мэде- 
ни* орталық пен қиырдағы мұсылман елдерінің ғалымдары жиналатын Бағдатқа , 
барады. Анадолы султаны ‘Әл ад-Дин Кайкубаб делегациясы Бағдатқа сапармен 
барғанда, Баха ад-Диннің уағыздарын тындап қайтады. Олар қатты эсер алып, 
Анадолыға қайтысымен, сұлтанға ғалымның терең білімділігі мен діндарлыған 
айтады. Султан Баха ад-Динді өз еліне қайтаруды қалайды. Соған қарамастан Баха 
ад-Дин сұлтанның керемет ұсыныса бірден келіспей, алдымен, Хиджазға сапар 
шегеді. Олар Сириядағы Акве қаласында бір жыл тұрады, сонан соң Зинджан 
(піірсы елінің солтүстігі) қаласында жеті жыл тұрып, 1263 жылы «ар-Руми» атты 
он сегіз жасар баласын үйлендіреді. Бір жылдан соң ар-Румидің Султан Уалид 
есімді баласы дүниеге келеді. Ар-Руми сол кездегі беделді сопы Мұхийддин ибн 
әл-Арабимен Дамшық қаласында кездесіп, оған үлкен эсер қалдырғаны жөнінде 
өзінің атақты трактаты «Фұсұс әл-Хикамда» өлең ретінде келтірген.
Султан бұлардың отбасын мемлекетінің астанасы Коньеге туруға шақырады. 
Олар султан сарайында өмір сүре бастайды. Әкесінің досы, ғалым Бурхан ад-


154
III 
тарау. Ортагасырльщ философия
Дин эл-Мұхаккик баласын тэрбиелеумен айналысады. Беделді ғалым ар-Руми 
де элемді ешкімге тэуелсіз, өз бетімен түсіну қабілеттерін дамыта бастайды. 
Ар-Руми білім алуын экесі қайтыс болғаннан кейін де тоқгатпайды. Ол 25 жа- 
сында Дамшық, Алеппо секілді ірі ғылыми орталықтарға сапар шегіп, «Тәп- 
сір» («Құранды түсіндіру»), «Хадис» (Пайғамбардың (с.ғ.с.) эрекеті мен сөзі 
туралы), «Фиқһ» ғылымдарын, араб тілі мен әдебиетті оқиды. Ол Дамшықта жеті 
жыл түрып, қырық жасына шейін біліммен айналысуын жалғастырады. Ислам 
ғалымдары өмірбаяндары мен гностика туралы «Манакиб әл-‘Арифин» атақты 
жинағында Бұрхан ад-Дин ар-Румиге мистикалық ғьшымдарды тоғыз жыл бойы 
үйреткенін көрсетеді. Ол дэстүрлі ислам ғылымдарын оқығаннан кейін Тебри- 
зи Шамс бейнесіндегі жұмбақ жэне харизмалық кейіпкерін кездестірмегенше, 
ар-Руми өмірінен мистикалық гнозистің айқын бейнесін коре алмаймыз. Ар- 
Руми сол кездегі діни ғалымдар секілді діни ғылымдардан сабақ беріп, уағыз 
жүргізді. Сонымен қоса «Фиқһ» бойынша, ар-Румидің беделі жоғары болып, 
діни-құқықтық қорытынды «пэтуа» берді. Ар-Руми діни ғалымдар секілді му­
зыка тындауды қоштамады. Бірақ Тебризи Шамспен танысқалы бері ар-Руми 
үшін бэрі өзгере бастайды. Олардың танысуы жайында бірнеше болжамдар бар. 
Бір болжамға сәйкес, ар-Руми оқушыларына сабақ беріп, кітап ортасына жет- 
кен кезде бейтаныс біреу келіп: «Мына кітаптар не туралы?» - дейді. Ар-Руми 
мұны тәрбиесіз надан деп есептеп, «бұл кітаптардың ішінде не бар екенін бі- 
ле алмассың», - дейді. Кенетген кітаптар лапылдап жана бастайды, таңғалған 
ол бейтаныстан керемет кубылыстың мэнін сұраған. «Бұл сен түсіне алмай- 
тын нәрсе!» - деген жауап естиді. Басқа болжам бойынша, Шамс ар-Румидің 
кітаптарын суға толы бөшкеге лақтырып жіберіп, ар-Руми ашулана бастағанда 
бөшкеден кітаптарды алып, ғалымға ұсынады. Ол кітаптардың құрғак болғанына 
таңғалып қалады.
Ар-Румиді қырық жыл танитын Сипах Салардың айтуы бойынша, Шамс -
исмаилит сектасында болып, кейін одан шығып кеткен Кай Бузұрғаның ұрпағы. 
Шамс Тебриз қаласында білім алған жэне «Сопылықтың» мистикалық білімін 
сусындатқан Баба Камал ад-Дин Жүмдидің оқушысы болған. Шамс белбеу өріп 
жэне сатумен күн көрген; керуен-сарайда өмір сүріп, бір жерден екінші жерге 
саяхаттаған. Шамс ар-Румиге қатты эсер еткен. Ар-Руми гылым мен сабақ бе­
руш тастап, Шамспен бірге бірнеше айларды өткізген. Шамс ғалымды дуалады 
деген сыбыс шығып, ар-Румидің ұлдары мен оқушылары оны көз бояушы деп 
есептеген. Шамс кенеттен жэне із-түссіз Коньеден кетіп қалады. Біршама уақыт 
өткеннен кейін Шамс Дамшықтан ар-Румиге хат жазады. Ар-Руми өзінің руха- 
ни жетекшісіне қайтадан желөкпе махаббаты ашылып, Шамске көзқарасы өз- 
герген ұлы Султан Уалидті Дамшыққа жібереді. Шамс үлкен ықыласпен күткен 
Коньеге қайта оралады. Бірақ біраз уақыт өте келе ар-Румидің ұлы Аляуддин Че- 
леби Шамстың жауына айналады. Мұның артьшан адамдар еріп, Шамс қайтадан 
қаскөйлердің ортасында қалып қояды. 1247 жылы Шамс түбегейлі жоғалып ке- 
теді. Ар-Руми жүрегін рухани өзгерістерге ұшыратқан Шамске өмір бойы риза 
бодцы. Ол рухани ұстазына мыңдаған өлеңдер арнап, өзінің ең үлкен поэтикалық 
«магнум опусін» «Диван-и Шамс-и Табриз» («Тибриздік Шамс туралы өлеңдер 
жинағы») деп атайды. Ар-Руми дәстүрлі құқықтанушыдан махаббаттың тылсым


155
•Jypid тілді ислам философияеы
I күшіне таңгалушы мен өлсң, музыка, философия, теологияны қуптайтын өмірдің 
ү зкстйтикалык эншісіне айналады. Оның айтуы бойьшша, Құдай мен Құдайдың ең 
цұнды қыльш берген өмірге деген керемет махаббат сезімдерін тек өлең мен му- 
? зьіка жеткізе алады.
Сонымен, Жәләләддин ар-Руми артынан 42 мың екі шумақты өлеңнен 
хұратын «Диван-и Кабир» («Үлкен жинақ» не «Диван-и Шамси Табрези» деп те 
( зталады) өлендер жинағы, «Фихи ма фихи» («Ішіндегінің ішіндегісі» ар-Румидің 
г окушылары мен қауымға айтқан айтылымдары), «Мактубат» (эртүрлі құжаттар 
, мен хаттардан тұратын «Хаттар»), «Маснави м ’анавие» («Терең мағыналы екі 
I шумақ» - Құдайга деген сүйіспеншілік пен Одан қорқу туралы кітап) «Маджалис 
ас-Саб’а» («Жеті жиын» - уағыздар жинагы) прозалық шығармалары қалды. 

«Калам» өлшемі. Ең бастысы, Жэлэлэддин ар-Руми - өзінің Жаратушысына 
деген құштарлықтың тылсым күшін өлең ғана жеткізе алады деп есептеген ақын.
• Оның еңбектерін зерттей отырып, ар-Румидің философиялық ойлары терең, дү- 
ниетанымы кең, логиканың барлық ережесіне сай болмыстың метафизикалық 
: ойлау құрылымдарын жасай алатынын аңғаруымызға болады. Уақыт өте келе 
ол пікірлерін классикалық философиямен дәлелдеген. Бір жағьшан, ол мүндай 
дәлелдеуді эжептәуір деп есептеуге қарсы болтан жэне бұл дәлелдеуді кейбір 
жағдайлар мен белгілі адамдар алдына келтірген. Жүрек - ол үшін Жаратушыны 
тану кұралы мен Ол түнде «ұялайтын» үй ретінде еді. Танымның философиялық 
жолына сәйкес келетін «Калам» ғылымының саласы болып табылатын ар-Руми- 
дің дүниетанымдық элементтерін қарастырайық.
?
Алдымен, ол дүние мэнін қозғаған. Ол біз айтып жүрген «жан» мен «Мен» 
магынасы ұқсайды эрі рухани болмыс. Бүкіл әлемді Жаратушының «Ғаламдық 
«Менінен» шыққан, құбылыстардың шексіз «Мені» құрайды. Осылайша, соңғы- 
сы тірі (адам секілді, тірі болмаса да): «Бізге жер, су, от, ауа өлі болса, Құдай көзі- 
мен қаратанда олар тірі». 
,
Дүние Жаратушының ерікті әрекетімен, ex піһіііо дымнан жаратылған. Ар- 
Руми түсінігінде уақытпен жарату деген жоқ. Уақыт өзінен-өзі жаратылған не- 
месе уақыт - өлшемі жоқ кеңістіктен тыс танымньщ категориясы. Дүниенің 
уақытпен жаратылуы туралы классикалық исламдық түсініктің орнына ар-Руми 
жаңаплатондық философияға сэйкес ніексіз мэңгі «Мен» эманациясын келтіре- « 
Ді,- «Мен» бастамасы жоқ статусын иеленеді: «Мен, аты қойылған, заттар мен 
? атаулардың жоқ болтан кезінде бар едім». Ар-Руми басқа өлеңдерінде нәрселер 
I
Құдайдан «шықпайды», барлығының түпнегізі секілді Оған «қайтып келеді» деп 
! жариялап, эманация қағидатьш ұстанудан бас тартады. Әртүрлі «мен» онтоло- 
гиялық «жомарт» деп иерархиялықтың бөлінуі маңызды. Барлық «Мен» негізі -
; дүние секілді рухани жэне Қудаймен секунд сайын жасалады.
Ар-Румидің жұмақ жөнінде пікірі. Адам жұмақтан түсті, яғни адам, алга- 

шында, Жаратушымен трансцендентті бірлікте болтан. Жұмақтан түсу тек Адам 
' ага мен Хауа анага байланысты емес, кұбылыстар мен заттардың барлық «Мен»
| жалпы галамдық феноменге байланысты. Бұлар болмыстың материалдық саты- 
сында жүріп, болмыстың түпнегізінен ажырау секілді жұмақган «түсу» күйін- 
де тұргандықтан, рухани кемелдікке жету үшін Отан «қайтып оралуга» талпы- 
нуда. Бул жерде олардың барльны - өзін емін-еркін сезінетін жеріне оралуды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет