Д әсгүрлш к пен жаңдшылды^ философиясы 3 0 5 жан жүрегіне білімге деген құштарлық сезімін құйды. Ол орыс, араб, парсы жэне
түрік тілдерін жетік меңгеріп, тақырыбы мен мәселесі жөнінен өз ұстазының
ағартушылық идеясына жалғастырған өлеңдер жазды. Философия, дін жэне
мәдениет тарихы жөнінде өзінің үлкен білімдарлығын көрсетті. XIX ғасырдың
аяғы, XX ғасырдың басындағы қазақ эдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі
ақынымыз - Шәкэрім. ¥л ы ақынымыз Абай өмірден қайтқан соң халық Шәкәрімді
екінші Абайымыз деп танып, ерекше қүрметтеген. «Бір ғасырды Абаймен бірге
аяқгап, екінші ғасырды кеңес дәуіріндегі ақындарымен бірге бастаған Шэкэрім
Құдайбердіүлының өмірі халқымыздың тарихымен біте қайнасып жатыр»129.
Шэкәрім ақын өзінің өмірдегі мұрат-мақсатын айқындап a m m айтып,
халқының алдында серт беріп былай дейді:
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт қылған еңбек етем деп,
Алмағы атар таң үшін.
Ақын осы айтқан сертінен өле-өлгенше танған емес. Шәкәрімнің Абайға
еліктеп жазғандары шығармашылық өмірінің ақырына дейін созылады. Соны-
мен бірге ол өз ұстазымен тұстас та ақын. Абайдан он үш жас кіші болғанымен,
өлең дүниесіне келуі онымен бір мерзім дерлік. Ол — Абайдан соң ширек
ғасырдан аса жасаған ақын. Шәкәрім жастайынан өз шығармашылығының
негізгі арнасын анықтайды, ағартушылық, адамгершілік тақырыбын бір өріске
өріп, жырлауға ден қояды. Оған дәлел — «Жастарға» (1880) атты үндеу өлеңі. Ав
тор публицистикалық шешендік стилін қолданып, ойын ұғынықты, қарапайым
түрде жеткізем деп кейде жадағайлыққа ұрынса да, шын көңілден үгітшілік са-
рында азаматтық ой оятатын ұран тастайды, адамгершілік ақ жолға, өнер білімге
шақырады, өзінше кодекс тұжырымдайды, ендігі Жақсылық сөзін ұстайтын Абай
дан үлгі алуға үндейді. 1911 жылы шыққан «Қазақ айнасы» жинағында Шәкәрім
адамгершілік хақындағы ойларын тиянақтай түседі. Мұнда да Абай мектебінің
бұл салада өрбіткен пікірі айқын бейнеленген. Біріншіден, адам жолы дегеніміз
— адам баласына пайдасын тигізу, жақсылық ету. Екіншіден, тіршілік қамы, өз
басына, туысқан аталасына қамқорлық еткенде де адамшылық борыіныңды
ұмытпау. Адам өмірі оны қалай бағалауына байланысты. Көп нәрсе адамның
өзіне қатысты. Не көрсең Құдайдың жазуынан деу қате. Дүние ойсыздарға,
жетесіздерге сыртын береді. Кейде жақсылықты жаманшылық жаншып кетеді.
Бірақ одан шындық табиғаты еш өзгермек емес дейді. Шэкәрім — қазақ поэ-
зиясына оның философиялық саласын дамытқан ақын. Оның қайбір поэзиялық
шығармаларын алып қарасаңыз терең философиялық сырға толы болып келеді.
«Шэкэрім өзінің өлеңдер топтамасының алғашқы басылымына «Қазак айнасы»
Деген образдық бейне қолданғаны тегін емес. Бұл сөз өнері - өмір сәулесі, өмір
суреттемесі деген ақынның биікте терең философиялық эрі эстетикалық түсінік
ұғымының көрінісі еді»130.
129 Сонда. - 18-6.
130 Ш әкәрім. -А лм аты : Жазушы, 1988. - 13-6.