Достүрлілік пен жандшылды^ философиясы
3 1 3
«Егер адамдар түгелімен біріне бірі қиянатсыз туысқан болып, осы яқипмн
жұмсап, еңбек қылып, табиғаттың қасиетінен пайдаланып отырса, дүние бейіс
болатынына ешкім дау айта алмас еді», — дейді. «Жэне мен пәлен пайғамбар,
төлен философ, профессор айтты дегенге тоқтап қалмаймын. Өз ақылым қабыл
алмағанды, кім айтса да теріс көрем. Бірақ, ақыл аларлық дәлел айтса, ол кім бол-
са да бас ұрам», - дейді Шәкәрім.
Ендігі біздің пайымдайтынымыз, Шәкәрімнің өз басы да, шығармашылығы
да қазақ әдебиеті, философия тарихындағы терең, жіті зерделеуді керек ететін
көрініс. Ақын өзінің өлеңцерінде ойланып, толғануы көп, уайым, қайғы басқан,
жалғыздық жапасынан мол тартқан жан ретіңде көрінеді. Мұның бэрі, сөз жоқ,
заман қайшылығының белгісі. Рас, ақынның бул кезде қартайып, алдындағы сан
алуан күрес, уайым, жапа, жалғыздық жылдарынан титықтап қалған шағы еді.
Алпыстан асар шағындағы өлеңдерінде ақын көбіне өлім, өмір туралы, жастық
кетіп, кэрілік басқаны жайында жазған, мына бір шумақтары дәлел:
Туған жан өлмек,
Тағдырға көнбек.
Кімді алмайды бұл өлім.
Ақынның тау арасында жеке, аскеттік өмір құруы да оның дүние дүбірлерінен
аулақ болайын дегенін аңғартады. Ақынның елмен, қауыммен арасы суи береді.
Өмір, тіршілікпен, халық тұрмысынан қолын үзеді. Осы кезеңі туралы ақын өзі:
Кейбіреу безді дейді елден мені,
Есалаң айтады емен сезіп нені?
Хақиқатты танитын баста ми жоқ,
Ондайлардың сау емес анық дені.
Мен жалғыз сендер елде қалдың қойып,
Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып,
Елу бес жыл жинаған қазынамды,
Оңашада қорытам ойға салып, -
дейді. Бұған қарағанда ақын шынында да өмір алаңына бой алдырмай өзінің
философиялық, ақындық ой-армандарын қорытқысы келген. Ағайын араздығы,
ру таласы, ауыл ішіндегі партиягершілік сияқты жайлар да оның аулақ кетуіне
себеп болған, өзі де солай дейді. Ақын қат-қабат, ой билеп, өмірдегі өзгерістерді
бағдарлап байқау үшін жэне өзінің ынтық ісі — өлеңі үшін тыныштық іздеген.
Жалғыздық күйде өзінен-өзі кеңескісі келгендей.
Абайды көп толғантқан өсу, өнім, ағарту ісі, болашаққа қарау Шәкәрім поэ-
зиясында түгелдей дерлік өріс табады. Адамның жеке басының жетілуі, ақыл мен
парасатқа ұмтылу, адал болу, кісі ақысын жемеу, халық қамын ойлау — ақынның
жатпай-тұрмай тебірене ойлаған тақырыптары. Көпшілігі насихат, ғибрат түрінде
болып келсе де, Абай салған шыншылдық, сыншылдық сарын анық көрініп, да-
мып отырады.
«Арыңды сатпа, терінді сат», адалды ізде егін сал, не сауда қыл, малыңцы
бақ» деген жолдарды ақын өлеңдерінен жиі ұшыратамыз. Еңбекке, оқу-білімге,
өнерге шақырады, жалқаулықты, бейкүйездікті, надандықты сынайды, талапты
3 1 4
Достарыңызбен бөлісу: |