Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
5 6 А III тарау. Ортағасырлык, философия Әл-Фараби астрономиялық еңбектерінде ежелгі гректің ұлы астроно
мы Клавдий Птолемейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз та-
рапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытын-
дылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет
Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, «Астрологиялық
болжамдарда не дұрыс, не теріс» деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми аст-
рономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы, т.б. көрінерлік қасиетте-
ріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын ала
болжауға болады дейтін дүдэмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп
қарайды.
Әл-Фарабиден бізге жеткен ең үлкен ғылыми теориялық еңбек «Музыканың
ұлы кітабы» болып табылады. Мұнда музыка теориясы физика-математикалық
негізде қорытылып, баяндалған, мәселен, физиканың акустика, механика мәсе-
лелері бойынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тараулары, қозғалысы, ре
зонанс, т.б. бойынша көптеген соны пікірлер айтылады.
Физика саласындағы ғұламаның көрнекті еңбегі «Вакуум туралы» деп
аталады. Мұнда ол табиғатта вакуум (бостық) жоқ екенін ежелгі грек оқымыс-
тыларында сирек кездесетін тәжірибеге (экпериментке) сүйенген логикалық қо-
рытындылар арқылы дәлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум мэселесінен
басқа да физиканың эртүрлі моселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дең-
гей-дәрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады. Олардың ішінде дене-
нің жылылық үғымы не кішіреюі, түсірілген кернеу-күшке, қысымға байланысты
ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею құбылыстарының заңдылықтары, ол күштің
жан-жаққа берілуі жэне басқалар бар.
«Алхимия өнерінің қажеттілігі туралы» деп аталатын трактатында ғұлама өз
тұсындағы химиялық білім-дағдыларды талдай, сарапқа сала келе, ол химияның
жалған қабыршағынан ғылыми дэнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар
жаратылыстану ғылымы қатарына қосады.
Әл-Фарабидің медицина, биология ғылымдарына да үлкен мэн бергені мә-
лім болып отыр. Ол, әсіресе бұл ғылымдарды теориялық-философиялық тұргыда
зерттеуге көп күш жұмсаған. Медицина жөнінде «Адам ағзалары жайлы Арис-
тотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар», «Жануарлар
ағзалары», «Темпераменттер туралы», т.б. еңбектер жазған, бұларда ол негізі-
нен медицина ғылымының пэнін, міндет-мақсатын анықтап беруді көздейді. Бұл
еңбектерден үлы ғұлама медик Әбу-эли ибн Сина тэлім алған. Мэселен, оның
«Медицина негізінде» атты эйгілі шығармасы теориялық, эдістемелік жағынан
ұстазының аталмыш «Адам ағзалары жайлы» трактатына өте жақын келеді. Әл-
Фарабидің бүлардан басқа көптеген философиялық жэне натурфилософиялық тұ-
жырымдарында да жаратылыстану жайында айтылған бағалы пайымдаулар мен
ғылыми қорытындылар кездесіп отырады. Оларды жиыстырып, бір жүйеге келті-
ру - фарабитанушылардың кезекті міндеттерінің бірі.
Ғүламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау бары-
сында оның педагогика тарихындағы ұлы түлгалардың бірі болгандығын көреміз.
Ол - Шыгыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаган ағартушы
оқымысты.