Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Д раб тілді ислам философиясы 6 3 нің жағымсыз эрекеттері мен қанағатгануын талап етеді. Сондықтан да адамға
барды бар, жоқты жоқ, позитивтілікті позитивті деп айтатын піынайы дос қажет.
Билеушілерге мүндай кеңесшіні табу өте қиын, себебі олар көбіне оның кемші-
лігін, жетістігін айтудан гөрі жағымпаздық тұстары басым болып кетеді, өйткені
«мұндай кеңес от секілді ауыр тиюі мүмкін» жэне кеңесшіге билеушінің қаһары
тиеді18.
Егер кімде-кім өзін танығысы келсе, алдымен, ол өзгелерді танып алуы тиіс,
себебі пайғамбардың (с.а.с.) өзі адамдар тарақтың тістері секілді тең деп айтқан;
адамдардың жақсы қасиеггерінен үлгі алып, жаман әрекеттерінен жиренуіміз
қажет. Сонымен, адам өз нэпсісін парасаттың көмегі арқылы қанағаттандыра жэ
не оны бағынбағаны үшін қажеттілігін орындамай жазалай алады. Олай болса,
ибн Сина үшін идеалды қоғам құру ол ең алдымен, материалды құндылықтар
емес, рухани құндылықтар қажеттігінен туындайды.
Егер адам өзін-өзі басқару дэрежесіне жете алса, ол өзінің ішім-жем мәсе-
лесімен шұғылдануы тиіс. Егер ол оған мұра ретінде қалмаған болса, онда ол
оны еңбекпен (ар. «касб») табуы тиіс. Еңбекпен мүлік табу сауда-саттық неме-
се шаруашылық арқылы жүзеге асырылады. Тапқан мүліктің бір бөлігін қорға
жинау қажет, ал қалған бір бөлігін тарқату қажет, яғни парасатты мөлшерде,
жағдайы ауыр, бірақ оны жасырып жүрген кедейлерге берген абзал. Маңызды бо
лып табылатын мәселенің бірі - ер кісінің әйелімен қатынасы. Ер кісінің әйелі
парасатты, діншіл, ұстамды, тапқыр, мейірімді, көп балалы, өзге адамдармен сөй-
лескенде өз сөзін бақылай алатын, эрқашан өз еріне қызмет етуі, «аз нәрседен
көп нәрсе шығара алатын», ерінің көңілін эрқашан көтере білуі тиісті19. Күйеуі
әйелінің істерін оңтайлы басқаруы үшін үш негізгі ұстынға ие болуы тиіс: 1) онда
қорқыныш ұялататын қаһарлылық; 2) әйелін үнемі қуанышқа бөлеп отыратын
қайырымды мінезді; 3) оған үнемі тиімді істермен айналыстыруға жағдай
жасау.
«Аш-шейх Ар-ра’ис» бала тәрбиесі жайлы дй сөз қозғайды. Оған жақсы есім
беруге лайық жэне ол сапалы сүтпен қоректенуін қамтамасыз ету қажет. Баланың
өскенде теріс эрекеттеріне таңғалмау үшін оны төсектегі сэтінен бастап тәрбие-
леу қажет. Сондықтан оған мақтау, қорқыныш, балаға деген назарды үлғайту жэне
азайту, марапаттау, қажет болған жағдайда қолға алып құшаққа алу сияқты эдіс-
терді қолдануға кеңес беріледі. Баланың хат тани бастаған сәтінен бастап, оған
Құранды жэне дін негіздерін, поэзияны, оның ата-ананы, құрбы-құрдастарын,
қонақтарды сыйлау қажет түстарын оқыту қажет. Сонымен қатар тәрбиенің
сапасына мэн берген абзал: біріншіден, ол діни жэне интеллекіуалды жетілген,
сабырлы, салмақты, қоғамдық өмірдің ережелерін білуші, психологиясы то
лы ққанды адам болуы қажет. Сонымен қатар баланың жанында өзге де мінез-құл-
қы жақсы балалар да болуы қажет, себебі олардың өзара бәсекелестігі, олардың
оқуға деген ынтасын оятады. Балаға дін негіздері мен тілді үйретіп болғаннан
кейін немесе жас талапкерге оның қабілеті мен икемділігіне қарай мамандандыру
қажет; сонымен қатар тәрбиеші жас талапкерге «жас маманның мінез-құлқына жэ
не оның қабілеттілігіне қарап үйретіп жэне осыдан шығып, оның қай мамандық-
18 Аш-Шималий, 351-6.
19 Аш-Ш ималий, 352-6.