Фармакокинетика – бұл ағзаға дәрілердің сіңірілуі, оның таралуы, метаболизмі және ағзадан шығарылуы жөніндегі фармакологияның белгілі бір бөлімі болып табылады.
Фармакодинамика – заттардың өздеріне тән тиісті күші, олардың орналасуы мен әсер ету механизмі туралы мәлімет береді. Дәрілердің әсер ету күштілігі – олардың ағзамен әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан да ол заттардың физиологиялық жігерлігін, қажетті қасиеттерінің сырын анықтап қана қоймай, дәрілер әсерінің қабылдануы және дене күйінің қалыпты жағдайға тәуелділігін көрсетеді.