«Жалпы сұрақтар» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары


«Сүйек пен жұмсақ тіндер ісіктері» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары



бет38/59
Дата07.02.2022
өлшемі118,93 Kb.
#86062
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59

«Сүйек пен жұмсақ тіндер ісіктері» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары


1. Сүйектердің саркома алды ауруларына жатады:
А. Педжет ауруы
Б. Риклингаузен ауруы
В. остеокластобластома
Г. сүйек-шеміршек экзостозы
Д. барлығы бірге
2. Сүйектің қатерлі ісігінің диагнозын қою үшін қай зерттеу әдісі қолданылмайды:
А. шолушы рентгенография
Б. компьютерлі томография
В. зәрдегі Бенс-Джонс ақуызын анықтау
Г. қандағы альфафетопротеинді анықтау (Абелев-Татаринов реакциясы)
Д. трепанобиопсия
3. Жұмсақ тіндердің қатерлі ісігінің диагнозын қою үшін қай зерттеу әдісі қолданылмайды:
А. шолушы рентгенография
Б. магнитті-резонансты томография
В. УДЗ
Г. зәрдегі Бенс-Джонс ақуызын анықтау
Д. ангио-флобография
4. Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктеріне қайсысы жатпайды:
А. миосаркома
Б. фибросаркома
В. Юинг саркомасы
Г. синовиальды саркома
Д. қатерлі невринома
5. Остеогенді саркома көбінесе қайда метастаз береді:
А. миға
Б. өкпеге
В. бауырға
Г. аймақтық лимфа түйіндеріне
Д. ұйқы безіне
6. Сүйектің қатерлі ісіктерінің рентгенологиялық симптомдарына қайсысы жатпайды:
А. майда және ірі ошақты деструкция ошақтары және сүйек бөренесінің бұзылуы
Б. ине тәрізді спикулалар түріндегі патологиялық сүйек түзілуі
В. сүйек қабының аршылып, Кадман үшбұрышының түзілуі
Г. секвестр бар қуыстың болуы
Д. жілік өзегінің кеңеюі
7. Остеогенді саркоманы емдеудің ең тиімді әдісі:
А. хирургиялық
Б. сәулелік
В. химиотерапия
Г. химиотерапия+операция
Д. барлық әдіс тиімді
8. Миеломды ауруды емдеудің негізгі әдісі:
А. химия-сәулелік
Б. полихимиотерапия
В. сәулелік
Г. хирургиялық
Д. барлық жауап дұрыс
9. Ұзын жілік сүйектерінің остеогенді саркомасы кезінде қандай операция қолданылмайды:
А. ампутация
Б. экзоартикуляция
В. экскохлеация
Г. сүйек-пластикалық резекция мен эндопротездеу
Д. аяқты мықынаралық-құрсақ арқылы шығару
10. Жұмсақ тіндер саркомасы кезінде не өткізеді:
А. химиотерапия+операция
Б. операция+ химиотерапия
В. сәулелік ем+операция+химиотерапия
Г. химия-сәулелік ем
Д. аталған әдістердің барлығы
11. Сүйектің қатерлі ісіктерінің пайда болуына бейімдейтін факторлар:
1. жарақат
2. иондаушы сәулелер
3. химиялық канцерогенді заттар
4. тамақтану сипаты
5. аз қимылдайтын өмір салты
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы
12. Сүйектің қатерлі ісіктерінің қайсылары тірек тінінен дамиды:
1. остеогенді саркомалар
2. Юинг саркомасы
3. хондросаркома
4. ретикулосаркома
5. миеломдық ауру
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы
13. Сүйектің қатерлі ісіктерінің қайсылары сүйек миы элементтерінен дамиды:
1. ретикулосаркома
2. Юинг саркомасы
3. миеломдық ауру
4. ангиосаркома
5. миосаркома
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы
14. Сүйектің қатерлі ісіктеріне әсіресе тән симптомдар:
1. ауыру сезімі
2. сипап сезілетін ісік немесе көлемінің ұлғаюы
3. зақымданған сүйектің немесе көрші буындардың қызметінің бұзылуы
4. жоғары температура
5. зақымдану аймағындағы флюктуация
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы
15. Науқас балада миеломды ауру деген күдік бар. Қандай зерттеу әдістері дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді?
1. рентгенография
2. пункциялық биопсия
3. Бенс-Джонс ақуызына зәр анализі
4. ангиография
5. радионуклидті диагностика
А. 1,2,3
Б. 1,3
В. 2,4
Г. тек қана 4
Д. аталғанның барлығы
16. Остеогенді саркоманың спецификалық рентгенологиялық белгісі болып табылады:
А. жілік өзегінің тарылуы
Б. остеомиелитке ұқсас дақты остеопороз
В. «шатырша» симптомы және инелі периостит
Г. пиязшық тәрізді суретпен анық реакция
Д. жілік сүйегінің диафиз бөлігінің зақымдануы
17. Миеломды ауру негізінен қай сүйектердің зақымдануымен сипатталады:
А. жамбас және бас
Б. ұзын жілік сүйектердің
В. қысқа жілік сүйектердің
Г. омыртқаның
Д. қол және табан
18. Юинг саркомасын емдеудің негізгі жолы:
А. хирургиялық
Б. сәулелік
В. химиотерапиялық
Г. химия-сәулелік
Д. гормоналдық
19. Ең жиі кездесетін қатерлі ісік:
А. Юинг саркомасы
Б. остеогенді саркома
В. ретикулосаркома
Г. хондросаркома
Д. алып жасушалы саркома
20. Остеогенді саркомаға әсіресе тән рентгенологиялық белгі:
А. Кодмен шатыршасы
Б. сүйектің қампаюы, құрылысының ұяшықты болуы, периостальды қабаттасқан түзілімдердің болмауы
В. жілік өзегінің кеңеюі
Г. сүйек спикулдары, жиегі қыртылған сүйек кемістігі
Д. А және Г жауаптары дұрыс
21. Юинг саркомасына әсіресе тән рентгенологиялық белгі:
А. Кодмен шатыршасы
Б. сүйектің қампаюы, құрылысының ұяшықты болуы, периостальды қабаттасқан түзілімдердің болмауы
В. жілік өзегінің кеңеюі
Г. сүйек спикулдары, жиегі қыртылған сүйек кемістігі
Д. А және Г жауаптары дұрыс
22. Алып жасушалы саркомаға әсіресе тән рентгенологиялық белгі:
А. Кодмен шатыршасы
Б. сүйектің қампаюы, құрылысының ұяшықты болуы, периостальды қабаттасқан түзілімдердің болмауы
В. жілік өзегінің кеңеюі
Г. сүйек спикулдары, жиегі қыртылған сүйек кемістігі
Д. А және Г жауаптары дұрыс
23. Химио- және радиотерапияға ең сезімтал болып келеді:
А. остеогенді саркома
Б. Юинг саркомасы
В. хондросаркома
Г. ретикулосаркома
Д. Б және Г жауаптары дұрыс
24. Жұмсақ тіндердің үлкен ісіктерінің қатерлі екендігіне күдік туса, биопсияның ең дұрыс және сенімді әдісі болып табылады:
А. ісіктің энуклеациясы
Б. эксцизиялық экспресс-биопсия
В. инцизиялық экспресс-биопсия
Г. жоспарлы инцизиялық биопсия
Д. пункциялық биопсия
25. Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктерінің нақтылаушы диагностикасының міндетті әдістерінің қатарына мыналарды жатқызған жөн:
А. рентгенография
Б. кеуде қуысының рентгенографиясы
В. УДЗ
Г. А мен Б жауаптары дұрыс
Д. А мен В жауаптары дұрыс
26. Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктерін «end loc» алып тасталынуына кіреді:
А. биопсия тыртығы және оның жасалу жолындағы тіндер
Б. ісік үрдісіне шалынған барлық бұлшық еттер мен құрылымдар
В. астындағы фасция аумағындағы тіндер
Г. А жауабы дұрыс
Д. Б,В жауаптары дұрыс
27. Аяқтың жұмсақ тіндерінің қатерлі ісіктері кезінде ампутация мына жағдайда жасалады:
А. жеткілікті көлемде алып тастау функционалдық жарамсыздыққа әкеп соғады.
Б. реабилитациялық шаралар оның қызметін жақсарта алмайды
В. басқа емдеу тәсілдері тиімсіз
Г. астындағы сүйек зақымданған
Д. аталғанның бәрі дұрыс
28. Остеогенді саркоманың ең жиі орналасуы:
А. ортан жілік, балтыр сүйектері
Б. ұзын жілік сүйектерінің диафизі
В. майда жілік сүйектері
Г. бастың жалпақ сүйектері
Д. тізе буынының сүйектері
29. Юинг саркомасының ең жиі орналасуы:
А. ортан жілік, балтыр сүйектері
Б. ұзын жілік сүйектерінің диафизі
В. майда жілік сүйектері
Г. бастың жалпақ сүйектері
Д. тізе буынының сүйектері
30. Остеогенді саркоманы емдеудің негізгі тәсілі:
А. химиотерапия
Б. сәулелік
В. хирургиялық
Г. А мен Б дұрыс
Д. Б мен В дұрыс


«Сүйек пен жұмсақ тіндер ісіктері» тақырыбы бойынша онкология пәнінен қойылған тестілік сұрақтарына дұрыс жауаптарының эталоны



1 – Д

16 – В

2 – Г

17 – А

3 – Г

18 – Г

4 – В

19 – Б

5 – Б

20 – Д

6 – Г

21 – В

7 – Г

22 – Б

8 – Б

23 – Д

9 – В

24 – Б

10 – Д

25 – Д

11 – А




12 – А




13 – А




14 – А




15 – А




«Сүт безі» тақырыбы бойынша бақылау-тестілер сұрақтары


1. Сүт безін тексеруді менструальды циклдің қай мерзімінде өткізу керек:
А. етеккір келген кезде
Б. етеккір келердің алдында
В. етеккір біткеннен соң 5-7 күннен кейін
Г. кез келген уақытта
Д. барлығы дұрыс емес
2. Сүт безінің фиброаденомасы кезінде келесі симптоматика байқалады:
А. Пайер симптомы оң


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет