Балл
|
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы
|
Сұрақты түсіну мен то
|
9-10ық жауап беру қабілеті
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
|
Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын
2 сұрақты дұрыс қоя біледі, қойылған сұрақтарға дәлелдер мен мысалдар келтіре отырып жауап береді. Талқылауға белсенді қатысады, өз пікірін жан-жақты жеткізе алады.
|
7-8
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
|
Мәтіннің мазмұнын түсінеді. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын
2 сұрақты дұрыс қоя біледі, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап береді. Талқылауға белсенді қатысуға тырысады, өз пікірін жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
|
5-6
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.
|
Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
|
3-4
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.
|
Мәтіннің мазмұнын түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде жиі қателеседі, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
|
1-2
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
|
Мәтіннің мазмұнын түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде көп қателіктер жібереді, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.
|