Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет50/77
Дата14.12.2023
өлшемі2,04 Mb.
#196753
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
Байланысты:
9 сынып Мырзабекова Қ

40 минут

30






«Қазақ тілі » пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017», «Адам құқығы мен бостандығы» бөлімдері бойынша
ІІ нұсқа


Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
[10]

1. Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың қолданылуына сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдей сөйлеңіз.


2. Жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікір білдіріңіз.

1-мәтін
Сөз бостандығы


Сөз бостандығы - мемлекеттің ажырамас бөлігі. Сөз бостандығынсыз азаматтық қоғамды, демократиялық басқаруды, құқықты мемлекетті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Азаматтардың Конституция арқылы кепіл болған саяси құқығының бірі - сөз бостандығы. Сөз бостандығын «демократиялық құндылықтарды іске асырушы» деуге де болады.
Прогрессивті зиялы қауым сөз бен сөз бостандығын ерекше қастер тұта білген. Сөз бостандығының негізгі қозғаушы күштерінің бірі-интеллектуалдық элита, зиялы қауым болып саналады.
Зиялы қауымның бостандық пен әділеттілікке жаны құмар ержүрек болған сайын сөз бостандығы да жоғары деңгейде болмақ. Ал, егерде зиялы қауым жағымпаз, жасық болса, ондай қоғамда сөз бостандығы күрт төмендеп кетуі мүмкін. Сөз бостандығы ақпараттық қауіпсіздікпен бір жүруі шарт. Бостандық пен теңдікке қол жеткізген халық өзін-өзі басқаруы үшін сөз бостандығы болуы аса маңызды. Сөз бостандығының экономикалық әсері зор. Заң ауқымы бойынша жүзеге асырылатын бостандықтың ерекше түрі - сөз бостандығы. Сөз бен бостандық ажырамайтын бірлікте бола отырып, сөз иесіне зор жауапкершілік жүктеледі. Бұған тоқталар болсақ, «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға тарайды», «Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді» деген мақалдарынан дана халқымыз сөздің жауапкершілігі ауыр екендігін айтып өтсе керек.
( 178 сөз)
Батырбек Гүлайым Ермекқызы

2-мәтін
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы


1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.
20-бап. Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
(176 сөз)
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет