Склеротомнан
– шеміршек, сүйек және дәнекер ұлпалар,
миотомнан
– қаңқа бұлшық еттері,
дерматомнан
– терінің дәнекер
ұлпалары дамиды.
Нефрогонотомнан
– жыныс бездері мен зәр шығару мүшелері,
спланхнотомнан – ішкі мүшелердің дәнекер ұлпалары, ішектің, тыныс алу,
зәр шығару мен жыныс жүйелерінің тегіс бұлшық еттері, қан тамырлары,
жүрек пайда болады.
Даму процесі кезінде мезодермадан хорданың бастамасы, сомиттер,
дерматом, миотом, склеротом және мезенхима дамиды. Сонымен бірге,
мезодерма
нефротомды,
Вольф
каналын,
Мюллер
каналын,
спланхнотомды, ұрықтан тыс мезодерманы кұрайды. Дерматомнан терінің
дәнекер ұлпалық негізі, миотомнан кӛлденең салалы бұлшық ет, ал
склеротомнан шеміршек пен сүйек ұлпалары дамиды. Нефрогонотомнан
бүйрек пен зәр шығару-жолдарының эпителийі, ал Вольф каналынан шәует
шығарушы жолдардың эпителийі пайда болады. Мюллер каналы
жұмыртқа ӛзегі мен жатырдың эпителийін, қынаптың алғашқы
эпителийлік жабыңдысын түзеді. Спланхнотомнан целомдық эпителий,
немесе мезотелий, бүйрек үсті бездердің қабық қабаты, жүрек еті және
жыныс бездерінің фолликулалық эпителийі дамиды. Спланхнотомнан
бӛлінген мезенхимадан қан мен дәнекер ұлпасының клеткалары, ми
тамырлары, ішкі қуыс органдардың ұлпалары мен тамырлары пайда
болады.
Органогенез антенаталдық дамудың соңында аяқталады. Бірақ,
бірқатар мүшелердің толық жетіліп күрделенуі постнаталдық кезеңде де
жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |