Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Кӛп қабатты мҥйізденетін эпителий



Pdf көрінісі
бет140/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Кӛп қабатты мҥйізденетін эпителий 
тері бетін жауып тұратын – 
тері эпидермисі. Тері эпителийі ӛзінің құрылысы жағынан алуан түрлі. 
 
Тері екі қабаттан тұрады: терінің ӛзі немесе дерма деп аталатын дәнекер 
ұлпалық бӛлік пен эпидермис дейтін эпителиальді қабаттан. Мүйізденетін кӛп 
қабатты эпителий, құрылысы мен қасиеттері жағынан түрліше қабаттардан 
тұрады. Оны үш зонаға біріктіруге болады. Ең тереңгісі базальді 
мембрананың үстінде орналасқан цилиндр тәрізді эпителиальді 
жасушалардың бір қатарынан тұратын базальді қабат. Бұл қабаттағы 
жасушалардың базальді бетінде, базальді мембранаға кіріп тұратын саусақ 


107 
тәрізді ӛсінділер болады. Осы ӛсінділер арқылы бүкіл эпителиальді қабат 
базальді мембранаға бекиді (3-сурет).
 
 
Базальді қабат жасушаларының, жасуша аралық кеңістікке қараған 
бетінде кӛптеген микробүрлері болады. Базальді мембрана арқылы дәнекер 
ұлпасынан диффузиялық жолмен эпителийге келген қоректік затты бірінші 
болып осы қабаттың жасушалары қабылдайды. Базальді қабаттың 
жасушалары жедел бӛлінеді және жаңадан пайда болған жасушалардың 
негізгі бӛлігі үстінде орналасқан қабатқа ауысады. Базальді қабаттың үстінде 
кӛп бұрышты немесе қанат тәрізді жасушалардың 4—8 қабаттары 
орналасқан. Бұлардың жинағы кӛп бұрышты жасушалардың қабатын 
құрайды. Бұл қабатты базальді қабатпен қосып, ӛсуші қабат дейді. Ӛсуші 
зона жасушаларының қабаты дәнді және жылтырақ жасушалардың 
зонасына ауысады. Терінің бетіне жақын, қалыңдығы біршама болатын, 
мүйізденіп ӛлген жасушалар зонасы орналасады. Кӛбею қабілеті базальді 
жасушаларда ғана сақталады. Эпителийдің тіршілігінде бұл жасушалардын 
маңызы үлкен. Бетіндегі қабаттың үздіксіз түлеп түсетін жасушаларының 
орны осы жасушалар арқылы толады.
 
Дәнді зона жалпақ жасушалардың 3—4 қатарынан тұрады, жылтырақ 
қабатты жасушалардың 2—4 қатары құрайды. Дәнді жасушалардың 
цитоплазмасында кератоглиалинның ұсақ дәндері пайда болады. Жылтырақ 
қабатта кератоглиалиннің дәндері қосылып, гомогендік массаны құрайды. 
Мүйізді қабатта кератоглиалин кератинге айналады. Теріде кератин 
маңызды рӛл атқарады. Денемізді кеуіп-қурап қалудан, механикалык 
зақымданудан және микробтардың енуінен қорғайды. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет