«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша



бет66/124
Дата13.10.2023
өлшемі1,97 Mb.
#185167
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124
Байланысты:
силлабус-каз2012-2013

Ситуациялық есептер

1. 10 сынып оқушысы қалтырауға, қатты бас ауыруына, шөлдеуге шағымданады. Бір күн бойы ауырады, дене қызуы 40C, есі ауысқан, тері жамылғылары цианозды, жамбаста, санында майда нүктелі геморрагиялық себінділер мен 3-4 смге дейінгі қанқұйылулар байқалады. Іштің, арқаның, қолдарының терісінде розеолезді және розеолезді папуллезді элементтер бар. Шүйде бұлшықетінің регидтілігі, Кернинг симптомы күмәнді. Пульсі 20 рет минутына, әлсіз тонды, журек тондары естілмейді. АҚҚ 85\55 мм с.б.б. Тыныс жиілігі 28 рет минутына. Болжама диагноз:


A. Тұмау
B. Септицемия
C. Менингококцемия
D. Тромбоцитопениялық пурпура
E. Шенлейн генох ауруы

2. Науқас жедел жәрдем көмегіне аурудың бірінші күні шағымданды: бас ауыруы, шекедегі қызудың көтерілуі, тұмау, құрғақ жөтел, тамағының қышуы. Ауру жедел басталған дене қызуы 39.9℃, қатты басы ауырады. Әлсіздік, артралгия, миалгия. Беті гиперемияланған, склера мен коньюктивасында инъекция, фотофобия, ауызанан көп мөлшерде шырыш бөлінген. Ауыз жұтқыншақ ашық қызыл, артқы қабырғасында дән тәрізді түйіндер. Құрғақ жөтел ит үргендей дауысы әлсіреген: тағайындаудағы қателікті табыңыз.


А. Дезинтоксикация
В. схема бойынша ремантадин
С. Фурациллин ерітіндісімен тамағын шаю
D. десенсиблизация
Е. Антибиотиктер

3. Жуылмаған алма жегеннен кейін науқас ауруының екінші күні ЖМЖБ көмегін шақыртты. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 38.7℃ , сол жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, пальпацияда сигма тәрізді ішек ауру сез імді, спазм бар, нәжісі мөлшері аз, тәулігіне 6-7 рет, болжама диагноз:


А. Оба
В. Тырысқақ
С. Тағамдық токсикоинфекция
D. Дизентерия
Е. Сальмонеллез

4. Науқас 19 жаста. Тамағының жұтынған кезіндегі қатты ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуы 39℃. Лакунарлы тонзилит, фарингит, мойын лимфа бездерінің ісінуімен көрінетін полиаденит, гепатоспленомегалия, көз склерасы мен қатты таңдайдың шырышты қабатында шектеулі сарғаю. Болжама диагноз:


А. Жедел вирусты гепатит
B. Иерсиноз, жайылған формасы
С. Лакунарлы ангина
D. Созылмалы тонзилит, декомпенсация
Е. Инфекциялы мононуклез

5. Науқас 26 жаста, жедел медициналық жәрдем беру бригадасына қаралды. Дене қызуы 39℃ артралгия, басының ауруы, қайталамалы құсу, ауруының 3 күні кенеттен әлсіздік, дене қызуы қалыпты, бас ауруы, көзінің склерасының сарғаюы. Бауыр қабырға доғасынан +1см шығыңқы. Осы күні кешкісін қозғыштық, айғайлау, адекватты емес, қарауға мүмкіншілік бермейді. Бір сағаттан кейін есін жоғалтқан. Бауыр перкуссиясы- 6-9 қабырға аралықта, несептік катетр жасағанда гематурия . Болжамалы диагноз:


А. Жедел вирусты гепатит А
B. Созылмалы вирусты гепатит В, репликация сатысы.
С. Иерсиноз, гепатитті формасы
D. Лептоспироз, сарғаю формасы.
Е. Жедел вирусты гепатит В, фулминантты формасы

6. Науқас 28 жаста жедел медициналық жәрдем беру бригадасына қаралды. Жедел ауырған, дене қызуы жоғарылаған, бас ауруы, құсу, антибиотиктер қабылдаған. Ауруының 4-ші күні құсу саны көбейді, басы қатты ауырған. Дене қызуы 39,2℃, құсу, бауыр +1,5 қабырға доғасынан төмен , менингиалді белгілер оң, ликвор көрсеткіштері қалыпты, ауруының 5-ші күні сарғаю пайда болады. Қан аралас құсық, гематурия, ауруының 6 күні-қозғыштық, кома, қауіпті синдром, өмірге қауіп төндіретін жағдай:


А. Жедел бауырлық энцефалопатия
B. Жедел бүйрек жетіспеушілігі
С. Бас миының ісінуі
D. ҚШҰ- синдромы
Е. Инфекциялы – токсикалық шок

7. Науқаста 4 ші күн. Лакунарлы тонзилит, регионарлы лимфаденит, дене қызуы 39.5℃ қандай ауруда мұндай жағдай кездеседі:


А. Иерсиноз ангинозды форма
B. Листериоз, ангинозды форма
С. Жедел лакунарлы ангина
D. Созылмалы тонзилит, декомпенсация
Е. Ауыз – жұтқыншақ күл, токсикалық форма

8. Науқас Р. 15 жаста, ауруының 3 і күні қаралды. Жедел ауырған, дене қызуы жоғары, жұтынғанда тамағының ауру сезімі, басының ауруы, парацетамол, ципрофлоксацин қабылдаған. Осыдан кейін денесінде бөртпе бөртпені байқаған. Қарағанда жоғары қызба, теріде майда – дақты бөртпе қызарған түрінде аңқасында ашық қызару, лакунарлы ангина. Қандай ауру деп ойлауға болады:


А. Иерсиноз
B. Псевдотуберкулез
С. Скарлатина
D. Лакунарлы ангина, дәрілік аллергия
Е. Созылмалы тонзилиттің асқынуы, дәрілік аллергия
9. Науқас Е. 20 жаста, ауруының 4 ші күні қаралған. Төс артындағы қысу сезіміне, құрғақ жөтел, жас ағу, дауысының қарлығуына шағымданады. Ауруының 1ші күнінде ампициллин қабылдаған. Бүгін бөртпені байқаған. Қызба, бетінде және мойнында дақты –папулезді бөртпе, өкпеде везикулярлы тыныс. Құрғақ сырылдар. Болжама диагноз:
А. Тұмау , дәрілік аллергия
B. ЖРВИ, дәрілік аллергия
С. Қызылша
D. Иерсиноз
Е. Псевдотуберкулез

10. Науқас 45 жаста, бүгін жедел түрде ауырып дене қызуы 39,5℃ жоғарылап, шаршағыштық, әлсіздік, бас ауруына шағымданады. Көз алмасын қозғалтқанда ауру сезімі, тәбеті кенеттен төмендеген, мұрынмен тынысы қиындаған, аңқада жайылған гиперемия, болжама диагноз:


А. Тұмау
B. Иерсиниоз
С. Менингит
D. Менингоэнцефалит
Е. Вирусты гепатит


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет