Жеңіл атлетика



Pdf көрінісі
бет23/109
Дата22.04.2020
өлшемі1,47 Mb.
#63801
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   109
Байланысты:
жеңіл атлетика лекцияя

 
 
Қысқа қашықтыққа жҥгіру техникасы 
 
Қысқа қашықтыққа жүгіру немесе спринт: 60, 100, 200, 400 
метр.  Англияда,  АҚШ-та,  Австралияда  және  кейбір  басқа 
мемлекеттерде  спринт  бойынша  жарыс:  60,  100,  220,  440  ярдта 
ӛткізіледі. 
Ярд 
пен 
метр 
арасындағы 
айырмашылық 
тӛмендегідей белгіленеді: 
100 ярд = 91,44 м; 100 м =109,36 ярд;(+0,9с). 
220 ярд = 201,17 м; 200 м =218,72 ярд; (-0,1с). 
440ярд = 402,34 м: 400 м = 437,44 ярд; (-0,3с). 
Егер спортшы 100 ярдты 9,2 с жүгірген болса, онда желаяқ 
100 м есептегенде (9,2 +0,9) =10,1 с. 
Қысқа  қашықтыққа  жүгіру  тарихы  ежелгі  Олимпиада 
ойындарынан бастау алады. 
Стадияға (192,27м) және  екі  стадияға жүгіру гректерде ӛте 
әйгілі  болған.  Сонымен  қатар  ежелгі  атлеттер  тек  жоғарғы 
сӛреден  ғана  емес,  тӛменгі  сӛреден  де  шыққан.  Тӛменгі  сӛреде 
ерекше мрамор немесе тас плиталарын қолданған. 
Ең алғаш жеңіл атлетика Америкада пайда болғанда. қысқа 
қашықтыққа жүгіруде  еркін сӛре қолданған. Бірте-бірте жоғары 
сӛреден  шығуға  қол  жеткізді.  Біздің  уақыттағы  І  Олимпиадада 
алғаш  рет  Т.  Берк  ресми  жарыста  тӛменгі  сӛреден  шығуды 
кӛрсетті, 
дегенмен, 
1887 
жылы 
әйгілі 
американдық 
жаттықтырушы Мерфи мен оның отандасы Шерилл екеуі сынап 
кӛрген  еді.ХХ  ғасырдың  30  жылдары  пайда  болған  сӛрелік 
колодкалар тӛменгі сӛрені іске асырды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


37 
 
Қысқа  қашықтыққа  жүгіру  жеңіл  атлетиканың  басқа 
түрлеріне қарағанда әйелдерге қатысуға болатын  жеңілдеу түрі 
деп қаралған .Олимпиадалық ойындарға 1928 жылы қосылды. 
Ресейде  спринтерлік  жүгіру  кейінірек  тарады.    Алғаш  рет 
Ресейде  ресми  жарыс  болып  1897  жылы  ӛткізілді,  онда:  300 
футқа жүгіру (91,5 м); 188,5 сажения (401,5 м) жүгіру енгізілді. 
Қысқа қашықтыққа жүгіру – жеңіл атлетиканың кӛп тараған 
түрі.  Қысқа  қашықтыққа  жататын  жүгірудің  классикалық 
түрлері:100  м,  200  м,  400  м;  Эстафеталық  жүгіріс  4x100,  4x400 
метрлік болып келеді. 
 Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз 
уақытта  тиімді  пайдалану  қажет.  100  метрге  жүгіру  кезінде 
кейбір  қашықтық  аралығында  әйелдер  11,6  м/с  жылдамдық 
кӛрсетеді, ал ерлер 10,6 м/с. Бұл жүгіріске тән нәрсе аяқтың қуат 
күшімен  жұмыс  істеуі,  ӛте  жедел  қимыл  жасау,  сонымен  қатар 
бұлшық  етті,  буынды  босаңқы  күйінде  сақтап  жүгіру.  Қысқа 
қашықтыққа жүгіруді тӛрт кезеңге бӛлуге болады: 
-  сӛре (жүгірудің басталуы) 
-  сӛрелік қозғалыс ( старттық қозғалыс) 
        -  қашықтық бойымен жүгіру 
- мәре (финиш) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет